Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

Белгілі психолог Л.С. Выготский:

Кіріспе

Логика-ойлау заңдылықтары мен формасы

туралы ғылым: ойлау барысы және ой

түйіні: бір нәрсенің ішкі заңдылықтары.

Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей адам өмірінің алғашқы 20 жылында интелектуалды дамудағы негізі жүреді. Соның ішінде 2-12 жас аралығында қарқынды даму жүреді.

Мектепке дейінгі кезеңде балаларды ұғу, сөйлеу сияқты логикалық ойлау түрі қалыптасады. Мектепте жақсы оқу үшін оқу материалын ұғу үшін мектепке дейінгі балаларда ойлаудың келесі 3 құрамы қалыптасуы керек:

  1. Қарапайым ойлау операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау маңыздыны анықтау, класификациялау және т.б.

  2. Белсенділік әр-түрлі гипотеза құру барысында ойлау барысын шектемеу. Проблеманы шешудің бірнеше жолын таба білу.

Құбылыстарда негізгіні бөлуде себеп болатын ұйымдастырушылық және мақсатқа жетушілік мұндай жағдайда құбылысты анализдеудің жалпыланған сызбасы қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген қасиеттер мектепке дейінгі жаста қалыптасса онда мектепте білім алу процесі оңайға түседі. Егер ойдың бұл құрылымы қалыптаспаса мектепте әр пәннен логикалық ойлауды дамыту үшін арнайы тапсырмаларды беру керек болады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский еңбегінде бала интелекті мектепке дейінгі және оданда жас кезінде қарқынды дамитынын атап өткен. Еске сақтау және қабылдау қабілеттерін сапасын және ойлау қабілетін үнемі дамыту нәтижесі болып табылады.

5-7 жас аралығындағы балалар нақты категориялармен ойлайды кейін формальді оерациялар қадамына өтеді. Бұл белгілі даму дәрежесіне ортақтау абстрактауға өтеді.Мектепке баратын балаларда қарапайым қабілеттер қалыптасуы керек. Олар: өз ойын айта білу берілген тақырыпқа әңгіме құру қорытынды жасау салыстыру сәйкестіру анализдеу ортақ жеке белгілерді анықтай білу, қарапайым заңдылықты анықтау заттар мен қоршаған ортаны зерттеу амалдарын жетік меңгеру.

Сондықтан ойлау қабілеті даму, интеллектуалды дәреже өсу және шығармашылық қабілет қалыптасу үшін келесі жұмыстарды атқару керек.

  • Белгілі мақсатқа жету үшін нысананың байқалмайтын қасиеттерін тауып қолдана білу керек;

  • Балаларға проблеманың түп негізін көруді үйрету, қарапайым құбылыстарда кездесетін әр-түрлі қарама-қайшылықтарды түсіндіре білуді қалыптастыру керек.

  • Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және жетілдіру

  • Балаларға ұсыныс жасауды және тәжірибеде нәтижесін тексере білуді үйрету.

  • Балаларға тек қана ұсыныс жасауды ғана сонымен қатар идеяның ойластырып жоспарлауды үйрету.

Бағдарлама мақсаты- балалардың логикалық ойлауын жетілдіру; логикалық ойлау операциялармен танысу; қоршаған адамдармен өзіне таныс емес жаңалықтарды зерттеуді арттыру; шығармашылық белсенділікті тәрбиелеу.

Нәтижесінде келесі мақсаттар туындайды:

  1. Балалардың мінез құлқын дамытуға арналған білім бағдарламасын құру.

  2. Қоршаған ортаны зерттеуде балаларға максимальді белсенділікті қамтамасыз ету.

  3. Әр баланың жеке қабілетіне байланысты педагогикалық процесті ұйымдастыру амалдары мен мақсатының интеграциональды бағытын құру.

  4. Жасқа сай қабілеттерін ескере отырып білім беру және дамытуды жағымды ұйымдастыру.

  5. Қоршаған ортамен адам өмірінің тығыз байланысы.

Бағдарламаны құрудың принциптері

  1. Жасқа сай қабілеттеріне ұсынылған материалдың балаларға игерімді болу.

  2. Білім беру белгілі ретпен және жүйеленген болу керек

  3. Әр баланың жеке қабілеттеріне байланысты бағдарламаны құру.

  4. Балалардың қызығушылықтарымен сұраныстарын зерттеу.

  5. Көркем безендіру және тәжірибеге қатысу

  6. Проблеманы шешуде жеке және шығармашылық жолмен жету.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманға сай талаптарға байланысты жаңа ұғымға түсінік беретін тапсырмаларды таңдау. Мынадай тапсырмалар балаларды келесі қабілеттерге үйретеді:

  • Заттардың, сөздердің, сандардың белгілірін суреттеу.

  • Берілген белгілер бойынша затты тану.

  • Заттардың, сөздердің, сандардың әр-түрлі және ортақ қасиеттерін анықтау.

  • Заттардың маңызды белгілерін бөле білу.

  • Заттарды, сөздерді, сандарды бір-бірімен салыстыру.

  • Болған жайдың ретін анықтау.

  • Қарама-қайшы құбылыстарды анықтау

  • Заттарды түрге, туысқа, бөлікке, тұтастыққа байланыстарын анықтау.

  • Әр-түрлі ұғымдарға анықтама беру

  • Анализ және синтез сияқты ойлау операцияларын дамыту.

  • Сөйлеу,ойлап табу,тез ұғу қабілеттерін дамыту

  • Бағдарлама бөлімдері баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған

актуальді түсінік беру тақырыптарынан тұрады.

Сабақ жұмасына бір рет жүргізіледі, бірақ балаларға ұсынылған материалдар олардың әр-түрлі іс әрекеттерінде тәрбиешінің таңдауына және қойылған мақсаттарға байланысы білім беру процесін ұйымдастыру әр-түрлі формада болады:

  • Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындау

  • Тәжірибелер

  • Ойындар

  • Жаттығулар

  • Тренингтер т.б

Берілген тапсырмаларды орындалу формалары мен амалдары.

Логика бойынша сабақ бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Білім беру сабақтары. мындай сабақтарда ұғымдар қарастырылады, заттардың белгіліріне анықтама беріледі. Білім беру логика пәнімен және оның негізгі категориялармен танысудан басталады.

  2. Алған білімді бекіту сабақтары. Өтілген материалдарды қайталауды ұсынады. Кейбір тапсырмалар топпен, кейбіреулері тәрбиешімен орындалады екі жағдайдада негізгі бағыт алынған білімге негізделеді.

  3. Қорытынды сабақтары. Мындай сабақтарда балалар ешкімнің нұсқауынсыз немесе ұқсас тапсырмаларды өздігінен орындауы шарт.

Логика сабақтарында бірде бір тапсырма немесе жаттығулар олар терминдер, ұғымдар және т.б механикалық жолмен есте сақтау түрінде жүргізілмейді барлық сабақтар нәтижесінде керекті білім алатын қызықты ойын түрінде жүргізіледі. Тәрбиеші балаларды қойылған мақсатқа жетуде әр -түрлі амалдарды қолдану үшін қызығушылықтарын арттырады. Әр өткен сабақ қызықты, түсінікті болу керек.

1 Бөлім. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады.

Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша тәрбиеленушілері білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы «ойын барлығын да қабылдайды», игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы-балалар үшін ойынның тартымдылығы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.

Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

Логика мәні.

Логика адамның ойлау процесін жан-жақты түбегейлі зерттейтін пән. Ойлау, ой кешу, ой қорыту үрдістері өте күрделі мәселе. Оны көптеген ғылыми салалар өз тұрғысынан қарап, зерттеп жатады. Мысалы, философия, психология сияқты ғылымдар жалпылама түрде ойлау процесін зерттесе, медицина, математика, физика, кванттық механикалар логиканың принциптерін ұстай отырып, өз ғылымын үдете дамытуға жігер алады.

Логикаойлау процесін зерттегенде адамның ой-қорыту қабілетіне әсер ететін ортаны, заттар мен құбылыстарды адамға қалай ықпал ететінін, оның қабылдап қорыту қабілетін және іс-әрекет қолданатынын айқындайтын ғылым.

Логика дұрыс ойлау заңдары туралы жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Логика-өз заңдары, дәстүрлері мен дау-дамайлары бар өзіндік бір ерекше ғылыми сала.

Логиканың ішкі әлеміне ену, оның ішкі үйлесімдігі мен қайшылығын сезіну, өзіндік рухын ұғыну оңай емес.

Анықтама, жіктеп- саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау т.б. логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметіндеұдайы қолданып отырады.

Анықтамаларды жаттап, талдау әрекеттерін орындағанда логикалық амалдар ғылыми дәрежеде ойлау үшін үлкен міндеттер атқарады. Аксиомалар мен принциптерден қорытындылар жасап, теоремаларды дәлелдей отыру үшін логикалық ой-өрісін дұрыстау немесе бекерлеу арқылы анықтау керек.

Математикалық логика дегеніміз- математикалық дәлелдемелерді зерттейтін ғылым. Ол жалпы логиканың математика мұқтаждарына сәйкес дамыған айрықша саласы болып табылады.

Сөйтіп, логика дегеніміз- жалпы танымдағы ойлоудың формалары.



Логика тарихынан қысқаша мәліметтер

Ойлаудың логикалық формаларын арнайы зерттеу қашан, қай елде басталғанын дәл айтатын мәлімет жоқ. Логикалық зерттеулердің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Грекия елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын 5-6 ғасырларда бір бірінен тәуелсіз басталғаны жайында мәліметтер бар. Логика - алғашында жалпы философиялық құрамында таным теориясының бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан логика әуелбастанақ материализм мен идеализм арасындағы ымырасыз күрестің объектісі болды.

Дегенмен, логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп грекияда саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Рас, Ежелгі Грекияда логика саласында ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған атомдық ілімнің негізін салған Демокрит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Платон да айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын жасай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грекияның әйгілі философы Аристотель (б.з.б. 384 322 ж ж) іске асырды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.

Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін жинақталған азды көпті білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық мәселелерін барынша жан жақты зерттеді. Өзі жасаған бұл ңылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Бұл еңбегінде ол өзі ашқан ойқорытындының ерекше формасы силлогизмді жан жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін, т.б. ашып берді. «Софистикалық терістеулер жайында» деген еңбегінде ойқорытынды мен дәлелдеуде кететін логикалық қателіктердің себептерін, оларды ашу жолдарын қарастырды.

Логика мәселелерінде арнайы білім саласы ретінде бөлініп шығуына себеп болған мынадай екі жағдайды атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ежелгі грек ойшылдары таным процесіне талдау жасай отырып, мазмұны әр түрлі ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғышарттардың ақиқаттығына ғана емес, сондай ақ пайымдау барысында олардың арасындаболатын байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді.

Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф. Бэкон өзінің «Жаңа органон» атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп берді.

Ф.Бэконның өз шығармасын «Жаңа органон» деп атауының себебі бар. Аристотель өлгеннен кейін ізбасарлары оның барлық логикалық еңбектерін «Органон» (таным құралы) деген атпен біріктіріп, бір жүйеге келтірді. Аристотельдің логикасының негізгі арқауы силлогизм, яғни, жалпы ойдан жекеше қорытынды шығаратын дедукциялық ойқортындының негізгі бір түрі болса, ал Бэкон бұған қарама-қарсы жеке алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың формасы ретінде индукциялық ойқорытындыны алға тартты. Өйткені сол кездерде дами бастаған капиталистік өндіріс тәсілі тәжірибелік «схоластикалық философия бұрмалап, шындықтан қол үзген шіркеу уағыздарына қызмет ететін идеалистік логикаға айналдырып жіберген еді. Сондықтан Бэкон өзінің шығармасын «Жаңа органон» деп атап, ғылыми танымның әлдеқайда жетілдірілген жаңа әдісі ретінде индукциялық ойқортындыны ұсынды. Индукциялық ойқортындының мақсаты, Бэконның пікірінше, шындық дүниедегі құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды ашу арқылы ғылыми қорытынды жасау болды. Осы мақсатпен ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылыық әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми индукциянығ бес әдісін жасап берді. Ғасырда Гершель, Дж. Ст. Милль деген ғалымдар бұл әдістерді одан әрі жетілдіре түсті. Бұл әдістер қазіргі заманға дейін ғылыми зерттеуде, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарында, қылмыстарды ашу ісінде кеңінен қолданылып келеді.

Логиканың әрі қарай тарихи дамуы барысында зерттеу жұмыстары мен мәселелері бәршама өзгерді.











Балалардың логикалық ойын дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы бүлдіршіндерге таным оқу іс әрекеті сәбилердің екінші тобынан басталып геометриялық қалыптар (пішіні, түсі, көлемі) ойын арқылы таныстырылса, естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында осы қалыптардың құрылымын, санның белгілерін таныстырумен бірге санай білуге үйретіледі.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады. Өйткені,бала сөйлей бастап өзінің мекен-жайын,телефон номерін жаттай бастайды.

Міне, сан,санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің ,баланы қоршаған адмдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты таныл білу үшін бүлдіршіндер оның түр түсіне мін бермейді, заттың құрылымына (пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық
ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды ір түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойлап табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы шыңдалады.Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар негізгі іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбиелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар ойлау әрекеті олардың күнделікті өмір жағдайына сәйкес түрлі заттарды ұстап олармен қарым-қатынас жасау арқылы дамып отырады. Баланың ойлау әрекеті балалар бақшасында өтілетін оқу іс-әрекеттерінде, ойындарда, әсіресе пайымын өрістетіп есептеу тәсілдерінде, бейнелеу өнерімен шұғылдануда, сурет салу, жапсыру мен мүсіндеуде үнемі дамып, түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады.

Таным оқу іс-әрекетінде логикалық ойындар арқылы баланың ақыл ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс әрекет амалдары тәсілдерін игеру мен бірге есте сақтау, ойлау, елестеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Сөзбен сөйлеу әрекеті-ойлау құралы болып табылады.

Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. Баланың қөрнекі-әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Олар әр түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірбие жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схемалық ойлаудың мәні одан туыедаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйену арқылы бейнеленеді. Олар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, заттардың орындарын ауыстыра алады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың рольі мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі.

Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп - салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.

Ол сөздеоді еркін қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылыңтарды анықтау, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.

Балабақшада блалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың таныдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндеді атап, айыры білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады:

«Реттік сандарды ата», «Қай сан қалып қойған», «Әрі қарай сана» осындай ойындар балаларды санауға жаттықтырады, олардың сан белгілерін, сандар және шектес сандардың ара - қатынасы туралы тиянақтайды.

Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген - білген, қөңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен откізген ақыл - ойдыңжиынтығы, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой - өрісін дамытумақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.

Халқымыздың ауыз әдебиетінің, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды, Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.

Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын толықтай қалыптастыру, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор,

Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл - ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлене отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істегені абзал.

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар



Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар





Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Ойын арқылы

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар



Сауықтыру

тәрбиелеу

дамыту

оқыту

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Іске асыру жолдары

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар



Дене шынықтыру, валеология сабағы. Ертеңгілік жаттығу, қимылды ойын, мәдени- гигиеналық талаптар, сергіту (1 айда 1 рет , спорттық ойындар

Имандылық, экология сабақтары. Әңгіме, сұрақ-жауап. Эстетикалық тәрбие.

Үстел үсті ойындары, домино, мозайка, дидактикалық ойындар, сюжетті ойындар, көркем әдебиет сабағы, логикалық ойлау, қабылдау.

Математика, тіл дамыту, айналамен танысу, сауат ашу, еңбек және т.б. сабақтар



Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар



Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар



Ойлау шындықты жинақталған түрде бейнелейді

Ойлау шындықты тікелей бейнелеу емес, жанама бейнелеу процесі, яғни бар білімненжаңа қорытпа білім алу.

Ойлау тілмен тығыз байланысты. Тіл ойдың тікелей шындығы болып табылады.

Ойлау шындықты бейнелеудің белсенді процесі.













  1. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.

Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау;

- баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;

- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);

- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;

- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;

- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды - деп ой түйіндейміз.

Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Кез келген тәрбиешінің басты мақсат- міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.

Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар, логикалық тапсырмалар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізугеболады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Ал математика оқулығының басты ерекшелі оқу мен тәрбие ерекшелігі жақсы, шебер ұйымдастырған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындарын ойнауға болады.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытудаойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға болады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін»,

«Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын білгілейді Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.

Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс

Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.

Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру

негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасынажатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданады.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз

Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған

логикалық ойындар

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы

келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау; баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты

маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;

- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);

- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;

- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;

- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды - деп ой түйіндейміз.







Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған сабақтардың жоспары.

Тақырыбы

Мақсаты

Ойындар

1.

«Логика дегеніміз не?»

Балаларды логика пәнімен таныстыру. Алға қойған мақсатқа жету, нақты орындауды қалыптастыру.

  1. «Логика» пәнімен танысу.

  2. «Мен білемін» ойыны (доп)

  3. «Кім байқампаз?»

  4. «Рет ретімен орналастыр»

2.

Жұмбақтар. Құрылымын талдау

Балаларға жұмбақ шешуді, қандай белгілері бой-ша шешімін тапты, не туралы айтылғанын түсіндіру қабілеттерін үйрету. Негізгі ж/е жанаманы ажырата білу. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жолындағы бір

жұмбақпен таныстыру

  1. Жұмбақтар жайлы әңгіме.

  2. Жұмбақтар классификациясы.

  3. «Белгілер бойынша жыл мезгілін анықта»

  4. «Не нені күтіп отыр»

  5. Логикалық есеп.

3.

Талдау. Синтез. Заттардың белгілері.

«Зат белгісі» түсінігімен балаларды таныстыру. Әр түрлі логикалық амалдар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым синтезбен талдау жүргізу.

  1. Бізді қоршаған заттар туралы әңгіме құру.

  2. «Сипау арқылы заттарды тану» тапсырмасы.

  3. «Берілген белгілер арқылы заттарды тану»

  4. «Айырмашылығын тап»

4.

Түс, пішін, мөлшер

Заттардың белгілерін анықтауды үйрету. Таңдауын дәлелдеуді үйрету. Сенсорлы қабылдау мен нұсқау бойынша жұмыс істеуді дамыту.

  1. «Пішіндерден бейне құрастыр»

  2. Қандай пішін жетіспейді»

  3. «Жамауларды таңда»

  4. «Суы аз құмыраны белгіле»

  5. «Түс» ойыны

5.

Дәмі, иісі, материалы

Бал-ды басқа да белгілермен таныстыру.Барлық зат-ң тән емес арнайы белгілермен тан-у. Жасалған материалына бай-ты зат-ң қатынасын бал-ға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру.

  1. «Дәміне қарай ажырат»

  2. «Не неден жасалған»

  3. «Иісіне қарай ажырату»

  4. «Не неден жасалған?»

  5. Заттардың белгілерін ажыратуға арналған жаттығу.

6.

Жанды-жансыз.

Қандай топқа жатады. Адамдар қолданылатын зат.

Балаларға заттарды маңызды белгісі арқылы анықтап белгілі бір топқа жатқызу. Адам қолданылатын заттың маңызын анықтау.

  1. Тақырып бойынша әңгіме құру.

  2. «Жанды-жансыз» ойыны

  3. «Затты лото» ойыны

  4. «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы

  5. Графикалық тапсырма

7.

Салыстыру.

Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және дамыту.

Ұқсастықты байқау, заттар мен құбылыстарды айыра білуді дамыту.

  1. «Сөз шынжыры» тапсырмасы

  2. «Салыстыру» ойыны

  3. «Туысын тап» ойыны

  4. «Сөздің жалғасын айт» тапсырмасы.

8.

Жоққа шығару.

Шектеу

Маңызды қайшылықты көруді балаларға үйрету. Тапсырма барысында бірнеше дәрежені қолдана білу.

  1. «Балықтар, құстар, аңдар» ойыны

  2. «Теріс» тапсырмасы

  3. «Не жасырдың» ойыны

  4. «Кескінді анықта» ойыны

  5. Жұмбақ шешу

9.

Классификация. Топтау

Заттарды бөлу және оның маңызды(негізгі) және жанама белгілері туралы балаларға баяндау. Заттарды біріктіру топқа бөлу және топтап орналастыру орындарын анықтауды дамыту. Қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын белгілерді анықтау және балаларға үйрету.

  1. «Қатарды аяқта» ойыны

  2. «Мағынасы бойынша топта» ойыны.

  3. «Зообаққа орналастыр»

  4. Үрмебұршақпен жұмыс

10.

Қайсысы артық?

Не жетпейді?

Алынған білім негізінде балаларды қарама-қайшылықты ажырата білуді, өздері жасаған қателікті табу және қатемен жұмыс жасауды үйрету. Мұқияттылықты, байқампаздықты, ұсынылған материалды талдауды дамыту.

  1. Өткен тақырып бойынша әңгіме.

  2. «Не несіз болмайды» ойыны

  3. Жұптасып карточкамен жұмыс

  4. «Не артық?» ойыны

11.

Жұмбақ ойлап табу. (құрастыру)

Заттың белгілерін білдіре отырып балаларға жұмбақ құрастыруды үйрету. Ойлап табу, абстракті ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық, белсенділікті қалыптастыру. Сөйлеу қабілетін дамыту.

  1. Әр түрлі жұмбақтармен жұмыс.

  2. Ребустар шешеу.

  3. Тақырып бойынша әңгіме.

  4. Балармен жұмбақтар құрастыру нәтижесін талдау.

  5. «Заттық лото» ойыны

  6. Бағдарлауға арналған жаттығу. «қызыл,сары, жасыл»

12.

Жауабын табу алгоритмі

Балаларды талдау, ұсыныс жасау және оның шындығын тәжірибеде тексеруді жаттықтыру. Логиканың белсенділігін алған білімдерін қолдана алуды дамыту.

  1. «Берілген белгілер бойынша затты анықта» жаттығуы.

  2. «Дәмді, домалақ, қызыл» тапсырмасы.

  3. Карточкалармен жұмыс.

  4. «Сөз шынжыры» ойыны

13.

Ойын білдіру

Заттардың белгілерін жоққа шығаруды немесе дәлелдеуді балаларға үйретуге арналған жаттығулар. Балаларға ойларын ұсынуды ғана емес, сонымен қатар оларды нақты, тиянақты құрастыру.

  1. «Жақсы-жаман» ойыны.

  2. «Жыл мезгілдері мен олардың белгілерін қос» ойыны.

  3. «Интеллектуальды ойын»

  4. «Сөйлемді жалғастыр» ойыны

  5. Графикалық диктант.

14.

Қорытындылау

Балаларға фактілерге сүйене отырып қорытынды жасауға үйрету. Құбылыстар арасындағы қарым-қатынасты анықтауды, бір қатынастан екіншіге оңай өтуді жаттықтыру.

  1. «Затты анықта» ойыны.

  2. «Табиғат құбылыстары»

  3. «Қандай?» сұрағына тапсырма

  4. Графикалық диктант.

15.

Түрлендіру

Пішіндерді тиянақты зерттеуді және қорытынды жасауды балаларға үйрету. Пішіндерді түрлендіру барысында барлық амалдарын қарастыру. Алға қойылған мақсатты орындау.

  1. «Зат қандай пішіндерден құралған»

  2. «Танграмм»

  3. «Жанданған пішіндер»

16.

Дүниеде не болмайды?

Балаларды елестетуді өз ойын айтуды қалыптастыру. Лингвистикалық ойлау, сөйлеу белсенділігі және шығармашылық белсенділігін дамыту.

  1. «Дүниеде не болмайды?» ойыны.

  2. «Не артық» ойыны.

  3. Несі жетіспейді?

17.

Математикадағы логика

Балаларды логикалық ойлауға және ойларын шығармашылық түрде жеткізу.

  1. «Артық сан» ойыны

  2. «Математикалық моншақ» ойыны

  3. Пішін, мөлшер, түс жаттығуы.

  4. «Пішіндерді сана» ойыны

  5. Кеңістікті бағдарлау

18.

Логика және ана тілі

Балалардың ойларын білдіру, басқаларды тыңдау және ұғу қабілеттерін дамыту. Сөйлеу қабілеті мен сөйлеуді дұрыс құрастыруға үйрету.

  1. «Сөзді ойла-тез ойла»

  2. «Сөз шынжыры»

  3. Әңгімені жалғастыр

  4. «Айырмашылығын ата»

19.

Қоршаған ортадағы логика

Қоршаған ортадағы қарым қатынастарды логика арқылы анықтау және қорытынды жасауды балаларға үйрету. Заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты анықтау. Балардың зерттеу қабілеттерін дамыту.


  1. «Айырмашылығын ата»

  2. «Жыл мезгілдері» шығарма оқу

  3. «Пішіндерден бейне құрастыр»

  4. Таяқшамен жұмыс

20.

Сезу, қабылдау, елестету

Сезу арқылы қоршаған орталарды баларға зерттеуді дамыту. Сезу мүшелерімен алынған сезімдер арқылы заттар туралы түсінік алуды балаларға үйрету, мұқияттылықты дамыту.

  1. «Ғажайып қалта» ойыны

  2. «Сөзді оқып суретке қос»

  3. Үрмебұршақпен жұмыс.

21.

Абстрактау. Ұғым

Балаларға бір заттың белгілерін ойша бөліп алуды, яғни негізіне жанамадан айырып алуды үйрету.

1.«Артық затты тап» ойыны

2. «Не неге ұқсайды» ойыны?»

3. «Сөздерді қос»

4. Таяқшамен бейнелер құрастыру.

22.

Сөз. Анықтама

Анализ бен синтездің операцияларын балаларға ойша анықтай алуды дамыту. Анықтама құруды үйрету. Бір-бірімен байланыстырып сөйлем құру. Өз жауабын логикалық түрде құру.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. «Сөйлемді аяқта» ойыны

  3. «Анықтамасын бер» ойыны

  4. Графикалық тапсырма

23.

Бүтін-бөлшек.

Балаларға әрі қарай топқа бөлуді үйрету, Сонымен қатар сол заттарды құрайтын бөліктерге байланысты мұқияттылық пен өздігінен қорытынды жасауды дамыту.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. «Не нені жақсы көреді?»

  3. «Жамауын тап» ойыны

  4. «Суретті аяқта»

24.

Реттілік. Қайшылық

Балаларды ұғымдық ойлауды қалыптастыру, логикалық ойлаудың негізгі операцияларын білуді алға қою. Түсініксіз ұғымдар мен екі мағынаны топқа шығара білу.

  1. Реттілік тапсырмасы

  2. «Кейін, сосын, қазір» жаттығуы

  3. Пішіндерден бейне құрастыр

25.

Заттардың сандық және сапалық байланысы.

Заттардың сандық және сапалық байланыстарын ұға білу, категорияны ажырата білу . жұптық ұғымдар туралы нақтырақ балаларға түсіндіру. Өздігінен қорытынды жасауға үйрету.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. Сурет бойынша әңгіме құру.

  3. «Ойыншық қайда» ойыны

  4. Үрмебұршақпен жұмыс

26.

Логикалық жұптар. Логикалық тапсырмалар.

Ортақ көрсеткіштерді ескере отырып балаларға логикалық жұп құру, өзінің таңдауының себебін түсіндіре білу. Логикалық шынжыр құрастыра білу. Логикалық ойлауды және нақты, қысқада нұсқа жауапты беруді үйрету.

  1. «Жұбын анықта»

  2. «Сөз шынжыры»

  3. «Ұқсастығын тап»

  4. Логикалық ауызша есеп

27.

Берілген тақырыбына шығарма жазу.

Берілген тақырыбына көбірек сөйлем құрастыруды үйрету. Балаларды сөйлем арсында логикалық байланыс болуды үйрету.

  1. Сурет бойынша әңгіме құру

  2. «Ертегі кейіпкерлерін ата»

  3. «Сиқырлы сандық» ойыны

  4. Үрмебұршақпен жұмыс.

28.

Құлақ нені естиді?

Баларға қалыпты емес, кенет болған жағдайларды түсінуге және көруге сонымен қатар логикалық келіспеушіліктерді анықтауды үйрету. Мұқияттылық пен шығармашылық белсенділікті дамыту.

  1. «Бізді қоршаған дыбыстар»

  2. «Бұзылған телефон»

  3. «Сөз ойла-тез ойла»

  4. Жаңылпашты жаңылмай айтам.

29.

Өзге адамның көзқарасын ұғу

Болған жағдайды әр түрлі жақтан қарастыруды балаларға үйрету.

  1. Суретші» ойыны

  2. Қызықты викторина»

  3. «Жақсы-жаман» ойыны

  4. Пішіндерден бейне құрастыру.

30.

Логикаға сай емес жағдайлар

Қарапайым жағдайларды өзгеше жағдайлардан ажырата білуді үйрету.

  1. «Кім не істеп жатыр?»

  2. «Суреттен қатесін тап»

  3. Нүктелер көмегімен сурет салу

31.

Заттарды қолдану тәсілдерін зерттеу

Бір затқа ойын бағыттауды, барлық қасиеттерді құрастыруды балаларға үйрету.

  1. «Ұқсас затты тап» ойыны

  2. «Қарама-қайшы қасиеттері бар заттарды ізде»

  3. «Мұны қалай қолдануға болады?»

  4. Үрмебұршақтан сандар құрастыру

32.

Логикалық тапсырмалар

Логикалық ойлау мен алынған білімін қалыпты емес тапсырманы шешуді балаларға үйрету.

  1. Логикалық тапсырмалар

  2. Қызықты есептер

  3. «Заңдылықты анықта»

  4. Берілген бейнені штрихтау.













ҚОСЫМША

Білім облысы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика)

Мақсаты; Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Күлімде күн, күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз-көңілді баламыз,

Қайырлы күн, біз-сүйкімді баламыз.

- 1 жылда неше ай бар?

- 1 жылда неше мезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қай ай?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бейсенбі.

Ендеше бейсенбі күні сәттілік тілейік.

Бейсенбі сәтті болсын!

Күніміз тек жақсы болсын.

Жақсы білім алайық,

Үлкендерді тындайық.

(Музыка ойналып, ғарыш адамының дауысы )

II. - Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді ғарыш әлеміне саяхатқа шақырамын, онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Тапсырманы бұлжытпай орындасаңдар сендерге сыйлығым дайын.

Тәрбиеші:

- Балалар мен бір дыбыс естідім, сендер естідіңдерме?

- Балалар жауабы

- Балалар ғарыш әлеміне бізді саяхатқа шақырады сендердің барғыларың келе ме?

- Иә

Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Иә

-Ендеше дайындаламыз. Белбеуді байлап, бас киімімізді киеміз. Қолымызға өзіміздің Қазақстанымыздың Туын ала барайық. Кері санаймыз 5-4-3-2-1, біз келдік.

Балалар ғарыш әлемінде көптеген планеталар болады.

-Сендер қандай планеталарды білесіңдер?

-Венера, шолпан, жер, сатурн, юпитер, марс, меркурий, күн, жер.

- Балалар мынау не екен? бұл карта.

- Бұл картада планеталар бар. Қандай планеталарды көріп тұрсыңдар? Марс, шолпан, юпитер.

-Балалар біз 3 командаға бөлінеміз. Мына жерден текшелер алып бөлінеміз, бөлінбес бұрын планеталар қай жақта орналасқан

Оң жақ - Марс, сол жақ жоғары - Шолпан , сол жақ төмен - Юпитер. (отырды).

- Әр планетадан 1 командирден сайлайық. ( 3 командир сайланады да, мойындарына эмблема тағылады).

III. -Балалар, ғарыш адамы дайындаған тапсырмаларды орындау керекпіз.

  1. Түсіп қалған пішінді тап.

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

2. Көршісін тап

3


4

2

3.«Жұлдыздар» Төртінші бағанда не болу керек.

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындарБалалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар

IVСергіту сәті.

Балалар мында ғарыш адамы бір бейнелер салыпты, біз сол бейнелерді қимылмен көрсету керекпіз.

Балалардың ойлау қабілетіне арналған ойындар3

4. Ауызша логикалық есептер

а) 5 алманың екеуін

Досың сұрап алды,

Айтшы сонда нешеуі?

Өз қолыңда қалды.

ә) Екі қоянда неше құлақ бар?

б) Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

в) Екі тышқанда неше құйрық бар?

5. Есеп шығар.

1+1= 4+1=

2+1= 2+2=

3+1= 3+2=

6. Таяқшамен (жұптасып) бейне жасау.

Әр тапсырманы орындаған сайын, әр командадан бір баладан тақта алдына шығып тез және дұрыс орындаған болса, сол команда жеңіске жетіп жұлдызша алады. Жұлдызшаны командир алып картаға өз планеталарына қояды.

V. Сабақ соңында балалардың жұлдызшалары саналып жеңіске жеткен команданы мадақтау.

- Балалар ғарыш адамы сендерге берген тапсырмаларды орындағандарыңа риза болды.

  • Бос қорап пайда болды. (ішінде жарқылдаған жарық көрінеді)

  • Ішінде не бар екен? Шар. Бұл ғарыш адамының бізге берген сыйлығы.

- Балалар, біз өз Отанымыздың Туын көкке желбіресін деп, қойып кетейік.

- Енді біз балабақшаға оралу керекпіз. Дайындалайық, белбеуімізді байлап, бас киімімізді кидік. Тура санау 1- 2-3-4-5.

- Балабақшаға келдік.

- Ғарыш адамы сыйлыққа (шарға) хат жазып жіберіпті. «Құрметті Дайындық «А» тобының балалары. Бүгін мен сендердің білімге деген құштарлықтарыңды байқадым. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар. Барлығыңа сәттілік тілеймін!» ( шарды жару, ішінде көп жұлдыздар шашылады)











Логикалық есептер

Қос балапан әне тұр,

Қос балапан жүр ғой сұр.

Санап көрші асықпа,

Шатастырма сен босқа.

Қанша шөже, анықта,

Ұябасар тауықта?

Аулада сұр күшік отыр,

Күнге төсін тосып отыр.

Тағы бірі келді шауып,

Қатарласып, ебін тауып.

(Енді қанша күшік болды?)

Бір түнде өсіп шықты тез

Қозықұйрық бірнешеу:

Мұнда-2, мұнда-3.

Жалғыз емес, бір емес,

Бәрі қанша? Тура-...

Ағаштағы төрт алмұрт

Піскен екен тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін?

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел,санайық екеуміз:

Бас бармағым-әкем,

Балаң үйрек-анам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен

Титтей бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз ....

Үйге кірді Алдияр,

Оған қоса Мадияр,

Кейін келді Айдана,

Қанша болды бар бала?

Айдананың қолында 10 шар бар еді. Оның төртеуі ұшып кетті. Сонда Айдананың қолында неше шар қалды?

Алты балауыз шам шам жанып тұр еді. Оның екеуі жанып бітті. Қанша балауыз шам қалды?

Ыдыста бес алма бар. Оның екеуін досыңа бердің. Ыдыста қанша алма қалды?

Далада тұр екі ешкі

Қорада тұр екі ешкі

Екі ешкі мен екі ешкі болады екен неше ешкі?

Табақта 10 алма,

Рүстем алды 7 алма, Асхат алды 2 алма, Сонда қалды неше алма?

Ұйқымыздан оянып, бетімізді жуамыз. Анамызға ереміз, балабақшаға келеміз. Бұл қай уақыт?

Сабақты да оқимыз, серуенге де шығамыз. Беті қолды жуамыз, тамақтанып аламыз. Бұл қай уақыт?

Серуенде жүреміз, анамызды күтеміз. «Сау болыңыз!» деп апайға үйімізге кетеміз. Бұл қай уақыт?

Тауық, жөнін тауып,

Он жұмыртқа басты,

Өздерінше мықты

Төрт балапан шықты

Қанша қалғанын

Есептей алмай отырмын.

Үшеуі ұшып кетті

Төртеуі суға түсіп кетті

Айтпауға сөз қалмады.

Қаншасы орнынан қозғалмады?

Үш алманы бақтағы

Кірпі алып жинады

Ең әдемі біреуін

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын

5 алманың екеуін

Досым сұрап алды,

Айтшы сонда нешеуі?

Өз қолымда қалды.

Екі қоянда неше құлақ бар?

Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

Екі тышқанда неше құйрық бар?



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Р. Ысқақова. Логика. Алматы 2004 ж

2. К. Марданов. Логика. Астана 2001 ж

3. Н.Иманқұл. «Ойлау туралы ойлау» Алматы 1998 ж

4. Тұрғынбаев. «Логика»

5. Отбасы және балабақша 2007 ж №2, №3, №6,

6. Отбасы және балабақша 2010 ж, №1, №2

7. Отбасы және балабақша 2011 №3

8. С. Е. Гаврина. «Логика» Москва 2005 г

9. Т. Идилова. «Логика 5-7 жастағы балаларға арналған»

10. Трофимова С.В « Логика мен информатика элементтерімен» 5-7 жастағы балаларға арналған. Алматы 2010 ж







39

© 2010-2022