Математика 1 санымен таныстыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сейсенбі: 30.09.2014ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: ҚМТҚ

Тақырыбы:1 цифры және санымен таныстыру. Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер, шаршы туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық пішіндердің орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету;1 цифрын өзге сандардың арасынан табу.

Қажетті көрнекіліктер: шеңбер, шаршы пішіндегі заттардың суреті, сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер: практикалық, сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Суретпен жұмыс

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда тұрған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады. Оның қалып қойғанын анасы байқамай жүре береді.

-Қыз нешеу?

-Арыстан нешеу?



Біреу

Біреу

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1-тапсырма

Балалар суретпен жұмыстан кейін, 1 санының таңбасы 1 цифрымен танысады. Т/ші 1 саны туралы өлең оқып береді, оны балаларға жаттатады.

Бір дегенім бірінші

Тұрды ол қатарда

Көтеріп ап танауды

Бастайды ол санауды.

Т/ші балаларға сандар қатарынан 1 цифрының орнын тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады.

2-тапсырма

Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 1 санын тауып, оны қоршап сызуды ұсынады.

«Арыстан» сергіту минуты

Мен мықты арыстан

Аңдардың патшасы.

Жауымның соғысқан

Күл болған қаңқасы.

3- тапсырма

Тәрбиеші балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады.

Сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?

4-тапсырма

Т/ші балаларға бірінші және екінші қатардағы пішіндердің қалай оранласқанына назар аударуды ұсынады.

-Балалар, пішіндерді дәл осындай ре тпен орналастырып, қатарды жалғастырыңдар.

Балалар өлеңді жаттайды.

Балалар бір моншақты бояйды.

1 санын қоршайды.

Қимылмен сергіту жаттығу жасайды.

Балалар суретерді қарап шығады.

Киіз үй сол жақта, сандық ортада, камзол оң жақта; камзол сол жақта, сандық ортада, киіз үй оң жақта; сандық сол жақта, киіз үй ортасында, камзол оң жақта.

Бірдей сызықтарды сызықпен қосады

Балалар пішіндердің қандай рет бойынша орналасқанын айтады.

Бірінші қатарда-шеңбер, шаршы, шеңбер;

Екінші қатарда- шаршы, шеңбер, шаршы.

Балалар тапсыраны орындайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Біз қандай цифрмен таныстық?

Бір саны туралы тақпақ айтып беріңдер.

Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Біз 1 деген санмен таныстық.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: 1 цифрын таниды; өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды (оң жақта, сол жақта, ортасында);

Игереді: 1 цифрын көптеген сандардың арасынан табуды;

Меңгереді: цифр туралы түсінікті; геометриялық пішіндерді ажырата білуді.



© 2010-2022