Сазды – әуенді денешынықтыру сабағы. 2-сабилер тобы Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Сазды - әуенді денешынықтыру сабағы.

2- сабилер тобы

Мақсаты : Сабақ барысында балалардың бір- біріне деген досық қарым- қатынастарын арттырып, ұмтылыстары мен қабілеттерін дамытып, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятып, қыс туралы білімдерін бекіту, уақытты көңілді өткізу.

Керекті құралдар: Қыстың киімі, қарлар, ойыншық қоян, қоянның бас киімі әр балаға, сәбіз, балаларға базарлық.







Сабақтың барысы.

Балалар әуенмен денешынықтыру залына кіреді.

Оларды қыстың киімін киген педагог қарсы алады.

Көңілді қыс: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Қыс. Мен сендерді көруге өте қуаныштымын. Қазір біз бәріміз қар боламыз. (ән болғанша балалар қар секілді секіреді, ұшады ). Ән біткенде балалар отырады. 2- 3 рет ойнайды

Жарайсыңдар балалар. Енді менің қарымды ұстап алындар.Балалар қарды ұстауға тырысады. Қарандаршы қанша көп қар түсті. Аяқтарынды биікке көтеріп, қардан үстінен өтеміз. Балалар Қыс пен бірге қардан өтеді. Қардан өту қандай қиын. Балалар, күректі алып жолды тазартайық. (Балалар қарды тазалайтын қимылдарды көрсетеді).

Көңілді қыс: Мен қардан қоянды тауып алдым. Қоян тонып кетті, бәріміз бірге ойнап, оны жылытайық.

Қимылды ойын: «Қоян отыр»

Қоян отыр, құлақтармен қозғалтып

Міне былай, міне былай

(балалар қолдарын басынын үстіне қояды).

Қоян тоңды, алақандардын жылытамыз

Міне былай, міне былай жылытамыз

(балалар алақандарын жылытады).

Қоянның аяқтарын жылытайық

Міне былай, міне былай жылытады

(балалар аяқтарын жылытады).

Көңілді қыс: Енді қоян ойын ойныгысы келеді. Біз тығыламыз, ал қоян бізді іздейді.

Ойын: «Тығылмаш»

Біздің балалар қайда ? (балалар отырады, көздерін қолдарымен жабады).

Міне олар, таптым ! (балалар тұрады, қолдарын жоғары көтереді). 2-3 рет ойнайды.

Көңілді қыс: Тағы қоян қармен ойнағанды жақсы көреді. Қоянмен бірге ойнайықшы.

Ойын: «Қарлар»

Залда қарларды шашып тастаймыз, балалар бір-біріне лақтырып ойнайды.

Көңілді қыс: Қоян би билегенді жақсы көреді екен. Қоянмен бірге би билеймиз бе? (балалар қоянның бас киімін киіп би билейді). Көңілді әнге балалар би билейді.

Көңілді қыс: Біздің қоянда қарны ашты. Қоян қандай тамақ жақсы көреді? (сәбіз). Қоянға сәбіз береміз бе? Бірақ бірінші сәбізді табу керек.

Ойын: «Сәбізді тап».

Осы залда сәбіз тығылып тұр, оны іздейміз, кім бірінші табады?

Көңілді қыс: Қандай керемет уақыт өткіздік балалар. Бірақ қоштасатын уақыт келді. Мен сендерге құр қолмен келген жоқпын, мен сендерге сыйлық әкелдім.



© 2010-2022