ӘДЕМІ ҮЙ! Технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: тобы: жүргізген тәрбиеші:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері:Жапсыру

Тақырыбы: Әдемі үй

Мақсаты:

Түсті қағаздан «Әдемі үй» қиып жапсыруды үйрету. Балалардың көркемдік талғамын, шығармашылық талғамын дамыту.

Сөздік жұмыс: Ғажайып, әдемі.

Қолданылатын көрнекіліктер: Үй бейнеленген суреттер, түсті қағаз, қайшы, желім, ақ картон, геометриялық пішіндер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу.

Балаларға қонжық келетінін хабарлау. Есік қағып қонжық келеді. Амандасады.

Қонақ келетініне қуанады. Қонжықтың келетініне риза болып төрге шақырады.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.

Қонжық балаларға сиқырлы қапшық әкелгенін айтады. Сиқырлы қапшықтан «Ғажайып үйдің» суреттерін көрсетеді

Тапсырма «Ұқсасын тап»

Мақсаты: геометриылқ пішін туралы түсініктерін жетілдіру. Барысы: Қонжық әкелген суреттегі үйлердің бөлшектерін геометриялық пішіндермен салыстыра отырып, анықтату. Әр геометриялық пішіндерден үйді жапсыру технологиясы түсіндіру.

Сөздік жұмыс:

Ғажайып, әдемі - сөздерінің ұқсастығын түсіндіру. Ұқсас тағыда сөздер айтқызу.

Д\о. «Шебер ұста»

Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, жапсыру тәсілдерін меңгету.

Барысы: үйді жасау үшін бөлшектерін дайындап аламыз ол үшн түрлі түсті қағаздан үйдің қабырғасын, шатырын терезе, есігін қиып аламыз. Осы қиындыларды ретімен ақ картон үстіне желімді пайдалан отырып жапсырамыз.

Сергіту сәті: Өлең жолдарын қайтқыза отырып, имылды көрсетіп, қайталатып жасату.

Қонжықтың әкелген сыйқырлы қашығына назар аударады. «Ғажайып үйдің» суреттерін көріп тамашалайды. Балалар суреттегі үйдің бейнесіне назарларына аудартады. Тәрбешінің көрсетуімен, үйдің бөлшектерін атай отырып, ұқсас геометриялық бөлшектерді атайды. Мысалы: Үйдің шатырынң үшбұрышы, үш қабырғасы бар -Ол үшбұрыш, қабырғасы шаршыға ұқсайды. Т.б.

Үйдің бөлшектерін атапгеометриялық пішіндердің түсін, көлемін ажыратып ажыратып атайды.

Алдарындағы түсті қағаздардан үйдің бөлшектерін: шатырын, есігін, қабырғасын, терзесін қайшыны пайдалана отырып қияды.

Желімді қылқаламмен ұқыпты пайдалана отырып, үйдің бөлшектерін жағып, ақ картон бетіне жапсырады.

Біз кішкентай баламыз

өсіп, өніп толамыз

көкке қарап талпынып

күнге қолды созамыз.

Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)

Тәрбиеші балалардың жұмысына көмек көрсетеді. Таза, ұқыпты жапсыруды қадағалайды. Қонжық ғажайып үйлер жасағандарына қуанып, балалардың біліміне риза болады. Сыйлыққа жұлдызшалар сыйлайды. Балалармен қоштасады.

Балалар алған білімдері бойынша тапсырманы орындайды.

Түстерді үйлесімділіген қарай таңдайды.

Қонжықтың үйіне ұқсас болғаны үшін қуанады. Сыйлық алғандарына риза болады.

Жұмыстарын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Түрлі түсті қағаздардың түстерін ажырата алады. Үйлердің эстетикалық безендірулеріне назар аудара алады.

Түсінігі бар: Үйдің бөлшектері - қабырғалары, шатыры, есі, терезелері болатыны туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Қайшыны пайдаланып, түрлі-түсті қағазды қия алады, эстетикалық талғаға сай жапсыру жұмыстарын орындай алады.



© 2010-2022