Тәуелсіздік тұғырым атты іс-шара

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балабақшада «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілік өтті

Жуырда №2 «Айгөлек» балабақшасының даярлық «а»тобында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілік өтті. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін-біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік күні»Конституциялық Заңының 1991жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде. Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелей отырып,яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізді балабақша ішінде ертеңгілік өткізіп отырамыз. Сол кездегі желтоқсан оқиғасын балалар рөлге сомдап көрсетті. Қайрат Рысқұлбековтың рөлінде Нұрдаулет, Қайраттың жеңгесінің рөлінде Самира,тергеушінің рөлінде Теміржан, милеционердің рөлінде Ислам мен Иманғали.Ертеңгілікке келген ата-аналар мен қонақтар тәрбиешілерге,балаларға алғыстарын білдірді.

Анар Еденова

№2 балабақша тәрбиешісі.

© 2010-2022