Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ТанымҰшады, жүзеді, жүреді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Таным»

Кіші сала: Қоршаған орта

Тақырыбы:Ұшады, жүзеді, жүреді

Мақсаты: Табиғаттың барлық тіршілік иелері жүретінін, ұшатынын, жүзетінін түсіндіру

Көрнекіліктер: суреттер,ойыншық көліктер

Билингвальдық компонент: ұшақ- самолет, қайық- лодка, көлік- машина

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Таңғы шеңбер:

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатпен дос болып,

Қамқорлықпен қараймыз!

Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталап, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар мына суретке қараңдаршы, мұнда сендер не көріп тұрсыңдар?

Балалар бұлар қалай қозғалады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Бұларды бір сөзбен, жалпы не деп айтады?

Балалар қараңдаршы,кішкентай көжек адасып келіп қалыпты. Ол анасына барғысы келеді екен.Бірақ оның анасы орманда,ал орман өте алыс.Ол бізден орманға жету үшін көмек сұрап тұр.Көжекке көмектесеміз бе? Алдымен біз орманға ұшып барамыз.

Алдымыздан құс шықты.Оның бізге тапсырмасы бар екен.

«Не қайда өмір сүреді?»

Ары қарай біз жүзіп барамыз.

Балықтың тапсырмасы: «Балық аулау»

1.Машина,кеме,ұшақ бұларды жалпы атаумен не деп атайды?

2.Ұшақтардан басқа тағы да не ұшады?

3.Жұмбақ:

Аспанда жүзеді,

Қанатын қақпайды.

Жерде де жүреді,

Бауырлап жатпайды.

(Ұшақ)

Сергіту сәті:

Ал, паровоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Ал енді біз аяғымызбен жүріп барып,мысықтың берген тапсырмасын

Ойын. Су, жер, аспан. Ойын шарты: «Су» -деген сөзді айтқанда суда тіршілік ететін, «Жер»-дегенде-жерде тіршілік ететін, «Аспан»-дегенде аспанда ұшатын тіршілік иелерінің суретін көрсетіп айту. Суда балықтардан басқа не болуы мүмкін?

  • Суретте қайықтың, ұшақтың, машинаның суреті бейнеленген.

  • Қайық жүзеді, машина жүреді, ал ұшақ ұшады.

  • Көліктер


Балалар тапсырманықызыға орындады.

-Иә,көмектесеміз.


Слайд

Балалар қимылмен көрсетіп жүзеді.

Балалар балықты қызушылықпен аулап,тапсырмаларды орындайды



Сергіту сәтін қимылмен жасап көрсетеді.


Рефлексивті-түзету

Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?Мен сендерге мына кішкентай балықтарды таратып беремін,сендерге сабақ ұнаса бұл балықты көңілді балықтың қалташасына саламыз, ал ұнамаса көңілсіз балықтың қалташасына саласыңдар

Балалар өз жауаптарын айтады.

Балықтарды өздері қалаған балықтың қалташасына салады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Көлік деген жалпы ұғымды ұғынады.

Түсінеді: Тіршілік иелерінің жүретінін,ұшатынын,жүзетінін түсінеді.

Қолданады: Көлік деген жаңа ұғымды сөздік қорларында қолданады.




© 2010-2022