Заңды білу-заман талабы тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Заңды білу - заман талабы.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарына тоқтала отырып, балаларды шыншылдыққа , әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу. Ата Заңға сый - құрметпен қорғауға тәрбиелеу.Тарихи танымын кеңейту.

Әдіс-тәсілдері: айтып түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап алу, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері.Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті.

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім- сағынарым,

Мәңгі - бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Әнұран орындалады.

Құрметті балалар, бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата Заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз- мына біздер, ал Ата Заңымыз - еліміздің рәміздерінің бірі.Н.Ә.Назарбаев « Ата Заң - бұл да рәміздердің бірі. Сондықтан негізгі заңды , елдің туын, әнұранын және елтаңбасын қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз» деген.

Жасұлан: Ата заңың бірлігің

Бүгінгі іс, тірлігің

Елдің ырыс бақыты

Бейбітшілік нұрлы күн

Ақтоты: Ата заңың қуатың

Сенім мақсат, мұратың

Мақтанышың көк туың

Көкте шалқып тұратын.

Мансур: Ата заңың - тірегің

Арман, үміт, тілегің

Өрлеп өскен бүгінгі

Өз отаның, ұлы елің

Бифатима: Ата заңың мерейің ,

Мәртебең мен беделің

Ата заңмен өркендеп

Өсіп өрлей берейін

Темірлан: Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле - жаладан

Ата заң бұл ардақты

О.Іңкар: Ата заң ол атасы

Барлық заң мен жарлықтың

Ал атаның батасы

Ақ тілек қой ең мықты.

Би: «Қаражорға»

Әрбір азамат заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті орындауы өз елінің Ата Заңын, халқын құрметтеуі деп білеміз. Ата Заң - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Ө.Іңкар: Көкбайрағы бабамның -

Бүгінгі ұрпақ жалауы

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы.

Қарақат: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көлімнің,

Ортасы аспан әлемі.

Би: «Ақ тілек»

Біздің Ата Заңымыз - дүние жүзіндегі ең әулетті заң. Ол Республикадағы халықтардың мүдделеріне лайықты жасалған.

« Артық болмас білгенің» сұрақ- жауап

  • Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?



  • Қазақстан Республикасында



  • Қазақстан қандай Республика?



  • Егеменді, тәуелсіз Республика



  • Қазақстан Республикасының елбасы кім?



  • Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



  • Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі қалай аталады?



  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.



  • Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?



  • Қазақстан Республикасының рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады.



  • Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?



  • Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы.

Күні бүгін ата- бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата Заңымыздың болуы. Осы Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз.

Хор: «Қазақстаным менің»



© 2010-2022