Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісі

Мақсаты: «Қасқыр мен жети лақ» ертегісінің естеріне түсіру,тіл байлықтарын молайту,ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру,қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі кітабы,фланелеграф,персонаж суреттері.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: тоғай,қасқыр,лақ.

Билингвальды компонент: ешкі-коза,қасқыр-волк,аю-медведь,лақ-козленок.

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері

Ертегі еліне барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен.

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады? /айларды орысша атайық/

Тәрбиеші: Балалар,мынау нелер?

Балалар: Ертегі кітаптар

Тәрбиеші:Балалар,ертегісіз қызық болмайды.Адамдар ертегілерді балалар үшін ойлап тапқан,өз елін,өз жерін сүйіп,батыл,шыншыл,мейірімді және ақылды болсын, бір-біріне қиын кездерде достарына көмектессе депойлап тапқан.

-Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: ия

/Сырттан мыстан кіріп келеді, қолында бір құшақ кітаптары бар/

Ғажайып сәт: Ертегілер әуенімен топқа мыстан кемпір келеді.

Мыстан:Мен қайда келдім?бермеймін,менікі.

Тәрбиеші:балалар,біріншіден әжей не істеуді ұмытып кетті?

Балалар:амандасуды.

Тәрбиеші:бәріміз бірге- Саламатсыз ба!-Әжей тоқтаңыз,Сіз «Балдырған» тобына келдіңіз,қолыңыздағы не?

Мыстан:Саламатсыз ба! Мынау ма? Білмейм, бір балалардан алып кеттім ха-ха-ха!

Тәрбиеші: Әжей олай істеуге болмайды,көруге болады ма?

Мыстан:(қобалжып бергісі келмей)жарайды,сүйкімді балалар екенсіңдер,бірге қарайықшы,мен сіздерді жеп қоймаймын.

Тәрбиеші:Канекей балалар, қандай ертегі кейіпкері екенін айтып берейік.

(Фланелеграфпен жұмыс)

1)-Мен әжеден қаштым,мен атадан қаштым-бұл әнді не айтады? (бауырсақ)

үйден қашуға, көшеде бөгде адамдарға сенуге,еріп кетуге болады ма?

2)- Тартады -тартады - бұл қай ертегі?(шалқан) достыққа, бірлікке үйретеді

3) -Мен тықырлауық тышқан,

-мен бақылдауық бақа- бұл қай ертегі? (үйшік) ауыз біршілікке,достарына көмектесуге

4) -Мама,кетпеші біз су әкелдік (Көкек) үлкен адамдарды тыңдауға,сыйлауға.

5) -сен құйрығыңды суға салып отырсаң балық өзі құйрығыңа түседі(«Түлкі мен қасқыр»)

түлкі сияқты айлакер болғанша бірге бөліп жеуге

-Жарайсыңдар балалар,әжей де ертегімен танысты.

-Қазір біздер «Қасқыр мен 7 лақ» ертегісін тыңдап тамашалайық.Бәріміз ыңғайланып отырайық,жарайсыңдар зейін салып тыңдаңыздар.

(Бейнетаспадан тамашалау)

Сергіту

Балдырғанбыз арай жүз,

Бұл-бұл жанып қараймыз.

Ертегілер біздерде

Көп болғанын қалаймыз

Қыздырынып күнге біз,

Ән саламыз күнде біз.

Мыстан:Мынау ертегіде ешкі қайда барады, лақтары балабақшаға бара ма? Ешкі және лақтар қайндай жануарлар? Ал қасқыр мен аю,қоян қайда мекендейді?

Балалар: -Ешкі мен лақтар үй жануарлары, қасқыр мен аю,қоян олар аңдар,орманда мекендейді

Тәрбиеші: Балалар,ертегіні үстел үсті қуыршақтары арқылы мазмұнын ашу.

Оған бізге неше лақ,тағы қандай кейіпкерлер керек?( ешкі-коза,қасқыр-волк,аю-медведь,

лақ-козленок)

-Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

-Ешкі тоғайға не үшін барады?

-Ешкі тоғайға кеткенде не келді?

-Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?

Ешкі қандай дауыспен ән айтады,ал қасқыр ше?

Аю ұста не істеді дауысын жеңішке болу үшін?

Неше лақ тығылып қалды?

Мыстан:Ал балалар сіздерге көп рахмет, маған ертегі ұнады көп рахмет,Сау болыңыздар!

«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

1)Лақтар көп пе? Қасқыр ма?

2) Ешкі көп пе лақтар ма?

Аз қимылды ойын «Волк и козлята»

1,2,3,4,5 негде козликам скакать.

Всюду ходит волк,волк.

Он зубами щелк,щелк!

А мы спрячемся в кусты,

Ты волчище поищи.

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалар:(мыстан әжей)

Тәрбиеші:-Біздер қандай ертегінің мазмұнымен таныстырдық?

Балалар:«Қасқыр мен 7 лақ»

Сабақты аяқтау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.
Игереді: мейірімділік,қайрымдылық қасиеттерін

Меңгереді: шығарманы зейі қойып тыңдауды.











Бекітемін:_________

«Достық» балабақшасының

меңгерушісі Ералимова Ш.У.

03 ақпан 2016ж.



«Балдырған» тобы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы : Қатынас

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Бөлімі: Көркем әдебиет

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Өткізген тәрбиеші: Калиева Г.К.

2016 жыл

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКөркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Көркем әдебиеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



© 2010-2022