Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

Күні: 14.12.2015 ж Тәрбиеші: Билялова А.Б.

3 - ересек «Балдәурен» тобы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»

Мақсаты:

Білімділік: балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру; өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: өз көзқарасын айта алуғағ, өсімдіктерді өсіруге және күтуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, бөлме өсімдіктері, таяқшалар, су сепкіш,жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: бөлме өсімдіктері

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Билингвальды компонент: бөлме өсімдіктері-комнатные растения, су бүрку - опрыскивать водой, топырағын қопсыту - разрыхлять почву.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Армысың алтын күн

Армысың достарым

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыс жасайды

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар, қараңдаршы бізідң топта бөлме өсімдіктері бар ма?

- Олардың қандай ұқсастығы бар?

-Қандай айырмашылығы бар?

Билингвальды компонент: бөлме өсімдіктері-комнатные растения, су бүрку - опрыскивать водой, топырағын қопсыту - разрыхлять почву.

-Өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейік.

-Оларда аузы болмаса да қалай су ішеді?

Ал қалай дем алады?

Жарайсыңдар балалар көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір, Сағатқа қарап ап Жаттығу оңай-ақ! -Балалар енді өсімдіктерді қалай күту керектігін көрсетейік. Өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық.

1.Топырақты таяқшамен қопсытамыз. 2. Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз. 3.Су құямыз. 4. Жапырақтарына су бүркейміз.

Жарайсыңдар балалар! Қалай күту керектігін үйрендік.

-Ал неге оларды бөлме өсімдіктер деп атайды?

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жауаптары

Қайталайды


-Тамыры арқылы

-Жапырағы арқылы дем алады.

Өлеңнің сөздеріне байланысты қимыл жасайды.


Берілген ережелерді еске сақтап, пратикалық жұмыста атқарады.


-Өйткені олар бөлмеде өсіріледі.

Рефлексивті -

түзетушілік

Қорытындылау.

Белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.

Ережелерді қайталау

Жақсы қатысқан

балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: бөлме өсімдітеріне жақсы күтім жасау;

Қандай түсініктерді игерді: олардың ұқсастығы мен айырмашылығын; өсімдіктердің өсу үшін ауа, жылу, жарық, судың қажет екендігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту»

© 2010-2022