Күз мерекесіне арналған Сары алтындай Алтын күз атты ертеңгілік сценариі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сары алтындай Алтын күз»

Топтың балалары сазды әуенмен залға кіріп, орындықтарына отырады.

Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Сары алтындай Алтын күз» атты күзгі мерекеге арналған №1 «Балапан» ІІ кіші тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Ой, балалар, балалар!

Қоңырқай күз болыпты,

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.

Ақ үзіктер жауыпты,

Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

Жүргізуші:

-Балаларымыздың тақпақтарын тамашалайық:

Асылбек: Жаз өтіп, міне, күз келді,

Дүние түсі өзгерді.

Күмісай: Сарғайып жасыл жапырақ,

Сұрланып кетті атырап.

Райгүл: Өткізіп салқын күн-айды,

Тал, терек үнсіз жылайды.

Ақерке: Жел соқса шуыл болғаны

Орманның, сірә, тоңғаны.

Нұрасыл Майрамжан:

Жаны нәзік, жаны гүл

Табиғаттың заңы бұл.

Жүргізуші: -Рахмет, балалар! Тамаша!

Ән: «Сары алтындай сары күз».

Көңілді әуенмен Саңырауқұлақ келеді:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: -Сәлеметсіз бе!

Саңырауқұлақ: -Мені таныдыңыз ба, балалар?

Балалар: -Ия, саңырауқұлақ!

Саңырауқұлақ: -Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын. Орманда жалғыз өзім жалығып кеттім. Сондықтанда Сіздерді күз мерекесімен құттықтап , көңіл көтерейін деп келдім. Сіздерге арнайы ойындар ала келдім.

Ойын «Саңырауқұлақтар мен гүлдер»

Жүргізуші: -Керемет ойын болды. Рахмет, Саңырауқұлақ! Ендеше балалар сізге тақпақтар айтып береді. Кел, отырыңыз.

Диана: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ.

Амина: Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Асия: Жайдары күз, жомарт күз

Аяулы күз, алтын күз.

Амира: Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқып тұр.

Кәусар Асылбек:

Берекелі күз келді,

Мерекелі күз келді.

Жеміс -жидек мол пісіп,

Қуантады біздерді.

Арқарбай Айсұлтан:

Қарашы күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Марғұлан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Саңырауқұлақ ер балалармен бірге « Кішкентай саңырауқұлақтар» биін билейді.

Ән «Жау, жау, жаңбыр!»

Саңырауқұлақ балалармен қоштасып , сазды әуенмен шығып кетеді.

Сазды әуенмен Күз ханшайымы кіреді. Балалармен амандасып, мерекемен құттықтайды.

Жүргізуші:

- Қош келдің, Күз ханшайымы! Балаларымыз саған алғысын білдіріп, күзде пісетін көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айтады.

Ернат: Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік.

Гауһар: Көктемде еккен көкөніс ,

Күзде берді көп өніс.

Айжан: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

Мен алмамын, алмамын,

Аузындамын бар жұрттың.

Нұрасыл Жетпісбай:

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Мен өрікпін, өрікпін

Бау -бақшаға көрікпін.

Айсұлтан Аязбай:

Мен өріктен ірімін,

Тәттілердің бірімін.

Дастарханның гүлімін.

Аққу: Қабат, қабат пішінім,

Төбе шашым түйілген.

Тамақ пісірген кезде

Жас шығады көзіңнен.

Санжар: Мен сәбізбін, сәбізбін,

Жейміз оны бәріміз.

Қытырлатып жегенде

Өседі екен бойымыз.

Күз ханшайымы:

-Өте жақсы , балалар! Енді сіздермен ойын ойнайық!

Ойын «Гүлдер»

Ән «Жаңбыр»

Ертегіні сахналау. «Саңырауқұлақ» ертегісі.

Рольдерде : Күмісай, Аққу, Арқарбай Айсұлтан, Асылбек, Ернат, Нұрасыл Жетпісбай.

Балалардың такпақтары:

Ұлжан:

Алма, жүзім, жемістің бәрі пісті,

Жапырақтар сарғайып тағы түсті.

Карим:

Бақыт болып жаушы жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы жаңбыр

Менің байтақ далама.

Нұрбол:

Сарғайып атырап

Ажарын жасырды.

Айдос:

Сары ала жапырақ

Шашу боп шашылды.

Жан:

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Күз ханшайымы қыз балалармен бірге «Алтын жапырақ» биін билейді.

Күз ханшайымы:

-Рахмет, балалар! Бойым бір сергіп қалды. Мен енді сіздермен қоштасып кетейін.Себебі басқа балабақшаларда да мені балалар күтіп отыр. Сіздерге мына қызыл, тәтті алмаларды сыйға тартамын. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: -Сау болыңыз, Күз ханшайымы! Бізге қонаққа келіп тұрыңыз!

Күз ханшайымы сазды әуенмен залдан шығады.

Ата- анамен ойын .

Жүргізуші:

-Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, үйіміз толы береке болсын! Келесі кездескенше сау- сәлемет болыңыздар!

Балалар сазды әуенмен залдан шығып кетеді.



© 2010-2022