Ашық сабақ Үй жануарлары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Үй жануарларыАшық сабақ Үй жануарлары

Алматы облысы

Қарасай ауданы

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»
















Тақырыбы:









Тәрбиешісі: Мырзахметова М.А.





2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып ,жануарлар туралы айту білігін бекіту.

  • Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін

  • Зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білу іскерлігін дамыту

  • Және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

  • Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері:

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Әжең келсе, есік аш,

Қасқыр келсе мықтап бас.

Бас бармақ, Балалы үйрек ,

Ортан терек, Шылдыр шүмек ,

Кішкене бөбек.

Сен тұр-қозыңа бар!

Сен тұр қойыңа бар!

Сен тұр-сиырыңа бар!

Сен тұр-жылқыңа бар!

Ал сен қария,

Қазан түбін жалап ,

Үйде жат.

Жұмбақ: Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Басында таяғы бар, төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар, иегінде сақалы бар. (Ешкі)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар, бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)

Үй жануарлары түсіндіремін: Үй жануарлары-қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар : сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, есек, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіремін:

Қарға баласын «аппағым» дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым»дейді.

Жануарлар да баласын жақсы көреді, еміренеді.

Ал адамдар балаларын

Еркелетіп «күнім», «алтыным»деген сияқты көптеген сөздерді айтады.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!»

Жеке және көпше түрде айтуды үйретемін:

Жайлауда үй жануарлары жайылып жүр.Жайлау көрінісі ,қазақ үй муляж жануарлар ойыншықтары т.б. 1 түйе,1 қой, 1 ешкі немесе 2-3 көп жылқылар , сиырлар.

Бой сергіту жаттығуы. Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!

Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па?

Қай тай лақтай, Қай лақ бармақтай?

Ойын: «Даусынан таны»

Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып , бір баланың көзін байлаймын. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы екекнін табады .

Қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балалардың жауаптарына

ризашылық білдіріп ,мақтау , мадақтау.

© 2010-2022