Лұқман хакім ашық сабақ 8 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы:

Рабғузи. «Лұқпан Хакім» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Қазақ әдебиеті оқулығы 8-сынып «Мектеп» баспасы

Оқу нәтижесі:

Рабғузи қиссаларының мазмұнын меңгереді.

Алты ойлау қалпағы әдісі арқылы әңгіменің негізгі тақырыбы мен идеясын ашады,бірнеше көзқарастар тұрғысынан талдай алады

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, 6 ойлау қалпағы, кубиктер, стикерлер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды санау әдісі арқылы топқа бөлу

Оқушылар 1,2,3 сан реті бойынша топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту

«Кубиктер ойнайды» әдісі

Кубиктің артына сұрақтар жасырынған.

Р.Ж.Баласағұнға Хас Хажып атағы не үшін берілді?( «Құтты білік» дастанын жазып оны Қараханид мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, Хас Хажып деген атақ берді).

А.Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы кім? (Арыстан баб)

Б.Шығыс ғалымдары Әл Фарабиге қандай атақ берді? (Екінші ұстаз)

Ғ.Махмұт Қашқаридың еңбегі ( Диуани лұғати-т түрк- түрік сөздерінің жинағы)

У.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістанда)

З.Түрік қағанатының негізін құрған хан

(Бұмын қаған)

И. Оғыз қағанның ақылшы кеңесшісі

(Ұлық Түрк)

Оқушылар кубиктің артына жасырынған сұрақтарға жауап береді. де кубиктерді рет саны бойынша орналастырады. Кубиктерден жаңа сабақтың аты шығады

.

Жаңа тақырып

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты ашу

Рабғузи «Лұқман Хакім» әңгімесі

Рабғузидің 1370 жылы жазылған«Қисса -сул-әнбия» қиссалар кітабы-ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары ,өлең-әңгімелерінің жинағы.Кітаптағы әңгімелер күні бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді. Бүгін бізге РАБҒУЗИ қиссаларынан «Лұқман Хакім » әңгімесі берілген екен . Ендеше, балалар, қазір әңгіменің мазмұнымен танысып шығайық.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды

Өте жақсы ,балалар, қазір біз алты ойлау қалпағы әдісін қолдану арқылы әңгімені бірнеше көзқарастар тұрғысынан талдаймыз

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпСен Рабғузи әңгімелерінен не түсіндің? (мазмұнын айту)

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпӘңгімедегі оқиғаның жағымсыз жақтары

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпӘр кейіпкерге сенің көзқарасың

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпӘңгімелерді оқығанда сен қандай сезімде болдың?

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпӘңгімелерді оқығанда сенде қандай жаңа ой туындады?

Лұқман хакім ашық сабақ 8 сыныпӘңгімеден қандай ой түйдің? Тәрбиелік мәні бар ма?

Бүгінде Лұқман хакім атамыз секілді халықтың қамын ойлаған,

еліне пайдасы тиген қоғам қайраткері ретінде кімді атар едіңдер?

Үйге тапсырмасын беру

«Адамгершілік -асыл қасиет» ойтолғау жазу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау Жауап берген оқушыларды мадақтай отырып, дәптерлерінің сыртына жұлдызша жапсыру

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



© 2010-2022