22 наурыз Шағын орталық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

22 наурыз мерекесі.

1.Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата - аналар, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Біздің бүгін шағын мерекелі кешімізге қош келдіңіздер. Қош келдің Наурыз мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2. Тәрбиеші:Уа, халайық, халайық,мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

Балалардың өнерін қабыл алыңыздар.

Балалардың орындауында «Қош келдің төрлет, Наурызым» әнін қабыл алыңыздар. (хормен)

3.Тәрбиеші: Біздің балаларымыздың Наурызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ата - баба тілеген,

Қалмасын деп қаңырап.

Құрт

Томпайтып ұртты,

Сорамыз құртты.

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды,

Киіз үйін тігіпті.

Сары, дәрі қымызым,

Бұрқыаған иісі.

Әрі - дәрі, әрі - дәм,

Жұрт, сүйінген, таныған.

Қазыға ас жоқ тең келер,

Дастарханға өң берер.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Бір шаңырақ астында,

Тату - тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Төбесі көкке тіреген,

Осы - қара шаңырақ.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Арпа, бидай, тары, бар,

Қатық, малта тағы бар.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

4. Тәрбиеші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз,

Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз - дей келе ұлдарымыздың «Ақбозат» биін тамашалаңыздар.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеді.

Қаймақ

Пісіріп сүтті қайнатты,

Кілкіп - ап жедік қаймақты.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Шалап.

Бойына қуат таратты,

Бір сімірсең шалапты.

Уыз

Сиыр бұзау туысымен,

Екі - үш күн жеймін уызын мен

Бейтаныста, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Қатық.

Сорпаға қатып,

Ішеміз қатық.

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Айран.

Үйдің ұйытқан айраны,

Асқазанға пайдалы.

Жылқы - малдың патшасы,

Түйе - малдың қасқасы.

5. Тәрбиеші: Ән қосылсың әніңе,

Сән қосылсың сәніне.

Ырысты боп наурыз,

Бақ дарысын бәріңе.

Деп - кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Қошақан» әнін қабыл алыңыздар.

6. Тәрбиеші: Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай - тұлғалы айтылады жырымыз,

Жайнатады гүл - гүлді.

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын,

Мейрам етіп бұл күнді.

Қыздарымыздың «Қазақ биі» биін тамашалаңыздар.

7. Тәрбиеші:

Балалар ойыны «Қыз қуу»

8. Тәрбиеші:Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ата- бабаларымыздың сөзімен айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн» Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Қыздарымыз бен ұлдарымыздың орындауында «Қара жорға»биін тамашалаңыздар.

9. Тәрбиеші:

Ал, құрметті қонақтар.

Айналайын балалар,

Жеп -ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып.

Наурыз көже пісірдім,

Тойға қазан түсірдім.

Құйдым алтын табаққа,

Құлшыныңдар тамаққа.

Көжеге жас - кәріңді,

Шақырамын бәріңді.

Ұлдарымыздың ойыны: «Асық ату» екі бала шығып асық атып ойнайды.

10. Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Құтты болсын, әз Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.

Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты болсын.

Қош, сау болыңыздар, халайық!

Көріскенше күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар. 22 наурыз Шағын орталық

© 2010-2022