Әженің үйіне қонаққа бару

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Бөлімі: Айналамен танысу, тіл дамыту, құрастыру.
Мақсаты: Мысықпен таныстыру, мысық туралы түсініктерін қалыптастыру, оның қалай дыбыстайтынын меңгерту, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Суреттер, мысық бейнеленген жұмсақ мысық, геометриялық пішінді ойыншықтар.
Билингвалдық компоненттер: Сәлеметсіздер ме - Здраствуйте.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Іздену-ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялаушы


- Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесейікші.
Таң сәріден тұрып ап,
Сәлем бердік сіздерге.
Сәлем саған туған ел,
Қайырлы күн!Қайырлы күн!
Қош келіпсіз апайлар!

- Балалар, сендер қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса, бізді әжеміз үйіне қонаққа шақырып жатыр екен. Барғыларың келе ме?
- Балалар, қонаққа немен баруға болады?
- Ол үшін автобусқа жүргізуші керек.Жүргізушіміз Азат болсын.Бәрің ыңғайласып отырыңдар жолға шығамыз.
- Міне, балалар біз ауылға келдік. Бізді кім қарсы алғанын қараңдаршы.
Әже: Сәлематсыңдар ма?Қалдерің қалай? Денсаулықтарың жақсы ма? Сендер қайдан келдіңдер? Міне сендер менің үйіме келдіңдер. Менің үйім сендерге ұнады ма? Балалар, менің үйім биік па, әлде аласа ма? Ал, сендердің үйлерің қандай? Балалар мен үйде жалғыз тұрмаймын. Сендер менің кіммен тұратынымды білгілерің келе ме? Менімен бірге менің достарым тұрады. Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын табыңдар.
Жұмбақ.
Пеш түбінде құман,
Екі көзін жұмған.
- Жарайсыңдар, балалар жұмбақты шеше алады екенсіңдер.
- Ал, енді сендер менің мысығыммен танысыңдар. Ол қандай? Мысықтың көзін, құлағын, құйрығын көрсетіңдерші. Мысық қалай жүреді, қалай жуынады, дыбыстайды.
Сергіту сәті.
Келеді мысық,
Бізге көзін қысып.
Жүреді жылдам
Көрінсе оған тышқан.
Тәрбиеші: Әже, сіздің мысығыңыздың үйшігі бар ма?
Әже: Менің мысығымның үйшігі жоқ. Сендер маған үйшік құрастырып беріңдерші.
Тәрбиеші: Үй құрастырмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.
Саусақ жаттығуы.
Бас бармағым бастап берді,
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады,
Кіші бөбек былдырлады.

Құрастыру:
- Балалар, мысыққа үйшік құрастыру үшін, бізге геометриялық пішіндер қажет.
Әже: Рахмет балалар, сендер өте білімді екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, енді біздер балабақшамызға оралайық. Балабақшамызға машинамен қайтамыз.
Ән: «Машина».
Машина, машина,
Қайда барасың?
Машина, машина,
Бізді алып кет.
Машина, машина,
Зулап тез-тез жет
Бип - бип - бип.

- Балалар, бүгін біз кімнің үйіне қонаққа бардық?
- Біз қонаққа немен бардық?
- Ол жақта біз немен таныстық?
- Мысыққа не құрастырып бердік?
- Үйшігіміз қандай пішіндерден тұрады екен?

Қонақтармен сәлемдеседі.

Иә.

Автобуспен

Орындарына жайғасып отырады.

Сәлеметсізбе, әже.
Жақсы.

Балабақшадан.

Ұнады.

Аласа.

Биік.

Ия.

Мысық

Кішкентай ақ мысық

Қимылдармен көрсетеді

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Балалар саусақ жаттығуын қимылмен жасайды.

Балалар ән айту арқылы топқа оралады.

Әженің
Автобуспен

Мысықпен

Үйшік

Геометриялық пішіндерден

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Мысықтың дене мүшесін, пішіндерді тану, жұмбақ шешу, қойылған сұрақтарға толық жауап беру.
Меңгеруі:Қамқор бола білуді
Жасай алу: Пішіндерді танып, олардан үй құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.





© 2010-2022