«Таным» білім беру саласының міндеттері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Таным» білім беру саласының міндеттері

«Таным»білім беру саласының міндеттерін екі бағытқа біріктіруге болады. Олар:

  1. танымдық құзыреттілікті дамыту

  1. ақпараттық құзыреттілікті дамыту

Бірінші бағыт балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, зерттеу арқылы танымдық құзыреттілікті қалыптастырады.

Екінші бағыт - білімді өз бетінше іздену, ақпарат жинау, бір-бірімен ақпарат алмасу іскерліктерін, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастырады.

Танымдық құзыреттілікті дамыту - балалардың қоршаған әлемнің тұтас бейнесін, адам мен табиғат әлемі арасындағы өзара байланысты қалыптастырып, қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттырып, зерттеу кезінде баланың танымдық-тілдік құзыреттілігін қалыптастырып, дамытады. Жалпы танымдық құзыреттілік - бұл балада қоршаған орта туралы білімі мен әлемнің тұтас бейнесі туралы түсініктің болуы болып табылады. Бала тек нақты білімді ғана емес, ойланып шешім табуға, достарымен серіктесе білуге, талдап және тұжырым жасауға үйренеді. Бала танымдық ортаны әр түрлі тәсілдер арқылы меңгереді:

  • талдау, салыстыру, түрге бөлу, пайымдау , жалпылау, қорытындылау

  • қоршаған ортаның сан алуан қасиеті мен өзара байланысын бейнелеу

  • алған ақпаратты кодтау және қайта кодтауты қолдану

  • таным қабілеттерін меңгеру

Балаға өзіне тікелей құбылыстар әсерін: көру, ұстау, иіскеу, есту, дәмін тату, зерттеу, эксперименттеу арқылы сезінуіне жағдай жасаған дұрыс. Бала күнделікті серуен кезіндегі немесе бөлме ішіндегі өсімдіктерді, жәндіктерді және т.б. Құбылыстарды бақылау, зерттеу, күту арқылы табиғаттпен тығыз байланыста болады, таным үдерісі кезінде түсініксіз сұрақтар туындайды: «қалай?», «неге?», «неліктен?» т.б. Осы сұрақтарды қызметіне қарай шартты түрде екіге бөлуге болады:

  • Ойлауды білдіретін: «қалай?», «неге?», «неліктен?» т.б. нұсқалары

  • Жадыны дамытар: «не?», «қандай?», «қашан?», «қанша?», «қайда?»

Балаға сұрақ қою барысында баланың есіне, ойлау қабілетін, танымын дамытуға арналғанын қадағалаған жөн. Мысалы: «Бұл қашан болды?» - дегенде, оқиғаның есте қалған уақытымен жауап береді, ал «Бұл неліктен болды?» - деген сұраққа ойлануды талап етеді. Мұнда, «Ал сен, қалай ойлайсың?» деген сауал арқылы баланың ойын ары қарай жалғастыруға болады, яғни ақыл-ойдың, танымдық-тілдің дамуына жол ашады.

Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасып сенсорлық қабілеттердің дамуы қарқынды жүреді. Мұнда тек заттарды санату ғана емес, өз еріктерімен заттардың қасиеттерін сараптап, бейнелі құралды пайдаланып әр түрлі көлемнің параметрін (ұзындығы, ені, көлемі) тауып, заттардың санын анықтау мүмкіндігін дамыту маңызды.



5



Танымдық құзыреттілікті

дамытудың жалпы міндеттері


Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыру



Баланың бойында дербестілікті білімге деген құмарлығын

арттырып, дамыту





Ақпараттық құзыреттілік дегеніміз бұл - ақпарат беруші құралдармен жұмыс істеу дағдылары, алған деректерді талдай білуі, ақпарат алмасуды меңгеруі болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың танымдық белсенділігін артыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі. Соның бірі -«ақпараттық мәдениет». Мұнда ең бастысы интелектуалдық белсенділік, жаңа ақпаратты жинау, өңдеу, қолдана білу. Ақпараттық мәдениеттің негізгі элементтері:

- Адамдар арасындағы мәліметпен алмасу және тірі және өлі табиғат арқылы енетін «ақпарат» түсінігін қалыптастыру

- Ақпаратты алу, беру, сақтау тәсілдері туралы түсінік беру

- Сезім мүшелері негізінде ақпарат алу

- Бақылау, талдау, сұрақ қою арқылы ақпарат алу

- Ым, ишара, қимыл, сөз, дыбыс арқылы ақпарат алу

- Символдық белгілер, кодтау немесе қайта кодтау арқылы ақпаратты сақтау және беру

Ақпаратпен жұмыс істеу барысында сараптау, талдау, ойды қорытындылау, шешім шығару іскерліктері дамиды, қалыптасады.Ал баланың ашық-жарқын қарым-қатынас жасай алуы педагогпен ата-аналардың шеберлігіне байланысты болады. Ақпараттық құзыреттіліктің жалпы міндеттері: «ақпарат» туралы түсінік беру, іскеліктерін дамыту.



© 2010-2022