Тәрбие сағаты Ел таңдаған - Елбасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ел таңдаған - Елбасы.

Мақсаты: Елбасының туып-өскен жері туралы мағлұмат беру, рәміздермен таныстыру. Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасының, рәміздердің суреті.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбер:

Аспандай мөлдірміз,

Жайлаудай жазықпыз.

Өзендей өршілміз,

Гұлдердей нәзікпіз.

Туған елдің ұл-қызымыз,

Отанымның гүліміз.

Қайырлы күн, қонақтар,

Қайырлы күн, балалар!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Армысыздар, құрметті қауым! Сіздерді бүгінгі «Ел таңдаған Елбасы» атты ашық тәрбие сағатын көруге шақырамыз.

Ер болдық, ерлік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтан атаның атыменен басталады,-дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындылады.

Тәрбиеші: Балалар, мына суреттен кімді көріп тұрмыз?

Балалар: Бұл кісі-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Бұл кісі бізге кім болады?

Балалар: Бұл кісі-біздің Елбасымыз.

Тәрбиеші:

Дұрыс айтасыңдар, бұл кісі біздің Елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қане, балалар, Елбасымыз туралы кімнің тақпақ айтқысы келеді?

1-бала: Елбасымыз жолдайды,

Халық оны қолдайды.

Ешқашан да орынсыз

Шешімдері болмайды.

2-бала: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

3-бала: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымыз да ажарлы.

Осының бәрі, әрине,

Елбасының арқасы.

4-бала: Қазақстан елімнің.

Көшбасшысы-Нұр атам.

Балаларға, үлкенге

Қамқор болды бұл атам.

5-бала: Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

6-бала: 24-жыл бойы ел-жұртын,

Бастап алған келеді.

Бейбітшілік рухы-

Ол кісіге керегі.

Тәрбиеші: Балалар, Елбасымыз Н.Н. Әбішұлының өмір жолы қиын да қайталанбас, көп қырлы болған.

Елбасымыз1940жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Мектепті жақсы оқыған. Ата-анасы құрмет тұтқан. Ұшқыш болуды армандаған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына да 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Мемлекетіміздің тәуелсіздік ел болғаны осы Елбасымыздың арқасы екенін ұмытпайық.

Енді, балалар, біз өзіміздің рәміздерімізге тоқталып өтейік.

Мынау-біздің елтаңбамыз. Елтаңбамызда шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оның айналасын аңыз әңгімедегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышыты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын сары және көгілдір түспен боялған.

Елтаңбаның авторлары, суретшілер: Жандарбек Мәлімбеков пен Шота Уәлиханов.

Тәрбиеші: Ал мынау не?

Балалар:Ол біздің Туымыз.

Тәрбиеші: Туымызда не бейнеленген?

Балалар: Күн, қыран құс, және ою бейнеленген.

Тәрбиеші: Туымыздың түсі қандай?

Балалар: Тудың түсі -көк.

Тәрбиеші:Сондай-ақ біздің Әнұранымыз да бар.

Әнұранымыздың сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.

Енді әнұран жайлы тақпақ айтайық.

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Туған жерім, сағынарым.

Бақыт бірлік-күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады.

Республикам Әнұраны!

Тәрбиеші: Балалар, біздің Елордамыз қай қала ?

Балалар: Астана қаласы.

Тәрбиеші: Иә, балалар, 1998 жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды.

Тәрбиеші: Астана қаласының қандай әдемі жерлері бар?

Балалар: Ақорда -Н. Назарбаевтың жұмыс орны, зәулім ғимараттар бар, Ханшатыр, Бәйтерек.

Тәрбиеші: Егеменді ел болып тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт-Қазақстанның әр азаматы үшін үлкен қуаныш.

Осының бәрі-тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін ұмытпайық.

Әр адам өзінің Отанын, туған жерін мақтан етеді, құрметтейді. Олай болса, балалар, біз ән орындап берейік.

Осымен «Ел таңдаған Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022