Өзін-өзі тану Отбасындағы сүйіспеншілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасында адам бойындағы
асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Пәні:Өзін-өзі тану.

Сабақтың тақырыбы: "Отбасындағы сүйіспеншілік"

Мақсаттары: оқушыларға "отбасындағы сүйіспеншілік" ұғымы туралы түсінік беру. Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

Тәрбиешілік: сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту:

сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.

Қажетті құралдар :

оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері, интерактивті тақта, шарлар, гүлдер,

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Ата-ананы құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ - өзін-өзі тану сабағы. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.

- Сәлеметсің бе, Ақниет, сен сүйкімдісің.

- Сәлеметсің бе, Дастан, сен қайырымдысың.

- Сәлеметсің бе, Жаннұр, сен ақылдысың.

- Сәлеметсің бе, Нұржан, сен мейірімдісің.

Балалар орындарына жайғасады.

Әңгімелеу: - Балалар, «өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.

Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін. Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады. Интерактивті тақтадан отбасына жататын адамдардың суреттері көрсетіледі.

Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні-қарындастарымыз және өзіміз жатамыз.

Дәйексөз: - Отбасы - ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

Өзін-өзі тану Отбасындағы сүйіспеншілікӨзіммен - өзім: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.

«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.

1.бала «Менің апам»

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

3 бала

Папамызға еркелеп,

Мамамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызға сыйлаймыз.

2.бала

Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге,

Шәй қайнатып береді,


Біздің үйдің бәріне.

Дәптермен жұмыс.

Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар. (әуен қойылады).

Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т.б. айтылады.

Балалар, енді ән орындап көңіл-күйімізді көтереміз. Хор.

Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

Айтары мол ғұлама,

Әкесі ол әкеңнің.

Білер оны сұраған,

Көп жасасын бұл адам,

Ол кім? Барлығы - атам.

Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

Атаңның баласы,

Жанашыр ол саған,

Асқар таудай болып

Еркелетіп отырар.


Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? Барлығы - ана. (анасының суретін іледі)

Олай болса аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балапаным, аппағым, ботам, күнім, қозым т.б.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.

Өзін-өзі тану Отбасындағы сүйіспеншілікЖүректен - жүрекке: Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Қорытындылау: Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық деп мен сендерге ризашылықпен сыйлық беремін







© 2010-2022