Тәрбие сағаты Ана өмір шуағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - Ұлболсын: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 -Мансур: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жүргізуші: Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем әділдікті ұғамын

Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған!!!

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен абзал аналар,асыл қыздар!Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі»8 Наурыз Аналар күнімен»құттықтап,әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз көктем күніндей шуақты көктем гүлдеріндей нәзік те жайдары болсын деп тілейміз Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Айдос
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Шыңғыс

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Ерасыл

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.


Ұлболсын\
Қандай бала болмайық

Анамызға балдаймыз

Көтерейік көңілін

Ән салайық бәріміз!!!
Ән: «Айналайын мама туған күніңмен»




Ильнара: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Тәрбиеші\ Көктем келіп осы сәт

Боямаққа сайланды

Аппақ орман әп-сәтте

Жасыл түске айналды

Ішке вальс әуенімен Көктем кіреді

Көктем\ Сәлем сәлем балақайлар

Әзиз әже назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар алақайлап

Жерге кілем жаба келдім

Құстар әнін ала келдім

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнге сала келдім

Тәрбиеші\ Қош келдің Көктем! Төрлет! Балалардың өнерін тамашала!

Тәрбиеші\ Би «Қытай сұлулары»

«Жарайсыңдар қыздар! Ал балалар «Көктем аруы» сендерге ойын ала келіпті

Көктем аруы\ Балалар бұл ойын «ГҮЛ ШОҒЫН ЖИНАУ» деп аталады кәнекей кім көп гул жинайды екен көрейік! Мына себетке гүл шоғын жинайық
Тәрбиеші\
Жарайсыңдар балалар!

«Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»

Тәрбиеші\ Би»Соңғы вальс» тамашалайық!!!

\Мансур-Ақерке

Қайсар-Назерке

Ерасыл-Ұлболсын

Шыңғыс-Жансая

Тәрбиеші\Жарайсыңдар балалар ду қол шапалақ!

Ортаға
Екі аспазшы шығады.біреуі ең басты аспазшы\
Біз - екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті қуырып
Балаларға бересіңдер деп


Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Жеміс - жидектер»
Ойын біткен соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар шығады:

Тәрбиеші\ Осы күнді бар бала

Тағатсыз-ақ күткенді

Сыйлықтарын сіздерге

Өз қолымен жасаған

Сыйлайтұғын сәт келді

Тәрбиеші\ Құрметті аналар! Балаларымыздың сіздерге әзірлеген шағын ғана ертеңгілігіміз аяқталды Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын құрметті аналар!!!

������� ��� dle������� ������



© 2010-2022