Математика 1ден -10-ға дейінгі сандар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ

Сабақтың тақырыбы : К к дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты : К дыбысы мен әрпімен таныстыру:

К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын сөздік қорын дамыту.

Буын туралы түсінісігін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік ойын.

Керекті құралдар:суреттер,кеспе әріптер,текшелер.

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Амандасу рәсімі

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір,таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.

б) Өткен сабақтарға шолу. - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

″Алма″ сөзін текшемен белгіле.

″Отан″ сөзін әріп таңбалармен тақтаға жаз.

Дидактикалық ойын ″ Сөз ойла, тез ойла ″.

Ойын шарты: Кез келген әріп таңбасын көрсетіп,соған сөз ойлайсыңдар.

Мысалы:( А, О, Т, Р, Ш )

-Балалар,қазақ алфавитінде неше әріп бар,неше таңба бар?

Жұмбақтар:

Әлихан:

Айырға аздап ұқсайтын

Сабы жоқ біреу ұстайтын

Тарақты еске салатын

Қайсы әріп,кім табатын ? ( ш )

Аружан:

Айбалтаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп.( р )

Маржан:

Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп. ( О )

I. Балаларға жеке тапсырмалар

1.Сөзжұмбақ.

2.Буындарды дауыссыз дыбыспен қосу.

3.Жасырынған сөзді тап.

4.Буыннан сөз құрастыр.

II.

а) -Балалар бүгін біздер К дыбысымен танысамыз.К дыбысы дауыссыз дыбыс.Бәріміз к дыбысын айтайық.

- К-к-к Көбелек,күлкі,кірпі сөздерін буынға бөліп,дыбыстық талдау жасаймыз.К дыбысы сөздің басында да,ортасында да,аяғында да кездеседі.

ә) -К әрпінің жазылуын көрейік.Ауада жазу.

Жоғарыдан төмен қарай сызық түсіреміз, солдан көлбеу сызық түсіреміз.Дәптерге жазбас бұрын қолымызды жаттықтырып аламыз.

Сумен кеме жүзіп келеді.

Пеш сияқты пых-пых дейді.

б) Сауат ашу дәптеріннде берілген жаттығуды оқу.

в) К дыбысы бар 2-3 сөзден тұратын сөйлем ойла.

III.Сабықты қорыту.Балаларды мадақтау.


© 2010-2022