Сурет салудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Жолақтағы ою элементтері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына сурет салуды үйрету

іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: сурет салу

Күні:____________

Өткізген:__________________

Тақырыбы: Жолақтағы (жолақшадағы) ою элементтері

Мақсаты: қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру; қолданылатын бұйымдарды ою - өрнектермен безендіру жолдарын геометриялық фигуралар салу арқылы көрсету; үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын білдіру, балалардың көркемдік талғамын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ою - өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.

Қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, баяу әуенді күйтабақ.ою - өрнек, жемістер.

Оқу іс - әрекеті кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог ою - өрнектер суретін көрсетеді, бірнешеуінің: «қошқар мүйіз», «құсқанаты», «гүл», «ирексу» аттарын атап өтеді және оларды қимыл қозғалыспен көрсетеді.

«Қошқармүйіз» - қолдарын жоғары көтеріп, сыртына қарай қолдың басын ию, «құсқанаты» - екі қолды жоғары көтеру т.б.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Ұлттық бұйымдары (сырмақ, кесе) көрсетеді, сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою - өрнектеріне назар аудартады. Ою - өрнек («ирек» және «тышқан ізі» деп аталатын) бейнеленген суретті көрсетеді, сұрақ - жауап арқылы олар туралы түсінік береді.

«Қандай пішін жоқ» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: жаңа ою - өрнек элементтеріне балалардың көздерін үйрету және оны басқа пішіндерден ажырата білу.

Шарты: Төрт пішінді (шеңбер, тік төрт бұрыш, «ирек» және «тышқанізі») тақтаға іліп қояды да, ішінен бір пішінді жасырады. Балалар қай пішін жасырылғанын айтады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ою- өрнекті салып аяқтау. (Музыка қоюға болады).

  1. «Ирек» өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштап қосу арқылы үзбей сызуға жаттықтыру (қарындашпен қосу).

  2. Үшбұрыштарды аяқтау.

  3. Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға қылқаламды батырып, жоғарыдан төмен қарай, дәптердің сол жағынан бастап бояу. Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын қоюға болады.

Балалардың толық және жеке- жеке жауап беруге үйрету.

Сандықта бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі «құсқанаты» деп аталады.


Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. салыстыру, түстерін атайды. Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар. Балалар атауларын атап қайталайды. (екі рет ойнатуға болады.)

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

  • Мен ою салып жатырмын.

  • балалар педагог бағыт беруімен жұмысты бастайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Жұмыстарын аяқтаған балалардың дәптерлерін топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды, педагог балаларды тыңдайды, олар өз- өздеріне баға береді. Педагог балалардың суреттеріне талдау жасайды.

Қандай ою салып отырғандарын, оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақ оюларының суретін салуды..

Игереді: геометриялық фигуралар салуды, үзік сызықтарды қосу арқылы, нүктелеп белгілеу арқылы сурет салуды..

Меңгереді: геометриялық фигуралар салу арқылы ою - өрнектермен безендіру жолдарын.


Тексердім ________________________




© 2010-2022