Шағын орталық Ш дыбысы мен әрпі Сауат ашу пәні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.

  • Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

    1. Негізгі бөлім.

1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

  • Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

  1. Жұмбақ жасырады.

Мысалы:

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.

(Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

  • Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.

Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейін.

(Қимылмен көрсету).

Тіл ұстарту жаттығуы.

Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.

  1. Дәптермен жұмыс.

Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ,ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.

  1. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

III. Қорытындылау.

  • Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

  • Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?

Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

  • Шана сөзінде қанша буын бар?

Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.







© 2010-2022