Теңдесі жоқ тәуелсіздік/ МАД тобы/

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теңдесі жоқ тәуелсіздік

Жүргізуші; Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін бізде үлкен мейрам- Тәуелсіздік күні.1991 жылы 16 желтоқсан күні -қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылған күн. Бұл күні сөнген шырақтың қайта жанған күні. Ал, бүгінгі қазақ елі- ата- бабалар аңсаған « тәуелсіз,егемен ел».

Танғажайып атың да дәл табылады,

Табылады да талай жұртқа танылады

Туған елім көкке жетті көк туың

Сен- тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Ән: «туған жер»

Естіртіп бар әлемге үнімдіде

Туған ел, арт, көтерем жүгіңді де

Отаным Қазақстан өрге басқан

Тәуелсіз мен Қазақпын бүгін міне

Тақпақтар

Нұрхан: Арайлап таңым, асқақтап тауым

Ән ойнап көгім күй тартты көлім

Қол жетті міне аңсаған күнге

Асай бер жаса қазағым менің

Роман: Табанына желтоқсанның ызғары өтіп

Қалса да денелері мұзға бекіп

Тайсалмай әділеттен шындық жолдан

Жас жанын қиды жастар құрбан етіп

Айнара: желтоқсан еді ызғарлы

Солдаттар тұрды ызбарлы

«Қуыңдар» деп бұйрық кеп

Сабады ұл- қыздарды

Дегендей бізді басынба

Бойына кернеп кек намыс

Айналды Қайрат жасынға

Біржан: Асқақтаған нұр елім

Сені мәңгі сүйемін

Айбынымды асырған

Тәуелсіздік тірегім

Жүргізуші: Балалар 16 желтоқсан- тәуелсіздік күні. Енді біз осы күнге қалай жеткенімізді көру үшін тарихымызға көз жүгіртейік№

№ 1 слайд Тәуелсіздікке жету тарихы

Дастан: Күнадан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар



© 2010-2022