Дошкольное образование Даярлық математика

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дошкольное образование Даярлық математикаДошкольное образование Даярлық математикаДошкольное образование Даярлық математикаҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Күні

Білім беру саласы: Таным Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: Заттардың қасиеттері Мақсаты:

1.Баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы анықтау.

2. Заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.

3. Балаларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Сан, есеп,үлкен, кіші.

Технологиялық қамтамасыз ету: көрнекілік, суреттер

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық оятушылық

Балаларды әліппе-дәптер, үлестірмелі материалдар және жазу дәптер секілді оқу құралдырымен таныстыру қажет. Шартты белгілерге тоқталады. Сол белгілерге балалар назарын аударады, бұл тапсырма балалар не істеу керектігін айтып береді. Сабақта дәптерлердегі оқу материалдарын енгізе отырып, ойындар өткізіледі.

Балалардың көңілдері көтерілді.

Балалар оқу құралдарымен танысады



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сабақта есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша балаланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар тәсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізеді.

Мысалы:

-Бірінші суретте балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.

-Екінші суретте- суреттші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған, қай жері дұрыс емес екенін айтады. Белгілер бойынша затты табады. (дөңгелек, кіші, қызыл).

-Үшінші суретте заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.

-Төртінші есеп, мұнда конструктордың бөлшектерін санау қажет. Санау қатармен сурет-жоспар боялады.

Оқу жылының басында заттарды санау, түрлі заттардың санын салыстыру, артық(кем) немесе тең екенін анықтауды балалардың барлығы меңгеру деңгейін, есептеу, қосу, көзбен мөлшерлеу немесе сандарды салыстыру секілді амалдардың қайсысын пайдаланатынын, заттардың және олар алып жатқан аудан мөлшеріне мән берместен жиын санын салыстара алатынын тексерген жөн.

Балалар заттарды

санайды салыстырады.

Балалар түсініктерін айтады.



Балалар «Мынау қандай зат екенін тап» ойынын ойнайды.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.

Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар:

- Мұнда үлкен (кіші) матрешкалар қанша?

- Көк шаршы көппе, қызыл шаршы көппе?

- Текшелердің сарысы көппе, жасылы көппе?

Балалар есептеуді қалай меңгергенін және қай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігін тексеру барысы көрсетеді.

Балалардың білімді меңгерудегі жетістігін анықтау үшін, мұндай тексеруді екі-үш айдан кейін қайталауға болады.

Балалар есепті шығарады.

Қорытын

дылау. Өзін-өзі бағалау

Қима үлестірмелі материалдардан тұратын кесте осы және келесі сабақтарда түс туралы, түстің атауы туралы түсініктерді бекітуде қолданылады. Бұл кестенің көмегімен ұстаз түстерді ретімен қайталап шығады. Түстің ашық және қою реңктері туралы түсінік беріледі.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Білуі тиіс: заттардың қасиеттерін білу.

Түсінігі: пішін және түс туралы анықтау.

Көрсете білуі: заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Байжуминова Бақыт Адамбековна



© 2010-2022