Ашық қаралым: «Дені саудың-жаны сау»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау.Балалардың денсаулығын нығайта отырып, ойын арқылы әртүрлі қимылды жаттығулар жасату. Екі топ балаларын достыққа, икемділікке, ептілікке,шапшандыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да,

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ересек топ ұйымында балалар арасында спорттық жарыс өткелі тұр.Бүгінгі өтетін «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық ойын-сайысымызды бастаймыз.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен аттырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысатын «Қыран» , « Тұлпар» топтарын шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Гимні қосылып, орындалады.

Жүргізуші:Спорттық жарысты сараптап отыратын әділ-қазы алқасын сайлаймыз.

Әділ-қазы алқасын сайлау: ______________________________

_______________________________

_______________________________

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділ-қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Шынықсаң - шымыр боласың,

Сауығып айдай толасын,

Спортты серік ете біл,

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмаса да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Ал енді,таныстыру рәсіміне көшейік.

Бірінші топ өзімізді таныстырып жіберейік.Сайысты ойнымызды бастағалы тұрмыз.Жаттығу жасап, бойымызды сергітіп алайық.

«Көңілді аэробика» жаттығуы балалармен жүргізіледі.

Сайыстың аты

«Көңілді доп»

Ойын шарты: Үлкен допқа мініп, белгіленген жерге дейін секіріп барып, қайтып келу.

Дұрыс, әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.

Қажетті құралдар: Үлкен доп

2.Ойын: «Шаңғы тебу»

Ойын шарты: Екі аяғына баклашкадан жасалған шаңғы киіп жүру. Белгіленген жерге дейін барып, қайтып келу. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Қажетті құралдар:Баклашкадан жасалған шаңғы

3.Ойын: «Мергендер»

Ойын шарты: Кішкене қапты шеңберге лақтырып түсіру. Шеңберге қапты көп салған топ жеңіске жетеді.

Қажетті құралдар: Құм салынған кішкене қап, шеңбер

4.Ойын: «Құймақ пісіру»

Ойын шарты: Допты ракетка үстіне қойып , түсіріп алмай кедергіні айналып келу.

Қажетті құралдар: Ракетка, доп

5.Ойын: «Қаппен секіру»

Ойын шарты: Қаппен секіріп барып, межені айналып келу.

Қажетті құралдар: Қап

6.Ойын: «Орнын алмастыру»

Ойын шарты: Кубикті алып кедергілер арасымен жүріп келіп, шеңберге кубикті салып, шеңберден допты алып қайту.

Қажет құралдар: Кубик, доптар, кеглилер.

«Қара жорға» жаттығуын балалармен жүргізіледі.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қортындыны шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Ән:«Көк тудың желбірегені»









© 2010-2022