Мектапалды даярлык мен осындай баламын

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 13. 03. 2015

Пәні: өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен осындай баламын»
Мақсаты:

Отбасы құндылығы, адамның бойындағы жақсы қасиеттері (шыншылдық, қамқорлық, адалдық, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, тәртіптілік) туралы түсініктерін кеңейту. Бойларындағы жақсы қасиеттерін және отбасы мүшелеріне деген қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдық: хрестоматия, ойыншық жүрекше, бейнематериал, күннің бейнесі, ойыншықтар жинағы

Тыныштық сәті:

Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады.Қанеки бәріміз шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін бір-бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге күлкі сыйлайық».
-Балалар, мейірімді, шаттық тілектеріңе рахмет сендерге!

Ө. Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін бірігіп орындайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!

Әңгімелесу.
-Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» «Адам» аялдамысына келдік. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? деген сұраққа жауап тауып, жақсы бала болу үшін не істеу керектігін үйренетін боласыңдар. Қане, осы аялдамадағы суреттерге қарап, жағдаяттарды шешейік. Балалар суреттерді қарастырып, жағдаяттарды шешеді, сұрақтарға жауап береді.
- Балалар, Ә. Дүйсенбиевтің «Мен осындай адаммын» өлеңін тыңдайық. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Мені ешкім жалқау демейді,
Жұмысым бүгін көбейді.
Әкем мен анам жұмыста
Әжем де кеткен туысқа
Жалғыз қалдым үйде мен
Қорықпаймын бірақ мен


Болдым да жинап төсекті
Еңбекке бердім кезекті
Тетігін ашып сулардың
Гүлдерді жайлап суғардым
Келтіріп үйдің сәнін де
Ыдыстың жудым бәрінде

Тамақ та түсте пісіп те
Тойдырды қарнын күшік те
Кінә тағады маған кім?
Мен осындай адаммын!


«Дәйексөз»
Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала қуаныш» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Жақсы бала жақсы істерімен ата-анасын, туған туыстарын, жақындарын, достарын қуантады.

Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау -басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау -менің оң қолым
Мынау -менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Шығармашылық жұмыс
Балаларға қолдан жүрекшелер жасауды ұсынады.
Ғажайып сөздер.
«Жақсы бала-қуаныш», «Жақсы адам адал болады», « Мен жақсы баламын», «Жақсылық отбасынан басталады».

Қорытындылау.
«Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, адал, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.
-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Балалар өз ойларын қорытындылайды.


Тексерілді: 11.03.2016



© 2010-2022