Шығармашылық Бояу түрлеріортаңғы топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бояу түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  • Бояу түрлері жайлы түсінік беру, түстерді айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету.

  • Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, дүниетанымын, байқағыштық қабілетін дамыту;

  • Түстер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, ұқыптылыққа, жинақылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап,

Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі - түсті қарындаштар, сурет сабағына арналған альбом, әр түрлі түске боялған суреттер.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру.

2. Жаңа сабақ: Түстер жайлы жалпы түсінік беру үшін оқушылармен әңгіме жүргізу.

- Қоршаған орта алуан түрлі түске бай. Ал күздің күнгі жапырақтар бізді өзінің алуан түрлі түстерімен таң қалдырып жатады. Қане барлығын терезеге қарап, жапырақтардың түстеріне назар аударындаршы. ( Оқышылардың берген жауаптеры тыңдалады).

Комбайн егінді шауып болған соң, егін алқабы сары түске айналады. Ал, қыстың күнгі аспан ақшыл-көк түсті болды.

Түстер 2 топқа бөлінеді.

  1. Суық 2. Жылы

Жылы түстер - қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр.

Суық түстер - көк, күлгін, сия көк, көгілдір жасыл.

Ал, осы екі түсті бірге қолдана отырып сурет салса, салған сурет қанық, әрі әдемі болады.

Живопистің басты ерекшелігі: әр түрлі түстерді үйлесімділігі. Сол себепті сендер түстердің атаулары мен ерекшеліктерін жақсы меңгерулерін керек.

  • Қазір біріміз бояуларды араластырып, жаңа түстер алып көрейік.

Қызыл + Сары = Қызғылт сары

Қызыл + көк = сия көк

Сары + көк = жасыл

- Адам баласы түстермен 2 жолмен танысады .

1. ғылыми жол;

2. практика жүзінде.

Қазақ халқы үшін әр түстің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы:

Ақ - адалдықтың белгісі.

Қызыл - от, күн.

Жасыл - жастық пен көктем.

Сары - ақыл мен парасат.

Қара - жер.

Көк - аспан және т.б. (дәптерге салғызу)

3. Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

Тұрмысқа қажетті заттарды жасау барысында, қазақтар жаңа түстермен танысып, шөп бояуларды да жасауды үйренген.

4. Сурет дәптерімен жұмыс:

Ал енді қазір барлығымыз «Кемпірқосақтың» суретін салайық.

5. Сабақты қорытындылау:

- Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Қандай түстермен таныстық? (жылы және суық)

6. Үйге тапсырма: «Кемпірқасақтың» суретін аяқтар келу.

7. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022