Консультация для молодых специалистов

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балабақшада қазақ тілін дамыту мәселелері .

Жас мамандарға кеңес,

ҚМҚК «Айналайын» балабақшасы

Қазақ тілі мұғалімі; Күмісбаева Г.С.

Халық байлығының асыл қазынасы - рухани тіл. Оны меңгеру бесік

тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада жалғасын таппақ. Қазақта

«Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша

табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре

білетін болсақ, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. Сондықтан тіл тағдырына

терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі

талап, міндеттер үнемі жаңа, заманауи бағыттар бойынша жүзеге асырылуы

керек.Қазақ тілін үйретудің түп негізі - балабақшада.

Сондықтан жас мамандарға бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрету үшін төмендегідей кеңестер беремін

*. Сөйлеу аппаратын дамыту (артикуляциялық аппарат, дұрыс тыныс алу)

және соның негізінде дыбыстың, сөздің айтылуын, нақты артикуляциясын

қалыптастыру;

* Сөзді қабылдауын дамыту.

*«Сөздің дыбыстық жағын игеру -балалар үшін күрделі үдеріс. Бұл

үдерісті былай анықтауға болады:

- сөздің қалай дыбысталатынын тыңдау арқылы;

- дыбыстарды дұрыс айту және ажырату арқылы;

- сөз ішінен дыбыстарды өздігінен танып, оңай ажыратып алу;

- сөздерді актив қолдану арқылы.

* Дыбысталуы бір-біріне жақын, шатастыратын дыбыстарды

ажырату бағытында жұмыстар жүргізу.

*Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру үшін, яғни қазақ тіліне тән тоғыз

дыбысты айтуға жаттығулар арқылы үйретуге болады.

Ә; І; Ң; Ү; Ұ; Қ; Ө; Ғ; Һ

*Айнамен жаттығулар орындату дыбысты таза, анық айтуға жаттықтыру

*Бала қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: айтылым,

тыңдалым, оқылым және жазылым.

1. Оқылым: дауыс ырғағын дұрыс келтіру, оқылған мәтіннің мазмұнын

түсіну:

2. Жазылым: Заттарды түстеріне сәйкес бояу:

3. Тыңдалым: Лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік

сөйлеуді меңгеру.

4. Айтылым: өз ойын, пікірін жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға

жауап қайтара білу.

* Есту зеректігін қалыптастыру,сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Сөздік жұмыстарын жүргізу

*Дыбыстың сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтылуын қалыптастыру жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер, түрлі тапсырмалар орындау бағытындағы ойын жаттығулар бойынша жүргізу

*Оқу іс-әрекет барысында ертегіні қалай қолдану керек.

1. Оқимыз.

2. Ертегіні аудио таспа арқылы тыңдаймыз.

3. Ертегіні интерактивті тақтамен көру.

4. Ертегіні кейіпкерлерге бөлу.

5. Ертегідегі тән дыбыстармен тілдерін жаттықтыруға

арналған жаттығулар жасату.

6 Ертегіні сахналау

* «Сөзбен ойнау арқылы ғана бала - тілдің нәріне ғана сусындайды, оның

сазды үнін жанына сіңіреді» - деген ұлағатты қағида бар.

Қазақ тілін үйретуде ойын элементтерін қолдану өте тиімді. Ойын арқылы

бала бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығы игеріледі,ақыл- ойы жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіреді. Саусақ театры арқылы ойнатуда тілдік қарым-қатынаста түсіну дағдыларын дамыту жұмыстары жанданады.( Тек қазақ тілінде түсіндіру)

*Өткен тақырыпты қайталау кезінде міндетті түрде ұжымдық жұмыс түрін пайдалану..

Сондай-ақ, балабақшадағы әрбір педагог қазақ тілін үйрету үшін өз үлесін

қосуға тиісті.

*Қазақ тілі мұғалімінің басты міндеті:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.

*Мамандармен тығыз байланыста болу,олардың міндеттерін айту

*Ән жетекшісінің міндеті:

- Әнді балаға үйрету кезінде баланы айналасындағы қызықты нәрселерге

көңілін аудара отырып, қазақ тілінде айтылатын әндерді ойынмен

байланыстыра отырып, бойларына сіңіру;

*Психологтың міндеті:

- педагогикалық процестер барысында баланың көңіл -күйіне мән беру;

- жағымды мінез танытып, жағдайын қазақ тілінде сұрап білу.

*Дене шынықтыру мұғалімінің міндеті:

1 жасалатын жаттығуларды, ойындарды қазақ тілінде түсінікті, нақты

жеткізу.


*Ата- аналармен бірігіп жұмыс жасау,

  • Ата- аналарға аранлған конференциялар, олармен бірлесіп әр түрлі іс шаралар,ұлттық нақыштағы отбасылық кештер өткізіп отыру.

  • Ата- аналар қауымын ақпараттандырып отыру.

  • Ұжымдағы қызметкерлермен тығыз байланыста болып,әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.

  • Қалалық,облыстық, республикалық көлемінде іс- тәжірбие жинақтау.




© 2010-2022