Тақырыбы: Кел, балақай сайысайық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бақшасы КМҚК







Тақырыбы: Кел,балақай сайысайық







«Кел, сайысайық

балақай»


























Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Өнерге баулу. Сайысқа қатыстыру арқылы қызығушылығын арттырып, тіл байлығын дамыту.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиеші ұстаздар, бүлдіршіндер! Балабақша топтары арасында ұйымдастырылған «Кел сайысайық балақай» атты сайыс-байқауды бастаймыз.

Мен бақытты баламын,

Таудай биік талабым.

Үлкен азамат боламын

Жалын атып жанарым

Жаңа соқпақ салдырған

Мен талапты балдырған

Өнеріммен біліммен

Барша жұртты таң қалдырған-деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

І - «Балауса» тобы

ІІ - «Балдырған» тобы.

Топтар ортаға шығады.

Таңғажайып сәт: Бәйшешек келеді.

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Менің атым Бәйшешек. Менің сендерге әкелген көптеген тапсырмаларым бар:

І-ші тапсырма: «Ана-тілі» тақырыбында тақпақ айту.

«Балауса» тобы: Ана тілім менің,

Әлдилеген әнім

Ана тілім денім

Ана тілім жаным

«Балдырған» тобы: Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді.

Ән: «Ойыншықтар»

ІІ-ші тапсырма: Мақал-мәтелдер айту.

«Балауса» тобы: Оқусыз-білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

«Балдырған» тобы: Ақыл-азбайды

Білім тозбайды.

Ән: «Отан»

ІІІ-ші тапсырма: Жұмбақ шешу.

Жаздай жүріп балға тояды

Қыстай тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Сұйық бірақ су емес

Ақ бірақ, қара емес. (Сүт)

Би: «Ертегі кейіпкерлері»

ІV-ші тапсырма: Екі топ бір-бірден ән айтады.

«Балауса» тобы «Мен бақытты балдырған»

«Балдырған» тобы «Мен әдепті баламын»

V-ші тапсырма: Салт-дәстүрге баланысты

Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдер?

Сайыскерлердің жауаптары.

Би: «Жорға»

VІ-ші тапсырма: Ұлттық тағамдарды ата?

«Балауса» тобы: Қазы-қарта, құрт, балқаймақ

«Балдырған» тобы: Бешбармақ, шұбат, бауырсақ.

Жүргізуші: Сайысымыздың соңын «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындылайық.

Сайыскерлерді марапаттау.



© 2010-2022