Қ дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ЖАЗУ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары:

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Қ дыбысы мен әрпін таныстыру. «Қ» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Дамытылушылық: Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп, сөздік қорын дамыту. Жаңылтпаш, жұмбақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: ойыншықтар, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу



Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу





Ұйымдастыру

Ән ұран айту

-Балалар, мен сендерге қазір өлең және жұмбақ оқып беремін, сендер соның ішіндегі Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасайсыңдар, қай жерде тұрғанын, қандай дыбыс екенін айтасыңдар.

Жұмбақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады (Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

жұмбақтың жауабын

«Әліппе-дәптердің» Қ әрпіне байланысты бетіндегі сурет бойынша әңгімелесу. Қ дыбысы бар сөздергі тоқталып, дыбыстық талдау жасау. Ққ әрпімен таныстырып, таныс әріптерді қосып буын құрау, оқу. Жазуға үйрету

Сергіту жаттығуы

«Әріп-дыбыстан» сиқырлы әріптер дәптері бойынша жұмыс.

Дидактикалық ойын: «Кел буынға бөлейк» топтар бойынша жарысады, балаларға доп лақтырылып үстаған балаға сөз айтылады. Айтылған сөзді буынға біліп дауысты дауыссыз дыбыстарды анықтайды.





қар, қырау

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

Сұрақ-жауап.

Балалар Қ қандай дыбыс?

Қ дыбысы сөздің барлық жерлерінде кездеседі ме?

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді. Қ-дауыссыз дыбыс

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың Қ дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Қ дыбысыңың дауыссыз дыбыс екенін, Қ дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.





© 2010-2022