Сабақ: Сауат ашу - Күз кереметі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:сауат ашу және жазу

Тақырыбы:Күз кереметі.

Мақсаты:күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастырту. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Көрнекіліктері:суреттер, слайдтар.

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.


Жұмбақ шешу.


Дидактикалық ойын.


Негізгі бөлім.

Дәптермен жұмыс.






Сергіту сәті.


Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел, балалар, күлейік!

Күкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Аспай піскен, қайнамай түскен. (ЖЕМІС)

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (СӘБІЗ)

Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (ҚАРБЫЗ)

«Дәміне қарай ажырат» ойынының шарты: үстел үстіндегі көкеністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкеніс екенін табады.

6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарына әңгіме құрастыру. Тәрбиеші балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады:

-Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

-Бақта не өседі?

-Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?

Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу.

«Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны. Суретте бақта өсетін жеміс, көкеністердің және себеттің суреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

Дәптердің 7-бетіндегі көкеністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасын орындату.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Күздің қандай кереметін сездіңдер?

Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкеністер піседі?

Суреттен жемістерді атаңдар.

Көкеністер қайда өседі?



Жемістер, көкөністер суреттері, плакаттар, жыл мезгілдері бейнеленген суреттер



Әнді бәрі қосылып айтады.


Жұмбақтардың шешуін табады.


Ойын ойнайды.


Тапсырмалар

ды орындайды.







Қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: сөйлем, сөз , буын жөнінде ой қалыптасты.

Қолданады: өз ойларынан сөйлем құрай алады.

Түсінеді: дыбыс,буын туралы түсінеді



© 2010-2022