Открытое занятие в старшей группе на тему «Ата – баба дәстүрі амандықтың белгісі» образовательная область Коммуникация

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы : « Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі»

Мақсаты: 1. Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.

2. Баланың сөздік қорынан молайту арқылы,

салт - дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру.

3. Балалардың бойына ата - мұра құндылықтарын

қастерлеуге салт - дәстүрді біліп - үйренуге

тәрбиелейді.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : Түсіндіру, әңгімелеу, ойлын ,

сұрақ - жауап, жұмбақ шешу.

Сабақ көрнекілігі : Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары.

Тәрбиеші: Балалар қонақтарымен амандасайық.

Шаттық шеңбер орындалады.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзген ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Тәрбиеші: Балалар біз ненің ішінде тұрмыз.

Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді.

Балалар киіз үйдің құрал - жабдықтарын , құрлысын

кім біледі атай алады.

( балалар иә, жоқ деп жауап береді)

Тәрбиеші : Дидактикалық ойын: « Киіз үй » ойнатылады.

Көтеріліп шаңырақ ( қолдарын жоғары көтереді)

Уықтары шашалып (қолдарын жоғары көтереді)

Керегелері керіліп ( алақандарын ашады)

Өрім дей болып өрілер ( қолдарын белге қояды)

Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі

туралы түсіндіріп өтейін . Тәрбиеші киіз үйдің

құрал - жабдықтарымен таныстырып , қазақ халқының

салт - дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы

мол мағлұмат береді.

Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді.

  • Кереге, ишаңырақ, уық, босаға, сықырлауық, табалдырық, маңдайша.

  • Киіз үй жабдықтарын атап береді.

Іргелік, туырлық , үзік, түндік, ши, есік.

Сергіту сәті: Кел, балалар тұралық ,

Үлкен шеңбер құралық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құралық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып.

Қазақ үйін құралық...

Тәрбиеші: Балалардан киіз үй туралы кім тақпақтар біледі

жатқа айтады.

1 - бала: Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз. ( Кереге , Шаңырақ )


  1. бала: Тұмсығын тесіп.

Жүннен бұйда есіп

Қазаққа байлады. ( Уық )

3 -бала: Төбедегі көзінен .

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен.

Самал еркін еседі. ( Киіз үй )

4 - бала: Жетпіс екі найзасы.

Біріктіріп тұрады. ( Шаңырақ)

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік.

Ненің құрлысымен таныстық?

- Киіз үйдің қандай құрал - жабдықтарын білдіңдер?

- Киіз үйдің құрлысы қалай аталады екен?

Балалар жауапты топ болып жауап береді.

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Киіз үймен таныс екендеріңді таныттыңдар. Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

Тәрбиеші жұмбақ жасырып сабақты қорытындылайды.

Төбедегі көзінен.

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі. ( Киіз үй)


© 2010-2022