Дене шынықтыру Нұсқаушының белгісі бойынша сызық арқылы жіңішке жолмен жүгірту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Нұсқаушының белгісі бойынша сызық арқылы жіңішке жолмен жүгірту.

Мақсаты: 1 Нүсқаушының белгіс бойынша сызық арқылы жіңішке жолмен жүгіртуге үйрету.

2. Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту.

3.Көлденең тұрған нысанаға қапшықтарды лақтыруға жаттықтыру; заттар арасымен еңбектеп жүруге жаттықтыру.

Құрал-жабдықтар: шығыршықтар (диаметрі 50см). Шағын топтағы бала санына қарай әр балаға екі қаптан 10 кегель.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылыық

Бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру .

«Тоқта!» белгісі берілсе, сол жерде тоқтап қалу. Жалпы дамытатын жаттығулар жасау үшін балалар нұсқаушысының көмегімен екі қатарға тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.ЖДЖ (затсыз орындау):

Б.қ.: аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру.Қолдарын екі жаққа созып, алға-артқа 4 реттен айналдыру,төмен түсіру. Б.қ.: келу

.Б.қ.: тізерлеп тұру, қолы белде. Солға, оңға иілу.Б.қ.: шынтағымен еденді тіреп, етпетінен жату.Аяқты кезекпен бүгу. Б.қ.: қолды белге қойып, аяқтарын біріктіріп тұру.

2. Жүруді секірумен алмастыру.

Көлденең нысанаға оң және сол қолмен қапшықтарды лақтыру (1-1,5 м қашықтық). Педагог шығыршықтарды бір-біріне қарама-қарсы тұрған балалардың арасына қояды және әрқайсысына екі қапшықтан таратады.Әуелі ол қапшықты қалай лақтыратынын көрсетеді.

3.Кегельдер арасымен еңбектеп жүру. Педагог балаларға іс-әрекеттерді қалай орындау керектігін түсіндіреді және оны іс жүзінде өзі көрсетеді.


4. «Секіріп айналу!» қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынды музыканың сүйемелдеуімен орындауға болады.

Ойынға кілем немесе алаша қажет

Кілемнің үстіне 8 жұп текшелер қойылған, текшелердің үстінде- жіңішке таяқшалар.

Таяқшалар арасы -30-35 см.

Төртінші таяқшаның арғы жағында кішкентай жұмсақ кілем төселген.

Жаттығулар педагогпен бірге орындалады.

Жаттығуларды 4-6 рет қайталап орындайды.

Белгі бойынша балалар қапшықтарды лақтырады.



Балалар бірінің артынан бірі кегельдер арасымен еңбектеп жүреді, одан соң тұрады, түзеледі, қолдарын жоғары көтеріп,

шапалақ ұрады.

Белгі бойынша тізбекті бастаушы бала бірінші таяқшаның алдына барып тұрады және қос аяқпен секіре бастайды. Одан кейін тоқтаусыз соңғы таяқшаның жанынан өтіп ырғақпен секіреді, кілемге жақын отырып, жеңіл баспен алға аунайды, одан кейін аяқтарын жинап тұрады да, денесін түзу ұстап, өз қатарына барып қосылады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Шеңбер бойымен жүру.

Ысқырық бойынша бағытты өзгертеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көлдеңен қойылған нысанаға қапшықтарды лақтыруды;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: жіңішке жолмен жүгірту.



© 2010-2022