№3 Ақжелкентобының «Күн, су және ауа біздің досымыз !» атты сауықтыру сценарийі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гимназиясы





Бекітемін

МКҚК «Болашақ» м/д

қазақ гимназиясының

директоры Г.Т. Бултекова

«­­­­­____»__________» _____ж.



Тақырыбы:

«Күн, су және ауа біздің досымыз !»

атты сауықтыру сценарийі.













Тәрбиеші : Еңсегенова Н.

Әдіскер: Утенова А. О.












Құрық селосы

2014ж.





Күн, Су және Ауа біздің досымыз.

Тәрбиеші: Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі «Күн, су, ау біздің досымыз» сауықтыруымызды бастаймыз.

Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді.

Балалар мен сендерге жұмбақ оқимын, мұқиат тыңдап жауабын айтамыз.

Жылт- жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)

Бүлдіршіндеріміздің ау туралы тақпақтарын тыңдайық

Нұрай: Табиғатты білемін
Ауа, су, күн, жер, аспан
Жан-жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұласқан.


Айтнұр: Басты байлық денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.

Жүр: Әнші болғым келеді бұлбұлдайын

Әміредей болуды армандаймын

Қанатымды қондырып ұшқан кезде

Арманыма жақындап қалғандаймын.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүр: Балалар ойын ойнаймыз ба?

Ойын: «Су, ауа, жер»

Шарты: Машинаны, ұшақты, кемені орындарына орналастыру

Жүр: Балалар су - бізге тазалық жанымызға тыныс, сұлулық береді.

Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды.

Балалар су не үшін керек?

Балалар: Жуыну үшін, ішу, тамақ пісіру үшін

Судың түсі қандай?

Балалар: Түссіз

Жүр: Балалар бойымызды сергітіп ойын ойнайық

Ойын: «Перамида» (2 мен 1)

Шарты: машинаны айдап, кедергілерден өтіп шашылып жатқан перамидаларды жинау.

Жүр: Балалар сіздер су туралы мақал мәтел білесіндер ме?

Балалар: ия

Жүр: Ендеше су туралы мақал-мәтелімізді айтайық.

Инара: Су анасы - бұлақ,
Сөз анасы - құлақ.

Раяна: Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.

Әбілмансур: Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.

Жүр: Балалар енді бойымызды сергітіп ойын ойнайық (1 топ пен 2 топ)

Ойын: «Эстафета»

Шарты: Балалар 2 топқа бөлініп шелектегі суды, келесі бос шелекке тасу, қай каманда көп су тасыса сол каманда женімпаз.

Жүр: балалар естіп тұрсындар ма? бізге қонаққа кім келе жатыр екен.

Балалар: буратина

Буратина: Ой-ой, өте қатты ауырып барады.
Жүр: Қай жерің ауырып барады?
Буратина: Тісім, тісім ауырып тұр.
Жүр: Ал, сен тісіңді күніне неше рет жуасың?
Буратина: Аптасына бір-ақ рет.
Жүр: Міне, сондықтан да сенің тісің ауырады. Біз Буратинаға көмектесейік.
Кімді шақырайық?
Балалар: Дәрігерді
Ақ ниет Дәрігер: Біздің бүлдіршіндерге қазір саған тісіңді қалай күте білуін керектігін түсіндіреді.
Тісім ауырмасын десеңіз,
Тәттілердің орнына жемістерді жесеңіз,
Ауырмас - сонда тісіңіз,
Міне, айтар біздің ақылымыз.
Жуамыз тісімізді күніне екі рет,
Тазалаймыз ұзақ тұрып екі минут,
Әрқашанда тәтті, дәмді пастамен,
Тазалаймыз таза щеткамен.

Буратина: Жарайды балалар, енді мен күніне екі мезгіл, таңертең және кешке тісімді тазалап, жуып тұрамын.

Жүр: Буратина сен балалар мен ойын ойнап жібер

Ойын: «Картоп жинау» (3 пен 4)

Шарты; Балаларды 2 топқа бөлініп, 1 бала шеңбердін ішіне картопты ексе, келесі бала картопты жинап келеді.

Жүр: Ал, сен, жаттығулармен айналысасың ба?
Буратина: Жоқ.
Жүр: Әр күн сайын балалар, әр күн сайын!
Басталады жаттығу, әр күн сайын!
Ертеңгілік көңілсіз күшімізді.
Көтереді жаттығу, әр күн сайын!
Әрине, ең маңызды, әр күн сайын!
Жаттығуды жасауға әркім дайын.

Буратина балалар мен ойын ойнап денеңізді бір шынықтырып алыңыз.

Ойын: «Кім шапшан» (1 мен 2)

Шарты: шашылып жатқан кілттерді жинау

Жүр: Күн жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн болмаса адам да, жануарлар да, өсімдіктер де, тіршілік ете алмайды. Өсімдіктер өсіп, дәрмендерге толы жеміс беріп тұрғаны күннің жылуы.

Ой, балалар естіп тұрсындар ма? Жаңбыр жауайындеп тұр.

(жаңбырдын даусымен залға бұлт кірет)

Бұлт: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ләззат (Бұлт): Жазғы бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Қаласам қазір сендерге.

Жаңбыр болып жауамын.

Жүр: Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,

Дабылынды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйірінді соқпай тұр.

Балалар бізде күн жоқ екен, бәріміз күнді қонаққа шақырайық.

Шолпан.(Күн) : Сәлеметсіндерме, балалар!

Мен жарқырап төбеде,

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне,

Бала жанын ұғамын.

Ләззат : Күн, күн тоқтай тұр,

Сөзіме менің құлақ түр.

Ішім толы суға

Сусыз өмір болама?

Жүр: Тыңышталындар, дауласпандар.

Балалар Күн мен Бұлтты татуластыру үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Қол шатыр » (3 пен 4)

Шарты: Балалар жаңбыр жауғанда, барлығымыз қол шатыр болып тұрып қаламыз.

Жүр: Қошақан әнін тамашалаңыздар

Ән: «Қошақан»

Жүр: Күн мен Бұлт балалармыздын тақпақтарын тыңданыздар

Ақерке: Тез жайнатып гүлдерді,

Қуратпайды шөптерді.

Көргенде кір беттерді,

Жуып-шайып өтеді.

Нұрай: Жазды ыстық сүйемін

Сайраңдап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемі

Ақбота: Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Тұнық таза ауамыз,
Сылдыраған судаймыз.

Жүр: Балалар Күн мен Бұлтты ортаға шақырып ойын ойнайық

Ойын: «Қаппен секіру» (4 пен5)

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп қапты киіп, кедергілерден құламай өту.
Ойын: «Карабль» (4 пен 5)

Шарты: Балалар серуендеп жүреді әуен мен абед дегенде 4 адамнан тұрады.

Жүр: Осымен Күн, су, ауа сауықтыруымыз аяқталды.



© 2010-2022