Шығармашылық: Тақырыбы: Әжеге арналған сыйлық

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығармашылық: Тақырыбы:Әжеге арналған сыйлық.

Мақсаты: нанның қасиеті туралы әңгімелеу, оның дастарханға қойылғанша қандай жолмен алынатыны, дайындалатыны жайлы балаларға түсінік беру,нанның түрлерін,әр түрлі домалақ,сопақша пішіндерін мүсіндеуді үйрету,нанды қастерлей білуге,оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Тоқаш.

Үш тілділік: Тоқаш-булочки, buns.

Көрнекі құралдар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, дайын мүсіндеу үлгісі, әртүрлі пішіндегі түймелер,ойық тоқаш, бауырсақ, тақтайша,ермексаз,сулық.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Талаптандыру, дәлелдеу.

Шаттық шеңбері:

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Шаттық шеңберге тұрып, тірбиешінің іс-әрекетін қайта- лайды.




Ұйымдастыру ізденіс.

Тәрбиеші балалармен әже туралы әңгімелейді.Әжеге арналған өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.

Әже

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

-мен кім туралы тақпақ оқыдым? Әжеміз сендерді өз дастарханына наурыз көжеге шақырып жатыр екен.Әжеміздің үйіне құрқол бармай, өзіміз қолмен сыйлық жасап, алып барайық.

-Әжемізге қолдан бауырсақ, ойық тоқаш жасап баруға болады. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп түсіндіреді:

-ермексазды жұмсартамыз;

-алақанға салып домалақтаймыз;

-екі алақанның ортасына салып жалпақтаймыз;

-«шұжықша» пішінге келтіріп,он ың екі шетін біріктіреміз.

Алдын ала дайындалған үлгілерді көрсетеді.

-Балалар, әженің үйіне кім не алып барғысы келсе, соны жасайды.

Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел,санайық екеуіміз.

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем.

Ортан терек-әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкене бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Балалар өлең жолдарын тыңдайды.

-Әже туралы.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.




Үлгілермен танысады. Өздеріне ұнаған жұмыстарын жасайды.

Балалар сергіту сәтін саусақтарын бүге отырып орындайды.


Қорытынды

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.

Жасаған жұмыстарын әженің табағына салады.

Күтетін нәтиже :

Жасайды: домалақ, сопақша, жалпақ пішіндерді тәтті нандар түріне келтіреді;

Түсінеді: үлкенді сыйлауды, сыйлық жасап қуанта білуді;

Қолданады: ермексазды есу, домалақтау, жалпақтау тәсілдерін.

Есепберу:_________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


© 2010-2022