Шығармашылық. Кірпі жапырақтар жинайды

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта 1- ші кіші топ.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: Кірпі жапырақтар жинайды.

Білім көздері: Жапсыру

Мақсаты: Белгілі бір затты желімсіз жапсыруға болатыны

жөнінде, жапырақтарды түстері және кірпі туралы алғашқы

түсініктерін қалыптастыр. Саусақтардың ұсақ бұлшық

еттерін жетілдіру. Сабақ кезінде тыныш отыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кірпі және күз суреті.

Қажетті құралдар: әр балаға жапырақ және кірпі суреті

Әдіс-тәсілі: көрсеті, түсіндіру, ми шабуылы, трек сызбасы

Қостілдік компонент: кірпі-ежик, жапырақ-лист,

сарғаяды-желтеет.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де, кішіге

Сәлем беріп тұрамыз.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Өлең сөзіне қарай қимыл әрекет жасайды

Ізденістер, ұйымдастыру.


Өлең оқу



Сергіту сәті


көрсету

Жеке жұмыс

Трек сызбасы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде күн қандай болады? Сендер күзде қандай киім киесіңдер?

Күз туралы өлеңдерін еске түсіру.

Балалар назарын күзгі бақ суретіне аудару.Жапырақтардың түстерінің өзгеруі мен түсіп жатқанын көрсете отырып, әңгімелеу.Кірпі суреті бойынша оның дене құрылысына назар аударту.

Өлең оқу

Кішкене ғана бойым бар,

Домаланған кірпімін

Үнемі арқамда

Тасып жүретін инем бар.

Өлең мазмұнына түсінік беру.

Балалар, біз бүгін жапырақ жинаған кірпі жапсырамыз.

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Жапсыру жолын көрсету.

Өздеріне жапсырту.

Әр баланың жұмысын бақылау, кейбір балаға көмек беру.

Трек сызбасы. Кірпі - жапырақ, алма, алмұрт,

жидектер жинайды. Орманда өмір сүреді.

Күз

Күн салқын болады

Біз қалыңдау киіндік.

Бірге қайталайды


қайталайды


Сергіту сөзіне қарай қимыл жасайды


Көрсету бойынша жапсырады.

Балалар көрсету бойынша орындайды

Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Көзімізді жұмып, терең дем алайық.Алған деміміз-дің бүкіл денемізге қалай тарағанын сезінейік.

Балалар, бүгінгі сабақта немен айналыстық?

Не жапсырдық?

Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау

Көздерін жұмып терең дем алады.

Балалар жауабы

Балалар жауабы

Күтілетін нәтиже:

Нені білді. Жапсыру арқылы белгілі бір затты шығаруға болатынын, кірпінің тіршілігі туралы алғашқы түсінігі қалыптасты.

Түсінуі керек. Ұқыпты жұмыс жасауды



© 2010-2022