Үлкенге -құрмет, кішіге-ізет. (ашық сабақ)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін
өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.

- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдеп
тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.
Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға
қатысып отырған апайларға жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып
ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.

Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.


Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.

Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.

Балаларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Балалар жапырақтарды таңдап артындағы сөздерді тәрбиеші оқығаннан кейін , осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық -
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.

Сергіту сәті.

Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.

Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.





«Құлыншақ балалар бақшасы»



Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.





Дайындаған:Бірімжанова М.З













2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022