Ашық сабақ Үй құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық ойындар мен өнердің тәрбиелік сипаты

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңіл көтермейтін адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кіші де ойнап көңіл көтерді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмірді тамашалаудың көрінісі немесе өмірде сауық құрудың нышаны. Ойын- сауыққа үлкен-кішінің бәрі де әуес. Айтпағымыз, өмір кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмірін көз алдына елестете алмайсың.

Ойынның тарихы тереңде, көне дәуірден басталады. Оның қалыптасу кезеңдері мен тарихы өз алдына әнгіме. Ойын халықтың өмір сүрү салтынан, өмір сүру үшін күресінен туындаған қажеттіліктің бірі. Ойын-сауық еңбектің мазмұны мен құралына орай түрленген, жетілген. Қазақ - ойын-сауықшыл халық. Бүгінде қазақтың 100 ден аса ойын түрлері мәлім. Қазақ"баланы жастан" дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмысты ертерек және жас ерекшеліктеріне қарай жүргізуді пайымдайды.

Зер салып байқап отырсақ, ойын түрлері қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке тапқырлыққа, күштілікке, төзімділіккет.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

  • Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордадағы қасқыр.


  • Малға байланысты ойындар: алармен (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр теке, түйе мен бота.

  • Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш-аяқ, аққала, ақпа , ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгіртү, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

  • Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарсы, көкпар, көрші, күрес, қара мырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

  • Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сысыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.

1. Аңға байланысты ойындар:

Ақсерек-көксерек.

Аңшылар.

Аңшылар мен қояндар.

Қасқырқақпан

2. Малға байланысты ойындар:

Соқыртеке.

Түйе мен бота.

Түйе-түйе

3. Зеректікті, ептікті икемділікті қажет ететін ойындар:

Айгөлек.

Аударыспақ.

Көтермек.

Көкпар.

Жаяу жарыс.

Аламан бәйге.

Ақсандық, көксандық.

Ұшты-ұшты.

Итеріспек.

4.Соңғы кезде қалыптасқан ойындар:

Әріп таңдау.

Мейрамхана.

Нөмір.

Сымсыз телефон.

Сыңарын табу.

5. Түрлі заттармен ойналатын ойындар:

Ақсүйек.

Омпы

Асық.

Арқан тартыс.

Әуе таяқ.

Теңге алу.

Қыз қуу.

Сиқырлы таяқ.

Түйілген орамал.

Тақия тастамақ.




Ұлттық ойындардың шарттары:

1. Аңға байланысты ойындар:

"Ақсерек-көксерек" ойыны.

Ойынға қатысушы балалар теңдей екіге бөлініп алаңның екі шетіне қол ұстасып тұрады. Бірінші топ: "Ақсерек-көксерек, бізден сізге кім керек?" деп сұрайды. Екінші топ: "Ақсерек-көксерек, сізден бізге (Мирас) керек"деп жауап береді. Аты аталған бала қарсылас топтың балаларына жүгіріп барып қолдарын үзіп өту керек, егер қолдарын үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын осылайша жалғаса береді, қай топтың бала саны көп болса сол топ жеңіске жетеді.

"Аңшылар" ойыны.

Ойынға қатысушылар бұл жерде "аңшылар және қасқырлар" болып екі топқа бөлінеді. Қасқырлар шеңбер ішінен орын алады. Ал аңшылар сол шеңбердің сыртында болады. "Аң аулау" басталды деген белгі бойынша аңшылар қасқырларды доптарымен кезек-кезек атқылай бастайды. Тигізген әрбір добы үшін "аңшылар" бір ұпайға ие болады. Ал "қасқырлардың" бірі допты ұстап алған жағдайда "аңшылардың" ұпайлары күйіп кетеді. "Аңаулау бітті" деген белгі бойынша "аңшылар мен қасқырлар" орындарын алмастырады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

"Аңшылар мен қояндар" ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді, аңшылар және қояндар. "Қояндар"- дегенде балалар шығып қояндарша секіріп жүреді. "Аңшылар"-дегенде қояндар қашады. Аңшылардың қолы тиген балалар ойыннан шығып отырады. Осылайша қояндардың бәрі ойыннан шыққанша ойын жалғаса береді. Ойын соңында аңшылармен қояндар орындарын алмастырады.

"Қасқырқақпан" ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді үлкен тобы "Қақпан", кіші тобы "Қасқырлар". Ойынды тәрбиеші өзі басқарады. Басқарушының белгісі бойынша балалар: "Қасқыр түссе қораға,

Ұстамасқа бола ма?

Қол ұстасып тұрайық,

"Қасқырқақпан" құрайық.

Біздің қақпан болаттай,

Қасқырды тұр жолатпай.

Қасқыр-қасқыр келіп көр,

Қақпан-қақпан берік бол!"- деп қақпан бо- лып тұрған балалар бір-бірінің қолдарын жоғары көтереді. Ал, қасқырлар тобындағы балалар қақпанның астынан жүгіріп өтулері керек. Сол кезде жүргізушінің "а-ап"- деген белгісімен балалардың қолдары төмен түсіріледі. Қақпан ішінде қалған балалар "қақпан" тобына қосылады да, қасқырлар азая береді. Ойын соңында қақпанмен қасқырлар орындарын алмастырады.

2. Малға байланысты ойындар:

"Соқыр теке" ойыны. Балалар санамақ арқылы орталарынан "соқыр текені" таңдайды. Қалғандары шеңбер болып тұрады. Соқыр текенің көзі байланып шеңбердің ортасында тұрады. Балалар:

"Соқыр теке бақ-бақ,

Біз айтамыз тақпақ.

Мықты болсаң қанекей,

Бірімізді тап-тап"-деп ортада тұрған соқыр текені айналады. Соқыр теке: "Мен текемін бақ-бақ,

"Түйе мен бота" ойыны. Балалар шеңберлене тұрып орталарынан санамақ арқылы "түйе мен ботаны" сайлайды. Бота қоршаудың ішінде қалады, ал түйе қоршаудың сыртына шығарылады. Түйе ботаны тістемек болып шеңберді бұзып ішке кіруге ұмтылады. Шеңбер құрушы балалар үнемі қозғалыста болып түйені ішке кіргізбеуге тырысады. Осындай арпалыстың кезінде ақыры түйе шеңберді бұзып кірсе, балалар "шөк-шөк"-деп түйені шөгеріп ботаны құтқарып алады. Сосын жүргізушілер ауыстырылып ойын жалғаса береді.

"Түйе-түйе" ойыны. Балалар араларынан бір баланы "бастаушы", екінші баланы "ұстаушы" етіп сайлап алады да, бірінің артынан бірі ұстап тұрады, "ұстаушы" бала "бастаушыға" келіп:

"Қай жағың терең?

Қай жағың саяз?"-деп сұрайды.

"Бастаушы" оған: "Былай барсаң арбаң сынады,

Былай барсай өгізің өледі"-деп жауап береді. Бұдан соң "ұстаушы": алда тұрған бастаушыға ең соңғы баланы нұсқап: "анау түйенің жүгі ауып барады екен, түзетіп жіберейін"-деп ең артқы ойнаушыға қарай тура жүгіреді. Ал "бастаушы" арттағы балаларды қорғай білуі тиіс. Егер "ұстаушы" арттағы балаларды біртіндеп ұстап алса, онда ол жеңгенге есептеледі.

3. Зеректікті, ептікті икемділікті қажет ететін ойындар:

"Айгөлек" ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топтың ойыншылары бір-бірінен арасы 15-20 (он бес,жиырма) метрдей қашықтыққа орналасады. Әр топ өзіне "капитан" сайлап алады. Санамақ арқылы ойынды бастайтын топты анықтап алады. Бірінші топ капитаны:

"Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Қанжығадан қан керек,

Тебінгіден тер керек" деп бастайды.

Екінші топтың ойын бастаушысы:

"Айгөлек-ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Қанжығадан қан керек,

Тебінгіден тер керек

Сіздерге сонда кім керек? деп сұрайды.

Бірінші топтың капитаны: әлгі өлең шумағын қайтадан келіп, ең соңында "Бізге Данияр деген ер керек" деп бір баланың атын атап, шақырады. Мұнан кейін шақырылған бала ортаға шығып:

"Айгөлек-ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Сайысқанда саспайтын,

Самала күнге бастайтын,

Данияр деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам!деп түра жүгіріп келіп,

қарсы топты жарып өтуге тиіс. Бұл баланың күшіне, шапшаңдығына байланысты. Егер үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ендігі кезек екінші командаға беріледі. Осылайша бір жақта жағыз бала қалғанша ойнала береді.

"Аударыспақ" ойыны.

Аударыспақ ойынының ережесі бойынша атқа мінген сайысқа қатысушылар жекпе-жекке шығып бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аттан құлаған ойыншы ойыннан шығады.

"Көтермек" ойыны.

Ортаға екі бала шығып бір-бірлеріне арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысын бұрын екіншісін көтеріп алса сол бала ұтқан болып есептеледі.Жеңіске жеткен бала ортада қалып келесі баламен сайысқа түседі. Соңғы жеңімпаз анықталғанша ойын осылай жалғаса береді.

"Көкпар" ойыны.

Атқа мінген ойыншылар музыка ырғағымен шауып жүреді. Ортаға көкпар (лақ) тасталады. Музыка әуені тоқтағанда көкпаршылар жердегі лақты бірінші алуға тырысады. Жерде жатқан көкпарды (яғни, лақты) атқа мінген ойыншылар бірінші болып іліп алып қашады , ал қалған көкпаршылар қуып жетіп, тартып алуғаәрекеттенеді. Кім бұрын көкпарды белгіленген жерге әкелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзіне қалдырады.

" Жаяу жарыс" ойыны.

Екі ойыншы бір-біріне арқасымен тұрады. Иықтарына жіп іліп оны қолтық астына өткізіп жіберуі тиіс. Жіптің шеті байланған, ортасынан түйілген. Белгі берілісімен ойыншылар бір-бірін бір мезгілде өз бағыттарына қарай тарта бастайды. Күші басым ойыншы әлсіз қарсыласын өзіне тарта бастайды. Белгіленген межеден өткізіп тартып алса сол ойын жеңімпазы.

"Аламан бәйге"ойыны.

Атқа мінген ойынға қатысушылар 20-25метрлік қашықтыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Осы кедергілерден өтіп бірінші келген шабандоз жеңімпаз атанады.

Ұшты-ұшты.

Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады.

-ұшты, ұшты-қарға ұшты! (ұшады).

-ұшты, ұшты-балға ұшты! (ұшпайды).

-ұшты, ұшты-тырна ұшты! (ұшады).

-ұшты, ұшты-тырма ұшты! (ұшпайды).

Жаңылысып қалған балалар ойыннан шығарылып отырады.

"Итеріспек" ойыны.

Күш сынасу ойыны. Үлкен, кең шеңбер сызылады. Шеңбер неғұрлым кең болса, ойын қызығы арта түседі. Басты ойыншы ортадағы қарсыластарын шеңберден итеріп шығаруы қажет. Кімнің күші басым сол жеңімпаз. Итеріспек бір аяқта тұрып күш сынасатын ойын, екінші аяғың жерге тиіп кетсе, жеңілгенің.

4.Соңғы кезде қалыптасқан ойындар:

Әріп таңдау.

Мейрамхана.

Нөмір.

Сымсыз телефон.

Сыңарын табу.

5. Түрлі заттармен ойналатын ойындар:

"Ақсүйек" ойыны.

Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгіленіп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да сүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күйіп, әбден ағарған болуға тиіс.

"Омпы" ойыны.

Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса береді. Ара қашықтығы 10-20 адыс жерге екі көмбе сызылады. Әр көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойынша екі асықтан тігіледі. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызылады.Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарындағы сақаларымен көнге тігілген асықтарды атып түсірулері керек. Атып алған асықтарды атып алған ойыншы өзіне алады. Егер омпыға тисе, онда көндегі барлық асықтарды жеңіп алады. Неғұрлым көп асық ұтып алған ойыншы жеңіске жетеді.

"Асық" ойыны.

"Арқан тартыс" ойыны.

Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде,

екіншісі қыста үстінде ойналады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушылар екі топқа өлініп бір-бірінің артына сапқа тұрады. Ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қай топ өзіне қарай арқанды тартып кетсе сол топ жеңіске жетеді.

"Әуе таяқ" ойыны

"Теңге алу" ойыны.

Атқа мінген ойыншы шауып келе жатып жерде жатқан теңгені алып өтуі керек. Егер де ала алмай қалса ол ойыншы айыпты болып, айыбын өлең немесе тақпақпен айыптайды.

"Қыз қуу" ойыны.

Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл- жігіттің жеңгені. Ал егерде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда қыз жігітті қамшының астына салып керісінше қуады. Бұл- қыздың жеңгені болып есептеледі.




"Түйілген орамал" ойыны.

Алдымен кез-келген орамалды түйіп доп тәріздес етіп алу керек.

Бір бала ортада тұрады, ал оны қалған бала қоршап тұрады. Сыртта тұрған тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды қолдарынан алып қоюға тырысады. Ал, қоршап тұрған балалар допты бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген допты бермеуге тырысады. Ал, егер ортадағы балаға допты беріп қойса, онда ортадағы баламен орнын алмастырады.

"Тақия тастамақ" ойыны.

Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, бір ойыншының артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетіп алу керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.








© 2010-2022