Тәрбие сағаты: Біз Тәуелсіз елдің ұландарымыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: Біз Тәуелсіз елдің ұландарымызХасенова Г.К.

БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫМЫЗ.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:балаларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктермен таныстыру,өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру,білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы:болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын,достық пен өзара сыйластық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелігі:балаларды елді Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,Отанымыздың байлығын қорғауға және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруіне құштар патриоттық күш-қуаты мол болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілік:батырлар туралы слайдтар,суреттер,плакаттар,нақыл сөздер,шарлар.

Сабақтың барысы.Кіріспе.

(Залға музыкамен балалар кіреді.Залды бір айналып шығып,жарты шеңбер болып тұрады)

Жүргізуші:Армысыздар,құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар.Еліміз егемендік алып,тәуелсіз мемлекет болдық.Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер.Өмірлерің мәнді де сәнді болсын,аспанымызды бұлт шалмасын. Тәуелсіздік - ата-бабамыздың ежелден аңсаған арманы.Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және қайыспас қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.Қазақтың байтақ жері үшін ата-бабаларымыз қан төкті.Сондықтан да,Тәуелсіздік - баршамыз үшін қасиетті күн болмақ.

Байлығы қазағымның кең даласы,

Ырыстың ұясындай сай-саласы,

Туған жер қасиетіңнен айналайын,

Таусылмас ұрпағымның қазынасы,-дей отырып «Біз - Тәуелсіз елдің ұландарымыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын.

Әнұран орындалады.

(әуен ойналады,оқушы өлең оқиды)

Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

Мен - қазақпын,ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен.

Мен - жігітпін,айқасқа сыңға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде,шың ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам,қыран боп шыңға шықтым.

Жүргізуші:Балалар,орындарыңа отыруларыңа болады.Тәуелсіздігіміз үшін тек батырлар ғана емес күреске түскен,сондай-ақ би-шешендерімізде өздерінің қара қылды қақ жарған қайратты сөздерімен хан,батырларды демеп отырған.Олар ұлы жүз биі - Төле би,орта жүз биі - Қазбек би және кіші жүз биі - Әйтеке би.

Ойды қозғап жасынан,

Қайта туған ғасырым.

Төле би мен Қазбек,

Әйтеке би асылым.

Ортаға үш биімізді шақырайық.

Төле би:

Уа,халайық,сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Сөз танығыш жастарға айтатын,

Он түрлі кеңесім бар.

Қазбек би:Ұлы аға бір кеңесті мен айтайын,рұқсат етіңіз.

Төле би:Рұқсат,рұқсат.

Қазбек би:

Өркенім өссін десең,кекшіл болма,

Кесапаты тиер елге.

Елім өссін десең,өршіл болма,

Өркеніңді өшіресің.

Төле би:Дұрыс айтасың.Ал Әйтеке би сен не дейсің?

Әйтеке би:Уа,халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Ту көтерген елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

Жүргізуші:Балаларымыз бабаларымыздың жақсы дәстүрін бойларына сіңіріп,жамандықтан аулақ,елжанды ұрпақ болсын деп тіледі.

Өздеріңіз білесіздер 1916 жылы ұлт азаттық көтерілісі болды.Батыр аталарымыз кең байтақ жеріміз үшін шайқасқа түсті.Сол кезде қазақ жері үшін бастарын қатерге тіккен қазақ батырларының бірі Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы болды.

Осы кезде ортаға қазақ батырлары шығады.

Би: «Қазақ батырлары»

1941-1945 жыл.Ұлы Отан соғысы.Жер үшін,ел үшін қаншама қазақ батырлары қан төкті.Солардың бірі қазақтан шыққан батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. (Батыр қыздар шығады)

Би: «Катюша»

Біздің тәуелсіз еліміз - бай әрі,қуатты ел.Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді.Әркім қалаған еңбегін істеуге,білім алуға,демалуға ерікті.Қазақстан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің құрамына кірді.Қол жеткізген мол жетістіктерге оңайлықпен жеткен жоқ.Талай қиыншылықтарды бастарынан өткізіп, тәуелсіздіктің жолында аталарымыз,ағаларымыз,әпкелеріміз өз өмірлерін құрбан етті.Әр өткен жылдың өзіндік ұмытылмас тарихи оқиғалары бар.Оны біз әрқашан ұмытпай есте сақтауымыз керек.

1986 жыл,16 желтоқсан.Өкімет басына тек қана қазақ азаматы болуы керек деген мақсатпен Ляззат пен Сабира,Қайрат Рысқұлбеков көтеріліске шықты.Осы көтерілістің соңы қазақ жеріне Тәуелсіздікті алып берді.Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұландары,болашақ батырлары міне,алдарыңызда.

Марштық ән: «Солдат болам мен ертең»

(Ортаға балалар шығады)

-Балалар,Отанымыз,еліміз жайында не білесіңдер?

-Біздің Отанымыз Қазақстан!-Ұлтымыз қазақ!-Қазақ тілінде сөйлейміз!-Қазақстан Республикасының Президенті-Н.Ә.Назарбаев.-Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері:Ту,Елтаңба,Әнұран.

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім - Әнұран,Ту,Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Қатар шапқан қос қыран,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп,

Отан менің ата - анам,

Отан - досым,бауырым.

Отан - өлкем,астанам,

Отан - аудан,ауылым.

Би. «Қамажай»

Ән. «Атамекен»

Жүргізуші:Міне,құрметті қонақтар!16 желтоқсан Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!Елімізде тек тыныштық болсын!Қазақстанымыздың көк туы желбірей берсін!



























































































































































Мен мектепте оқимын,

Інім болса бақшада,

Ақ мамама кім жетсін,

Әлемдегі жақсы ана!

Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың,

Мектебіме барарда,

Мейірлене қарайсың.

Бәрі жақсы маманың,

Бәрі де оның керек-ау,

Бірақ әрбір баланың

Өз мамасы бөлек-ау.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз,

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбәт мамам,әй мамам,

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым,күнім»дейтін

Бізді өсірген,маматай

Еңбегін де зор екен

Құтты болсын,маматай,

Құтты болсын,мерекең!

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз,

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз!

Шаттыққа бөлеп таңы біздерді,

8-ші Наурыз келді.

Аналардың мерекесімен

Құттықтаймыз бәріңізді енді.

Анашым,анам!

Ризамын саған,

Тіліңді алам.

Ақылды болам.

Мамаларды мүйеміз,Сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Анашым,анам!

Ыстықсың маған.

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған

Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне

Тіс ауырса,іш ауырса,

Мамам дәрі береді,

Барлық ана,барлық бала

Оны жақсы көреді.

Алақай-ау,алақай,

Үйге келді мамамыз.

Міне қандай тамаша,

Мәз-мейрам боп қаламыз.

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын,ақ мамам

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Айтсаң болды тіл алам,

Сені көрсем қуанам,

«Ботам» деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені,өйткені,

Өте жақсы көреді.

: Ақ



ЖЫЛ БАСЫНА ТАЛАСҚАН ХАЙУАНАТТАР.

Ертегі.

Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты.

Сонда жылқы айтыпты:

-Ио,ио,ио!Мен алысты жақын қыламын.Күшімді көреді,сүтімді ішеді,қылыма шейін арқан,жіп еседі.Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын,-дейді.

Сонда түйе айтады:

-Ыф,ыф,ыф!Сен адамның жұмысын қылсаң,сұлы,шөп асайтын тамағың үшін құл болдың,міне,сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,неше айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп арпа,сұлы сұрамаймын.Көде болса көде,жусан болса жусан,не кез келсе,соны қорек етіп,табылса су ішіп,табылмаса шөлде де жолға жүре беремін.Жыл басы болу маған лайық, - дейді.

Сонда сиыр:

-Мө,мө,мө!Адам егін ексе менімен егеді,сүтімді ішеді,құрт,май істейді.Жыл басы болу маған лайық,-дейді.

Сонда қой:

-Мә,мә,мә!Мен болмасам,қазақ үйін немен жабар еді,жүнімді алып киіз басады,жабағымнан киім тігеді,арқан,жіп еседі.Сүтімнен құрт,май алады,шаруаға менен пайдалыларың жоқ,-дейді.

Сонда ит:

-Аф,аф,аф!Мен болмасам,сендердің көбіңді не ұрлап,не қасқыр жеп тауысар еді.Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын,дұшпан көрінсе үріп,абалап,иеме хабар беремін,-дейді.

Сонда әтеш:

-Ку-ка-ре,ку-ку!Ку-ка-ре,ку-ку!Мен болмасам,адам жұмысына бармай ұйықтап қалар еді.Мен таңертең тұрып,таң атты деп шақырып,хабар айтамын.Кеш болса,жатар мезгіл болды деп,тағы шақырамын,-дейді.

Тышқан не айтарын білмей тұрды да,бір түрлі қулық ойлап,жиналған көпке былай деді:

-Бұл таластан ешнәрсе өнбес,қарап тұралық та жылды кім бұрын көрсе,сол жыл басы болсын,-дейді.

Өзгелері жыл қарап тұрғанда,түйе өзінің бойына сеніп, «Менен бұрын кім көреді» деп тышқанның сөзін қоштап,бәрі қарасып тұрады.Біраздан соң тышқан жорғалап,түйенің үстіне шығып,өркешінің басына мінеді де,отыра береді.Көп хайуан таласып, «біз көреміз,біз көреміз» деп тұрғанда,ең биікте отырған тышқан ешнәрсе демепті.

Сонан соң бәрінен тышқан бұрын көріп,хабар беріп,жыл басы болыпты.Түйе бойына сеніп құр қалыпты.









«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі»ММ





БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫМЫЗ!

























2015-2016 оқу жылы





© 2010-2022