Естияр тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Естияр тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім:Тіл дамыту

Тақырып: «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың ерекшеліктерін ұғындыру, ойыншықтардың атын атау арқылы тақпақтар айтуға, сипаттауға баулу, ғажайып сәттерді пайдалану арқылы олардың тілін, ой - өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Саяхат, түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап,ойын,

психологиялық - ойын - жаттығу.

Керекті құралдар: Ойыншықтар,ағаштар ,үн таспа,автобус,шеңбершелер,сандық,хат.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мативациялық кезең



Ізденістер. Ұйымдастыру кезеңі



























Рефлесифтік үйлесімділік




Шаттық шеңбері

Қане, балалар, қолымыздан ұстап тұрып, үлкен шар үрлейікші: үф - үф - үф.

- Бізде не пайда болды?

- Міне бізде үлкен шеңбер пайда болды.

- Балалар, бізге терезеден не күлімдеп , жылуын беріп тұр?

- Балалар, күн анамыз бізге нұрын шашып тұр. Қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір - бірімізге жылуымызды алақан арқылы берейік. Сонымен, балалар бүгінгі күніміз сәтті өтуі үшін жақсы тілектер айтайық.

Ал, мен аман, сау болайық деп тілеймін.

Балалар, осы кеудемізге сыймай тұрған жылуымызданқонақтарға сыйлайықйықшы. (бұрылып қолдарынан үрлеутабаққа гүлді салу .)

Енді балалар біз «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» жасаймыз.

- Сендер қиындықтан қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ.
- -Балалар бүгін біз сендермен бірге саяхатқа атанамыз.Саяхатқа дайынбыз ба?

-Бірінші біз саяхатқа аттаңбас бұрын кәне ойланайықшы қандай көлікпен баруға болады?

- Барлығымыз автобусқа мініп жол жүреміз.

1.Тәрбиешінің әңгімесі:

-жақсы онда біз автобус бен аттанайық. Қане бәріміз автобусқа мінейік.

-қолымызды созайық

-автобусқа отырайық

-кеттік міне біз жолға

-аттандық біз саяхатқа.

-ал балалар міне біз саяхатқа аттанып барамыз

-көңіл күйлерін қалай?
- Бағдаршам сен ескертші балаларға:

Балалар:
Алма кезек үш көзін
Айтшы деп ұқ үш сөзін
Тоқта,
Сақтан,
Жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Міне балалар сендер естеріңе сақтап алыңдар

Қанекей балалар енді түсіп орманнан өтеміз.
Ағаш кездеседі. Ағашта алтын сандық тұр екен.
Ой, мынау алтын сандық қой. Алтын сандықта не бар екен, ашып көрейік.

Балалар мына сандық ашылмай жатыр .Балалар мынау не екен ашып оқып көрейік пе?«Мына жұмбақтарды шешсеңдер сандық ашылады »

Балалар ендеше шешіп көрейік.

Жұмбақтар

1.Аяғы бар жүрмейді

Аузы бар күлмейді

Айнымайды бөпеден (Қуыршақ)

Тек сөйлеуді білмейді.

2.Суға салсаң батпайды,

Түскен жерде жатпайды. (Доп)

Жарайсыңдар балалар сандығымызды ашып көрейік .Алақай балалар сандығымыз ашылды.
- Ішінде суреттер бар екен. Кімде-кім осы суреттер жайлы тақпақ өлең айтса оны «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхатқа» жібереміз дейді.


- Ой, бәрекелді!
- жарайсыңдар, балалар!
- Міне ғажайып ойыншықтар әлеміне келдік. Балалар,қараңдаршы,қандай әсем,әдемі ойыншықтар. Міне керемет ойыншықтар түр - түрімен бар екен.
Мына ойыншықтардың барлығы балалар үшін жасалған. Ойыншықтар пластмасса, резиналы және жұмсақ ойыншықты болып келеді.Сендер,олардың қалай аталатынын білесіңдер ме?

-Балалар доптың пішіні қандай?

-Түсі қандай?

-Доптың қимылы қандай?

-Қане,барлығымыз допша секірейік.

«Мен қалай сеземін?» психологиялық ойын - жаттығу.
Балалар ағаштан, пластмассадан, резинадан, жұмсақ материалдардан жасалған ойыншықтарды табу керек.
Ол қандай ойыншық екенін көзін жұмып, сипалау, саусақпен зерттеу арқылы анықтап табу кажет

Сергіту сәті (Аяқпенен топ-топ)

«Ойыншықтарды топтастыр»

1.Жұмсақ

2.Пластмасадан

3.Ағаштан

4.Резинадан


Балалар ойыншықтар әлеміне саяхатымызды жасадық ойын ойнадық,жұмбақ шештік,тақпақтар айттық енді автобусқа отырып балабақшамыға барйық.

Балалар ал енді отыра қойыңдар

Қорытынды:

-Балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Бүгін қайда саяхатқа бардық?

-Дұрыс айтасыздар!

Балалар ойыншықтар бізге не үшін керек?Балалар ойншықтарды әрқашан жинап,орындарына қойып оларды сындырмай күтіп ұстау керек.

Жарайсыңдар бүгін сендер өздеріңді тамаша көрсетіп тәртіптерің жақсы болған үшін мына сыйлықтарды сендерге беремін.Ал балалар енді қонақтармен қоштасайық.

Балалар шеңбер құрып тұрады


- Күннің көзін көріп тұрмыз

Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтқызу.

1.Софья:Деніміз сау болсын!

2. Алихан: Тіл алғыш болайық!

3. Адина: Тату болайық!

4. Аянат: Бақытты болайық!

5.Малика: Бәріміз аман болайық!

6.Дамеля: Әдепті болайық!

7.Диас: Ақылды болайық!

8. Тамир: Тәртіпті болайық!

Иә

-Балалардың жауаптары

Ия дайынбыз,Автобуспен

Көңіл күйіміз өте жақсы









Малика: Гүл.
1. Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Дамеля: Кірпі.
2. Кірпі, кірпі, кірпі.
Үстің толған ине
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
Алихан: Тиін.
3. Үлп - үлп еткен киімді,
Білесің бе тиінді?
Көзі өткір жұлдыздай,
Жүні жібек құндыздай.
Аянат: Алма.

Софья Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірсе,
Ісіп кетер маңдайы









Аю,қоян,пирамида,конструкторлар,машиналар,доп



1.Аяқпенен топ-топ-топ

Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға , бір солға,

Айналайық кел мұнда.

2.Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға , бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

3.Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға , бір солға,

Секірейік кел мұнда.



«Ойыншықтар әлеміне»саяхатқа бардық

Күтілетін нәтиже:Ойыншықтардың дұрыс атауларын,оларды сипаттауды,тез ойлауды.

Білуі:Ойыншықты сипаттауды,таза ұстау керек екенің,олардың аттарын дұрыс айтуды,сөздерден сөйлем құрауды білулері керек. Ойыншықтарды, оларды топтастыруды, Ойыншықтардың түстерін, пішінін айыра білуге меңгерту.

Біледі:Ойыншықтардың аттарын біледі,сөздерден сөйлем құрады,жұмбақтың жауабын шешті.

© 2010-2022