Открытый урок по развитие речи

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Май ауданы «Қазан жалпы орта білім беретін мектеп»ММ



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Күз мезгіліне саяхат

(ортаңғы топ)

Открытый урок по развитие речи

Тулкина Гульжанат Ертаевна

шағын орталық тәрбиешісі

2015-2016 оқу жылы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Күз мезгіліне саяхат».

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп қалыптастыру.

Міндеттері. Білімділік: Күз мезгілімен таныстыру.

Дамытушылық: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы ойларын дамыту

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін,эстетикалық тәлім-тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап, жаттау.

Сөздік жұмыс: Күз ,молшылық,береке.

Билингвильді-компонент: Алма- яблоко-apple

Күз- осень-autumn

Сары-желтый- yellow

Жапырақ- листья-leaf

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылатын көрнекі- құралдар: суреттер, диск, күз демонст материал,желім,құм,қылқалам,жіп,алмалар .

Оқу-іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлемдесу. Баяу әуен.Шаттық шеңбері

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Ой,алақай тамаша

Шашу шашып жапырақ

Шеңбер болып тұрады

Қолдарын белге қойып оңға,солға бұрылу

Қолдарын көтеріп сермеу

Бір-біріне қарап жымю

Қолдарын бетке қойып басын оңға,солға бұру

Қолдарын белге қойып оңға,солға бұрылу

Қолдарын биікке көтеріп,шашу қимылын жасау.

Ұйымдастырушылық-ізденістік





























Рефлексиялық-түзетушілік









Мадақтау:

Жұмбақ жасыру:Жапырақтар сарғаяды

Күн бұлттанады

Жаңбыр жиі жауады

Құстар жылы жаққа ұшады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

-Балалар сендер күз мезгіліне саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Ендеше сендермен бүгін мен күз әлеміне саяхат жасаймыз

Балалар айтыңдаршы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?



Дидактикалық ойын:

«Жемістер мен Көкөністер»

Мақсаты:Балалардың шығармашылық қиялын дамыту.

-Ал, енді балалар орталықтарға бөлініп,күз мезгілімен танысайық.

1.Шығармашылық орталығы.Мақсаты:Балалардың шығармашылық қиялын дамыту.

2.Әдебиет орталығы. Мақсаты: Ес, ойлау, зейін қабілеттерін қалыптастыру.

(ТРИЗ технологиясы арқылы)

Открытый урок по развитие речи

3.Манипулятивтік орталығы. Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.

Сергіту сәті:

( музыка әуенімен қимылдар жасайды)

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Балалар орталықтармен ауысады.

«Бес саусақ» арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау:

1.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бүгін біз қандай жыл мезгілімен таныстық?

Күз-осень- autumn

2.Қандай орталықтармен жұмыс жасадық?

Шығармашылық орталығы:

Сары-желтый- yellow

Әдебиет орталығында :

Жапырақ-листья- leaf

Манипулятивтік орталығы:

Алма- яблоко-apple

3.Балар бүгінгі саяхат сіздерге ұнады ма?

-Балалар сендер бүгін өте жақсы, белсенді қатыстыңдар.

-Сендерге бүгінгі күз әлемінен себетте сыйлығымыз бар




Күз

Иә

Күн суытады, жапырақтар сарғаяды, жеміс-жидектер піседі, жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшады.

Екі себетке жеміс пен көкөністерді ажыратып бөледі.



Берілген суретке желім жағады,құм себеді. Тапсырманы орындайды.

Тәрбиешіні тындайды. Суретке қарап, өлең жаттайды.

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.



Тәрбиешіні тындайды. Жіпке алмаларды өткізеді, тапсырманы орындайды.

Сергіту сәтін мазмұнына қарай қимылдап орындайды.



Күз-осень- autumn

қайталайды

Орталықтарды атайды.

Сары-желтый- yellow

Жапырақ-листья- leaf

Алма- яблоко-apple



Себеттегі алманы бөліп алу.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Күз мезгілі туралы білуі тиіс.

Игереді: Сұрақ-жауап арқылы түсініктерін кеңейтеді.

Меңгереді: Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.







© 2010-2022