Технологиялық карта. Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар. Тура және кері санау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар. Тура және кері санау.

Мақсаты:

а) 5-ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру;

ә) геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;

б) реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларға пойызға мініп, саяхатқа аттануды ұсынады.

Балалар ойынға қатысып, пойызбен саяхатқа аттанады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паравозды «қосымша жолға» шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солдан оңға кері санайды.

Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасында деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды:

-Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер) қай вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б.

Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Тәрбиеші цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домино ойынындағы сияқты қимылдайды.

Вагондарды тура және кері қарай санайды. Оларды нөмірлейді. Вагонды санына қарай және өзге де белгілеріне қарай сипаттап, «Жасырынбақ» ойынын ойнайды. Жұптасып домино ойнайды (жеңілдетілген нұсқасы)

Вагондарды нөмірлейді. Вагондарды ретімен атап көрсетеді: бірінші вагон көк, екінші вагон ...

Рефлексиялық- түзетушілік

1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Содан соң балалар көздерін жұмып, тағы да солай санап шығуы тиіс. Педагог кейін оны тексереді. Сабақты қорытады. Балаларды мадақтайды.

Тура және кері санайды, содан соң көзін жұмып санайды. Сабақты қорытады және аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-ден 5-ке дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық есептеуді;

игереді: 1-5 цифрларының жазылуын, санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынбайтыны туралы, санау тәртібі туралы түсінікті: санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын;

м еңгереді: 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге тура және кері санауды, солдан оңға, оңнан солға қарай реттік санауды.



© 2010-2022