Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Баяндама

Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері




Дайындаған: «Асылай» бөбекжай балабақшасының

ағылшын тілі маманы А. Сисенгалиева



2015 жыл

Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.

Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу(лексика мен грамматика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.

Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.

Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.

Жаңа сөздер енгізгенде 5-6 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.

Бұндай қабылдаудың негізгі ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.

Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.

Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.

Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.

Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған-білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар дамыған.

Бала берілген материалды көп мөлшерде миына бекіте отырып сақтауға деген қабілетке ие. Бірақ бұл материал бала үшін меңгеруге өте маңызды рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана болады. Берілген материалды жете меңгерудің ең жеңіл жолы ойын әрекеті болып есептеледі.

Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.

Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.

Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The turnips», «Little mouse», «Old MacDonald» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.

Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек «сезінуге» көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.

Сабақ тәжірибесінде кең қолданысты дәстүрлі халықтық ағылшын ойындары алады.

Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізеді.

Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.

«Ring a ring o'roses», «Oranges and lemons», «Trick or treat» сияқты ойын түрлері, олардың қарапайым мазмұнымен, балаларға жеңіл қозғалыстарымен баланың ойын әрекетіне тартылуын оятады, көңіл-күйін көтеріп, достарымен қарым-қатынасқа дайындығын айқындайды.


© 2010-2022