Қатынас: Тақырыбы: Ғажайып қалта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қатынас: Тақырыбы: Ғажайып қалта.

Кіші сала : Тіл дамыту

Мақсаты: Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету ( мысалы: ақырын сөйлеу ). Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, әр-түрлі заттар суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, ойындар. Сөздік жұмыс: доп, қуыршақ, пойыз. Үш тілділік: Доп-мяч, ball. Қуыршақ-кукла, doll. Пойыз-поезд, train.


Әрекеттің кезеңі.

Тәрбиешінің әрекеті.

Балалардың әрекеті.




Талаптандыру, дәлелдеу.

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң , апай.

Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен жасайды.



Ұйымдастыру ізденіс.

Тәрбиеші ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып: -Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойнымызды қандырады.

Допты сипаттауға тапсырма береді.

-Ол неге ұқсайды?

Қуыршақ

Жуынбайды жуынсақ,

Бұл не деген қуыршақ?

Тығылмайды тығылсақ,

Бұл не деген қуыршақ?

1, 2, 3, 4, 5

Қуыршақтың тұсауын кес,

Қуыршағым қаз-қаз,

Қыдырайық аз-маз

Бұл не?

Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады) Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару.

-Мынау не?

-Кәне, машинаның түсі қандай?

-Ойыншық машина неден жасалған екен?

(Ұстап көру, сезу).

-Ол неге ұқсайды?.

Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу...

Теміржолшы

Мен ең күшті.

Абай болшы,

Менен күшті.

Жол ашып қой, Кім бар? Пыш-ту ! Жер қашық қой! Бөп-бөп-бөп! Бө-ге-ме!

Қызығушылық танытады. Қарайды, жауап береді.

-Доп.

-Шар тәрізді, түсі қызыл, жасыл, әр түрлі болады. Өзі жеңіл. Ол резеңкеден жасалған.


-Қуыршақ.

-Қуыршақтың көйлегі әдемі, қызыл т.б.

-Көлік, қатты заттан жасалған.

-Текшеге ұқсайды,

дөңгелектері шарға ұқсайды.


-Қимылмен көрсетеді.

Қорытынды.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ғажайып қалтадағы заттардың аттарын, түр түсін сұрау. Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

-диалог құрып, сөйлеуге арналған тапсырманы;

Түсінеді:

- ойыншықтар қандай заттан жасалғанын біледі;

Қолданады:

- дидактикалық ойынның шартын түсініп, ойнай білу іскерліктерін.

Есепберу:______________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

© 2010-2022