Тіл дамыту. Шұбар тауық ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту.Шұбар тауық ертегісі

Құзыреттілік:Қатынас.

Кіші сала:Тіл дамыту.

Тақырып:«Шұбар тауық» ертегісі.

Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:шұбар тауық, қауырсын, жұмыртқа, тышқан. Үш тілділік:«шұбар тауық»,тигр курица, tiger chicken.«қауырсын», перо, feather. « жұмыртқа», яйцо, egg.«тышқан», мышь, Core is not accessible. Көрнекті құралдар:демонстрациялық материал.(Ертегі кейіпкерлерінің суреттері), «Шөжелерім»әні жазылған үнтаспа.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Талаптандыру, дәлелдеу.

-Балалар, бүгін қандай күн?

-Күн ашық па?

-Жылдың қай мезгілі?т.б.

Шұбар тауық туралы өлең оқып береді.

Шұбар тауық мүлдем

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген

Балапаны қанша?

Балапанын тауық

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.

Сұрақтарға жауап береді.


Балалар өлеңнің мазмұнынан түсінгендерін айтып беруге тырысады.



Ұйымдастыру ізденіс.

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

-Балалар, сендер білесіңдер ме,

тауықтар қандай түсті болады?Ақ түсті, қызыл түсті, шұбар ала түсті тауықтар болады екен.Мен сендерге осы «Шұбар тауық» ертегсін әңгімелеп беремін.

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті.Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты.Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты.Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты.Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты.Атай мен әжей жылапты.Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:

Жыламашы, аташым!Мұңаймашы, әжешім!Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін, депті.


Балалар ертегіні тыңдайды.


-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аяғымның ұшына.

Бір!Екі!Бір!Екі!

-Иә, ұнады.

Қимылмен келтіріп жаттығуды орындайды.


Қорытынды.

Тәрбиеші жеке-жеке балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып,сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

-Балалар, ертегі кімдер туралы?

-Атай мен әжейдің қандай тауығы болыпты?

-Ол не тауыпты?

Жұмыртқа қандай болыпты?

-Жұмыртқаның түбіне жеткен не?

-Атай мен әжейді тауық не деп жұбатыпты?


-Атай мен әжей туралы.

-Шұбар тауығы.

-Алтын жұмыртқа.

-Қатты.

-Тышқан.

-«Жыламаңдар, мен сендерге алтын емес,қарапайым тамақ болатын жұмыртқа тауып беремін»,- деп жұбатыпты.

Күтетін нәтиже :

-ертегіні тыңдап, мазмұнын айту.

Түсінеді:

-«Шұбар тауық»ертегісінің мазмұнын.

Қолданады:

-Жаңа сөздерді сөйлемдер құрастыру үшін.


© 2010-2022