Разработка по казахскому языку Ертегілер еліне саяхат!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегілер еліне саяхат. (ойын-сайыс сабағы)

Зал мерекедегідей безендірілген. Тақтаға шарлар, ертегілерден үзінділер, оқушылар салған суреттер, т.б. ілінеді.

Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа сары, көгілдір, қызыл түсті матамен жабылған үстелге отырғызамыз. Мойындарына осы түспен орамалдар байлаймыз. Ал ортаға әріпті текшелер салынған бассейін қойылады.

Үнтаспадан «Ертегілер» әні орындалып тұрады.

Жүргізуші:

- Құрметті ата - аналар, әріптестер, оқушылар. Бүгін біз ертегілер елііне саяхат жасағалы тұрмыз.

- Ең алдымен ертегілер елііне саяхат жасап, білімдерін көрсететін оқушыларымызды қарсы алайық.

( Әр топ өздерін бірнеше сөзбен таныстырып шығады.)

Топтар өз орындарына орналасып, жүргізушінің тапсырмаларына дайындалады.

Слайдпен жұмыс.

Слайдта «Сүлеймен» патшалығы көрсетіліп, жүргізуші хабарлап тұрады.

Жүргізуші:

- Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, асау теңіз астында су иесі - Сүлеймен патша өмір сүріпті. Оның керемет тастардан жасалған жүзігі болыпты.Ол бір күні асыл тастарын су түбіне түсіріп алып, алтын балықтарын дельфиндерін, су перілерін шақырып,асыл тастарын тауып беруін өтінеді

Сендерге белсенділік танытып, тапсырмаларды жақсы орындау керек.

1. Әріптерді тауып, сөз құрастыру.

(Бассейін шарлар мен доптарға толы, солардың арасында әріптер жазылған текшелер бар. 1-топ «гауһар», 2-топ «меруерт», 3-топ «жақұт» сөздерін құрайды. Әр топтың орындауына байланысты сыйлыққа әріп беріледі. )

Жүргізуші: Енді осы Сүлеймен патшаның жүзігі жарқырау үшін мына тапсырманы орындау керексіңғдер:

2. Г,м,ж әріптерінен басталатын сөздерді айтқызу.

- Ертегі ойынымыздың шарты бойынша осы әріптерден басталатын сөздерді құрап, айтайық. Қай топ тез және көп сөз құрайды?

(Жылдамдыққа, уақытқа әріп беріледі.)

3. Қатемен жұмыс.

Жүргізуші:

- Сүлеймен өз патшалығындағы алтын балықтардың, дельфиндердің, су перілерінің білімдерін тексеру мақсатында, әдейі,қате жазылған сөздер беріп, түзеуге тапсырма жіберді.

- Бассейіннен балықтарды аулап, қате және дұрыс жазылған сөздерге іріктейік.

(бассейінге балықтар тасталады, әр балықтағы сөздер қате және дұрыс жазылады. Балалар балықтарды аулап, оларды іріктеп екі топқа бөліп тақтаға іледі. Әріп беріледі.)

4. Мақалдар сыңарын тауып, оқу.

- Су патшалығында толқындар шатасып, желге қарсы жүреді екен, сондықтан оларды түзегеніміз дұрыс шығар.

(Тақтаға мақалдың басы мен аяғы ілінеді, ол үшін балалар толқындарды түзеп, мақалдарды тұтас оқулары керек. Әріп беріледі. )

5. Мәнерлеп оқу.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, «Қыс» тақырыбына өлеңді мәнерлеп оқиды.

6. Су патшалыған құтқарылған әріптерден сөз құрап, жаңа сөздер құрау.

- Су патшалыған әр топ әріптерді босатып, әріптер әлеміне қайтардық. Ал осы сөздерден жаңа сөздерді тудырайық, белсенділік танытып, қай топ көп сөз жазса сол топ ұтады.

(Уақыт беріліп, әр топ сөз құрап жазғанынша ән орындалады.)

7. Ән «Назқоңыр »

Нагумарова Анеля

Әр топ су патшалығынан сыйлық алады.


© 2010-2022