Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Үй жануарлары және олардың

адамға тигізетін пайдасы»

естияр тобы



Тәрбиеші: Хожа М.


Білім саласы: таным

Ұйымдаст. оқу іс-әрекеті:Экология негіздері

Тақырыбы: «Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы»

Мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы түсініктерін

тереңдету.сиырдың адамға тигізетін пайдасы,сиырдың өнімдері

туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділігі: Сиырдың өнімдерімен таныстыру,үй жануарлары,төлдері туралы

түсініктерін арттыру.

Дамытушылығы: Үй жануарларына байланысты,жұмбақ,тақпақтарды

қайталай отырып,сұрау арқылы тіл байлықтарын

дамыту.

Тәрбиелігі: Үй жануарларын,төлдерін күтіп баптауға,қорғап-қамқорлық

жасауға тәрбиелеу.

Технология: Алгоритм,кубизм әдісі,көңіл-күй әдісі,ассосация

Сөздік жұмысы: науа, тұяқ.

Әдіс-тәсілдер: сөздік,көрнекілік,ойын, практикалық

Билингвальды компонент: сиыр-кау,бұзау-калф

Сабақтың керекті көрнекіліктері:Үй жануарларының және олардың төл-

дерінің суреттері, слайд,сиыр және бұзау

алгоритм,үлестірмелі материалдар,

қоржын,смайликтер, сиырдан алынатын өнімдері:сүт, құрт,айран,қаймақ ірімшік май.Ферма макеті,үй жануарлары,жем,шөп, су.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеттері

Мотивациялық

қозғаушылық

























I.Ұйымдастыру.

II.Шаттық шеңбер.

Арайланып таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Гүлденді даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Балалар, орнымызға жайғасамыз.Мен сендерге жұмбақ жасырамын.Кім жылдам шешеді?

1.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.

2.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

3.Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам емес бірақ

Иегінде сақалы бар.

4.Өзі сұлу,өзі жүйрік

Жарысады желменен.

5. Адамға серік,

Күзетке берік.

6.Түссе күннің шуағы,

Көзді еріксіз жұмады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті-қолын жуады.

Балалар, біз бұларды не деп атаймыз?

Неге үй жануарлары деп атаймыз?

Суреттер бойынша әңгімелеу.

Үй жануарларының төлдері болады.

Төлдерін енелерімен бірге атайық.

Мынау не?

Қойдың төлін не деп атайды?

Ал мынау не?

Түйенің төлін не деп атаймыз?

Мынау не?

Ешкінің төлі қалай аталады?

Мынау ше?

Жылқының төлі қалай аталады?

Мынау не?

Иттің баласы не деп аталады?

Ал мынау не?

Мысықтың баласы қалай аталады?

Балалар жұмбақ жасырамын кім жылдам шешеді екен?

Екі найзасы бар

Екі айнасы бар

Төрт сылдырмағы бар

Бір сыпырғышы бар

Ол не?

Дұрыс айтасыңдар, қазір мен сендерге

сиырдың дене бөліктері мен адамға тигізетін пайдасы туралы айтып беремін.

Сиырда екі мүйізі,көздері,құлақтары,

бір құйрығы,аяқтары бар. Аяқтарында

тұяқтары бар. Сиырдың адамға тигізетін пайдасы орасан зор. Сиыр сүтін береді.

Сүтінен аймақ,айран,ірімшік,құрт,май жасалады. Сондай-ақ етін де береді. Ал кішкентай,сүйкімді төлін не деп атаймыз?

Балалар алгоритмге қараймыз.Алгоритм бойынша талдау әңгімелеу.

-Мынау не?

-Сиырдың басында не болады ?

-Сиырдың аяқтарында не болады?

-Түстері қандай болады?

-Көлемдері қандай болады?

-Адамға тигізетін пайдасы?

-Немен қоректенеді?

-Үй жануары ма,дала жануары ма?

Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы





Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы


Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасыОткрытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Иә, дұрыс айтасыңдар үй жануарлары

да балаларын еркелетеді.

Қане,балалар кім тақпақ айтып береді?

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»

Ойын шарты: балалар енелері мен төлдерін қарындашпен сызып қосады.

Сергіту сәті: «Үш қой»

Би қимылдарын жасау.

Дауыстар естіледі.

Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

Иә, үй жануарларының дауыстарын естідік. Олай болса балалар фермаға саяхатқа барамыз.

Күн суытқанда адамдар малдарға қамқорлық жасайды.Жылы қораға кіргізеді.Жем береді,шөп салады,су береді.

Мұнда нелерді көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса малдарға су құяйық,шөп салайық.

Жарайсыңдар балалар үй жануарларына қамқорлық жасадыңдар. Осы фермаға жақын Нағима әжей тұрады.Сонда барып өз

өнерімізді көрсетейік.

Саламатсыңдар ма,балалар?

Әжейдің әңгімесі. Сиырдың өнімдерімен таныстырып,олар туралы айтып береді.Әжей,енді біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Рахмет балалар өнерлі екенсіңдер.

Мына қоржынға сендерге арнап сыйлық салып қойдым.Апайларыңа берейін.Рахмет әжей, сау болыңыз.

Сау болыңдар балалар,жолдарың болсын.

Балалар,енді біз топқа қайтамыз,

орнымызға отырайық.

Дидактикалық ойын: « Өнімін ата»

Барлығымыз мына суретке қараймыз.

Бұл не?

Дұрыс айтасыңдар,сиырдың жан-жағында қалташалар ілінген. Сиырдың өнімдерін алдарыңдағы суреттерден таңдап алып осы қалташаларға саласыңдар.



Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы



Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Открытый урок на тему Үй жануарлары және олардың адамға тигізетін пайдасы

Жарайсыңдар балалар,барлықтарың

да жақсы қатыстыңдар.

Қазір, балалар мына кубикті айналдырып тастағанда, қай үй жануары түседі сол үй жануарының дауысын салып көрсетесіңдер.

Сабақты қортындылау:

Балалар бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?

Қайда саяхатқа бардық?

Әжей бізге не туралы айтты?

Сиырдың қандай пайдасы бар?

Жарайсыңдар балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Егер сабақ ұнаса көңілді смайликке барасыңдар,ал сабақ ұнамаса көңілсіз

смайликке барасыңдар.

Көңіл-күй әдісімен сабақты аяқтау.

шеңберде

тұрып айтады





Қой

Түйе

ешкі

жылқы

ит

мысық

Үй жануарлары деп атаймыз.

Адамдар оларды бағып күтеді.

қой

қозы

түйе

бота

ешкі

лақ

жылқы

құлын

ит

күшік

мысық

марғау



сиыр



Балалар тыңдап отырады.



бұзау

Балалар алгоритм бойынша сұрақтарға жауап береді.





сиыр

мүйізі

тұяқтары

қызыл,қара,ала

үлкен,кіші

сүт,айран,май,

ірімшік,құрт,ет

жем, шөп,су

үй жануары





ботақаным, құлыншағым, қошақаным

Балалар тақпақтар айтады.

Ойын шарты бойынша ойнайды.

Музыка әуенімен қимыл-қозғалыстар жасайды.

Үй жануарларының



Балалар тыңдайды.

Жылқы,сиырлар

қойлар,ешкілер

Балалар қамқорлық жасайды.



Саламатсыз ба?

Балалар тақпақ айтады.

Балалар әжеймен қоштасады.



сиыр

Балалар ойын шарты бойынша ойнайды.



Балалар сиырдың өнімдерін таңдап қалташаларға салады.





Кубизм әдістер бойынша балалар тапсырмалар орындайды.

Балалар сұрақтарға

жауап береді.



Балалардың сабақтан алған әсерлері.


© 2010-2022