Утренник к дню Независимости старшая группа

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тәуелсіздік жалауым желбіре!

Қатысатындар:Жүргізуші.

Дауыл патшасы.

Үш би. «Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би»

Музыка әуенмен балалар залға кіреді. «ән: Көк тудың желбірегені».

Жалаушалармен бірнеше қимылды жаттығулар жасайды.

Орындарына отырады екі бала екі жақтан жалаушыларды жинап шығады.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар ата- аналар сіздерді Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз.Біздің байтақ еліміз күнен, күнге көркейіп кеңейе берсін.

Әнұран: Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.

Тақпақтар.

Алтынай. Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Ярослав. Ән ұраным,жан ұраным

Айтар әнім,айтар сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Алина.Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

Жанали.Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымды,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Мансұр.Қайраттай қайсар ұлдарың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келеген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

Ән:Отан. (отаным менің мекенім).

Жүргізуші: Балалар қазақ елінің Тәуелсіздік пен бостандыққа келген жолы өте қиын да ауыр.Көптеген ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз елімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен, қорғап келді.Бізге жарқын болашақ сыйлауға.Біздің еліміздің баға жетпес байлығы мына сендерсіңдер,Қазақстанымыздың одан әрі көркейуі де мына сендерге байланысты.

Тақпақтар:

Айзара.Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы.

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей желтоқсан.

Айтуар.Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Еңлік.Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің қызымын,

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Тайұлан:Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қала-Астана!

Айша:Шырқап көкке аспан -ән

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам-Астанам!

Ән:Отан-атам

Жүргізуші:Балалар жел көтерілген сияқты ма желдің дауысы ғой мынау.

(Музыка әуенімен дауыл патшасы кіреді.)

Дауыл патшасы:У-у-у! Мен қаһарлы дауыл патшасымын.Барлығыңды үрлеп ұшырып жіберемін .

Жүргізуші:Қаһарлы дауыл патшасы бізді желмен ұшырмай тұра тұр.Оданда біздің балалармен таныс Мүмкін достасып кететін шығарсың бізбен.Біз бүгінТәуелсіздік мерекесін тойлап жатырмыз.

Дауыл патшасы:Ия, қазақ елінің басына не келіп ,не кетпеді,мен соның бәрінің куәсімін ғой.Кешегі батырларымыздың жауға шауғаны,Хандарымыз бен шешендеріміздің айтқан сөздері.Үш бидің айтқан нақыл шешендік сөздері.әлі күнге дейін дауыстары құлағымды өздері көз алдымада ғой.

Үш жүздің билері: 1.Би:Қазақ деген мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.

2.Би:Дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.Бірақ асқақтаған хан болса-хан ордасын таптай білген елміз.

3.Би:Танымайтын жат елге -танысқалы келгенбіз,танысуға көнбесең-шабысқалы келенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен арыстан-алысқалы келгенбіз,тұтқыр сары желіммен жабысқалы келенбіз.

Дауыл патшасы: Сендермен достасу үшін сендер менің тапсырмамды орындауға келісесіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине,әрине келісеміз.

Дауыл патшасы:Алдымен мен сендерді тексеріп көрейін шыныменде сендер ақылдысыңдар ма. Сонымен менің бірінші сұрағым.

Қазақстан Республикасының Рәміздерін айтып беріңдерші?

1.Елтаңба.

2.Ту.

3.Әнұран.

Дауыл патшасы:Дұрыс.Сендер шыныменде ақылды екенсіңдер ғой.

Жүргізуші:Дауыл патшасы біздің балаларымыздың ата-аналары да өте ақылды және білімді.Қазір ата-аналарымен Сұрақ- жауап ойынын онайық.

Ойын :Сұрақ жауап. «Ата-анлармен»

1.Қазақстан Республикасының Рәміздері? (Ел таңба,Ту,Әнұран)

2.Ұлттық валюта?(Теңге)

3.Ақындардың жарысы?(Айтыс)

4.Қазақстанның ең алғаш летчик косманавты?(Т.Аубакиров)

5.Қазақ халқының күлдіргіш әңгімелерінің кейіпкері?(Алдар көсе)

6.Қазақтың ұлттық үйі?(Киіз үй)

7.Қасиетті мұсылман кітабы?(Құран)

8.Ұлттық спорт ойындары?(Бәйге,Көкпар)

9.Ұлттық сусын?(Қымыз)

10.Қай жылы Тәуелсіздікті алдық?(1991 жылы.)

Тақпақтар:

Асанали:Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

Жанель:Анаң-күнің,жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен -бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Ерасыл:Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Мерей:Отан-жерім,Отан-суым,

Отан-қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан-мәңгі гүлденеді!

Азамат.Ақ ниетті алтын күн

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебес,і мақтаны.

Аманали:Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігін бөлеп тербеткен

Отаным Қазақстаным!

Ән:Елтаңбасы елімнің.

Дауыл патшасы:Балалар сендер маған ұнай бастадыңдар.Ендіше келесі сұрағым.Ата-бабаларымыздың ежелгі үйі?

Балалар-Киіз үі.

Дауыл патшасы:Дұрыс балалар өте ақылды екенсіңдер.

Ойын: Шаңырақ.

Жүргізуші:Көрдің бе Дауыл патшасы біздің балалар қандай шапшаң, әрі ақылды.

Тақпақтар:

Ән: 16 желтоқсан.

Дауыл патшасы :не деген керемет ақылдысыңдар өнерлі екенсіңдер.енді ұлдармен күш сынасып көрелік.Қане ортаға ұлдар шықсыншы. Әкелерімен бірге шықсын.

Ойын: «Ақ сандық пен көк сандық»

Жүргізуші:Енді түсінген боларсың Дауыл патшасы достықта татулықта өмір сүру керек екенін.

Дауыл патшасы: Ия дұрыс айтасың ашумен жер жақанды жайпай бермеу керек екенін.Балалар мен сендерге мерекелік базарлық алып келгем қабыл алыңдар.

Би.Біздің жігіттер.

Жүргізуші:Ал құрметті қонақтар біздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз өз мәресіне жетті.Тәуелсіз еліміздің көк ту әрқашан желбірей берсін!



© 2010-2022