Тақырыбы: Сырдың сұлу сарыны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сырдың сұлу сарыны

Айгерім Бостанқызымен кездесу.

Музыка жетекшісі: Ж. Саимбетова


















Өткізіліетін орны: №21 «Тоғжан» ясли -бақшасы

Жүргізуші: Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз

Қош келдіңіз көңіл күйге сеніңіз

Қош келдіңіз шыққан күнге өкінбей

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз- дей келе бүгінгі кездесуге қош келдіңіздер. «Тәрбие тал бесіктен басталады»- демей ме атам қазақ. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ.

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы , көз қуанышы - бала . бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі өте зор. Сондықтанда балалар жәй әндерді тыңдап қан қоймай , жырау - жыршылардың шығармаларын тыңдауы керек-ақ. Сондай мақсатпен бүгінгі тәрбие сағатымызды жергілікті жырау Айгерім Бостанқызын қонаққа шәкірттерімен шақырған болатынбыз. «Сұлу сырдың сарыны»атты Айгерім Бостанқызымен кездесуді ашық деп жариялаймын.

Нұрсейіт: Ақ тілекті ақтарамыз жүректен

Қуанышқа көңіл шіркін , дір еткен

«Тоғжан» балабақшасынан

Өзіңізге үн қосамыз тілекпен

Мағжан: Намысты боп қазақтың әр баласы,

Өссе дейді ерте оянып санасы

Барлығына қамқоршы боп жүрерсіз

Айкерім апай - жыраулықтың данасы.

Аида: Қарап жыры мәніне

Дүлділ ме деп қаласың

Құлақ түрсең әніне

Бұлбұл ма деп қаласың

Жазушы, ,ақын,әнші ме,

Айыр өзің арасын.

Жүргізуші: Коп рахмет. Олай болса Айкерім апайларыңмен өнер жолы туралы әңгімелесейік.\сұрақ- жауап\

Балалар Айгерім апайларың 1980жылы сыр бойында , Қармақшы ауданында дүниеге келген екен. Жастайынан жыр- толғаулар орындауы, өзінің өзі -ақ Жыраудың құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант , дарабоз дарын иесі екеніне дәлел.

Жыр,жырау түсініктеме беру.

Музыкалық дидактикалық ойын ойнау.

-Балалар сыр өңірінің жыраулық өнерін насихаттап жүрген айкерім Апайларың жөнінде теледидардан бейне баян көру арқылы бірге тамашалайық.\видео - ролик\

Айкерімнің фотостендісімен таныстырамын.

Қазақ халқы адамдардың аса қадірлеген , оларды қарапайым халқтан жоғары бағалаған халықпыз. Сіздің және шәкірттеріңіздің орындаған Шығармаларын осы кіп - кішкентай бүлдіршіндерге тыңдатуымыздың да сыры бар. Бүлдіршіндердің бойын осы бастан қазақтың жыр - термелерін тыңдатып қана біз нағыз қазақ бола аламыз деген ойдамын.

-Балалардың ән - жырлары.

-Бүлдіршіндеріміздің азғантай ғана өнерін тамашаладыңыздар. Қалай болғандада Айгерім секілді қазақтың қасиетті өнерінің мәңгіліктілігін өзінің орындап жүрген шығармаларымен дәлелдеп жүр. Мұны жас ұрпақ, өскелең өрендер білуі тиіс., құрмет тұтып , қадірлеуі керек. Сыр өңірінің жыр -термесі жөнінде айтар болсақ бүгінгі сағатымыз жеткіліксіз.Сода да лсабүлдіршіндер бойына қазақтың ұмыт болмауы керек дәстүрін жаңғыртқан сияқтымыз.

- Айкерім , шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін, ал сізге творчестволық шабыт тілейміз. Қош сау болыңыздар!


© 2010-2022