Доклад по теме: «Өзін-өзі басқару-мектепке дейінгі білім беру менеджерін даярлау құралы іспеттес»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі басқару- мектепке дейінгі білім беру менеджерін даярлау құралы іспеттес»

Қостанай педагогика колледжінің мектепке дейінгі педагогика пәні оқытушысы:Абдиханова Күнжанат Оразқызы



Түйін сөз

өзін-өзі басқару, өз бетінше, іс-әрекет,мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бағыт-бағдар.

ключевое слово

самоупровление, самостоятельно, деятельность, дошкольное воспитание и обучение, направление.

keyword

self-government,independently, activity ,pre-school education and training,direction.

Доклад по теме:«Өзін-өзі басқару- мектепке дейінгі білім беру менеджерін даярлау құралы іспеттес»

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан.Адамның жеке басының әлеуметтік қасиеті,оның өмірге деген құштырлығы мамандық білгірлігіне байланысты болмақ.. [2] Біздің еліміз дамудың жаңа этапынан өтіп жатыр. Зияткерлік капитал,адам еңбегі,жаңа инновациялық ойлау Қазақстанның басты құндылығы болып саналмақ.Мектепке дейінгі балалық шақ адам өмірінің елеулі кезеңі.Сондықтан да, мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік басты саясаттағы бағыттарының бірі. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі білім беру саласында көптеген төмендегідей өзгерістер болып жатыр: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа түрлері ,заң базалары құрылуда.[1]Педагогикалық процес бала мен ата-ана сұранысын ескеруге бағытталуда. Мектепке дейінгі білім берудің алдағы дамуы мектепке дейінгі мекеме мамандарының кәсіби біліктілігінде болмақ.Білім беруді жаңарту болашақ мамандарды даярлау үрдісіне жаңа көзқараспен қарауға итермелейді.Бүгінгі педагогтарды тұлғалық қалыптастыру жолдарының көкейтесті мәселелерін шешу үшін, колледж өмірін демократияландыруға көңіл бөлген жөн.[5] «Қай жерде қоғамдық өмір бар.Сол жерде өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен қажеттілігі туындайды. Қай жерде ол жоқ,өзін-өзі басқару ойынға айналмақ» (С.И.Гессен). Ойшылдар пікіріне тоқталып өзімнің тәжірибеме көз салсам,бірнеше осы тақырыпта қалам тартқандардың тұжырымдамаларына тоқталсақ;

Студенттердің өзін-өзі басқаруы мәселесіндегі тың тәсілдердің бірі төмендегідей педагогикалық түсініктерінде болып табылмақ:

  • студенттердің өзін-өзі басқару нұсқауды -орындаушылар пирамидасының бір бөлшегі емес,қарым-қатынас еркіндігін жеке тәжірибелеріне жинақтаушылар.

  • өзін-өзі басқару-студенттердің арнайы іс-әрекеті емес,бірлескен,өз бетінше студенттердің өмірлік іс-әрекеті.

  • Әлеуметтік ортадағы еркін қарым-қатынастар динамикасын қамтамасыз етеді. Азаматтық және тұлғалық шынайы мүмкіндіктерін өз беттерінше анықтай алады.

  • Өз-өзін басқаруы-оқушылардың ұжымдық,шығармашылық нақты істерін жүзеге асыруға даярлайды.

Колледжаралық өзін-өзі басқару жүйесінің пайда болуы-ұзақ та, күрделі оқытушылар мен студенттердің бірлескен жұмысы,Студенттердің өзін-өзі басқаруын қағаз жүзінде іске асыру мүмкін емес.Оны іс-әрекет процесінде ғана «өсіруге» болады.

Кез-келген топта өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру үшін,студенттердің қызуғышылығын,қажеттілігін, жүріс-тұрыс түрткісін білген жөн.Бұндай тәсіл колледжде студенттердің белсенділігін қалыптастырады.Бұндай жағдайда әрбір студент әр түрлі іс-әрекет барысында өздерінің мүмкіншіліктерін байқап көреді.

студенттердің өзін-өзі басқаруы оқытушылар мен оқушылар арасындағы қатып қалған ескі заңдылықтарды бұзады.Өз бетінше іс-әрекет -студенттердің өздерімен бетпе -бет келуі болып табылады.[5]

Студенттердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға дайындықтың басты факторы-ұйымдастырушылық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Өзін-өзі басқарудың мақсаты-басқарудың әлеуметтік дағдыларын дамыту,шығармашылық,кәсіби,ұйымдастырушылық шеберліктерін ,өз бетінше өсу жағдайларын туғызу, студенттердің академиялық құқықтарын жүзеге асыру;

Өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыру жағдайлары:

  • психологиялық ахуал;

  • оқу процесін белсенді ету және оқу мазмұнын жетілдіру;

  • басқарудың формальды және формальды емес құрылымы қайшылықтарын жою;

  • жеке даму,шығармашылық дамытуларын, студенттерді құрметтеу ахуалын туғызу;

  • білім беру процесінің кері байланыс қызметін жасау;

  • алдарына қойған міндеттерін есепке алу;

  • әлеуметтік басқару барысында түзету жұмыстарын меңгеру.

Студенттердің өзін-өзі басқару механизмі:

-нақты мәселені түсінуі;

-белсенді топты қалыптастыру;

-құрылған жобаны жүзеге асыру;

-жобаны жүзеге асыру,қорытынды жасау,

Бұл дайындықта басты үш құрылым компененттерін атауға болады:

1-компонент-ақпараттық

Студенттердің ұйымдастырушылық міндеттерін шешу үшін, әр түрлі формада ақпараттандарыу қажет.Студенттердің ұйымдастырушылық қызметін меңгеруі үшін факультатив курстардың,пәнаралық байланыстардың,сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

2-компонент-опрациялық

Басқару жағдаяттарын моделдеу тәжірибе барысында басқарушылық қабілеттерін пайдалану.Бұл әр түрлі ҰОӘ талдау барыстарында жүзеге аспақ.

3-компонент-тәжірибелік.

Тәжірибе барысында өз беттерінше әр түрлі іс-әрекеттер барысында жүзеге асырады. Студенттердің өзін-өзі басқару үрдісін педагогика пәні сабағын оқыту барысында әр топ ерекшелігін қарастырамын. Мысалы: «1-күн жартысынағы режимдік үрдістер» тақырыбын өткен кезде топты шағын топтарға бөліп тапсырма беремін.

Ұсынылатын тапсырмалар:

1-топ. Таңертеңгі қабылдау кезіндегі ойындар жазбасын құру

2-топ.Ұ.О.Қ арасындағы ойындар жазбасын құру

3-топ.Серуен кезіндегі ойындар жазбасын құру

Топ жетекшілері баяндайды. Келесі тақырып 3 курста оқылады. Бұл үшінші курс студенттері үшін жеңіл тақырып. Сондықтан тағы да, шағын топтарға бөлемін;

Ұсынылатын тапсырмалар:

1-топ:

Ойынның өзіндік ерекшеліктері,ойын-балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы (жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.Топ өздерінің осы тақырып бойынша тұсаукесерлерін жасайды.Өз пікірлерін ғылыми тұрғыда қорғауға тырысады.

2-топ

Балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның рөлі.

жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.

3-топ

Мектеп жасына дейінгі балалаар ойынының түрлері.

жеке ойлану, жұппен талдау, ауызша сипаттау)модель құру.

Топ жетекшілері баяндайды.

1-топ. Ойыншықтың шығу тарихы.оның бала өміріндегі мәні. (баяндама оқу)

2-топ. Ойыншықтардың жіктелуі (сызба жасау)

3-топ. Ойыншықтарға қойылатын талаптар. Әр топтарға ойыншық таңдау. (тәжірибе түрінде көрсету)

Бұндай тапсырмалар топ жетекшілерінің шағын топ мүмкіншілігін ескере отырып,үй тапсырмасын орындауға жағдай жасайды. Бұндай тапсырмаларды 1-курстан бастап беруге болады. Шағын топты бастапқы кезде оқытушы өзі бөліп, топ жетекшісін тағайындайды. Студенттер бұндай жұмыс түріне үйренген соң өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру керек. Бірақ үнемі өзін-өзі басқарудың осын түріне көп уақыт бөлуге болмайды. Бұндай жұмыстар студенттердің салғырттық танытып, өзгеге арқа сүйеп кетуі тәріздес әрекеттерінің оқытушы алдын-алып отыруы өте қажет.Сонымен ойымызды қорытындылай келе, болашақ тәрбиеші өзінің кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып, өзінің мектепке дейінгі білім беру тәрбие үрдісінің менджері екеніні есте ұстаған жөн. Бүгінгі студент ертеңгі маман олай болса, өскелең ұрпақты даярлау барысында студенттердің тың шешім қабылдай алуларына жол ашудың бірі-өзін-өзі басқару. Өзін-өзі басқару- сапалы білім беру көзі.Студенттердің өзін-өзі басқаруы өз бетінше шешім қабылдай білуге,кез-келген жұмысқа жауапкершілікпен қарауға,кәсіби шеберліктерін ұштайды.Білім жүйесіндегі жаңа бағыт-бағдар өзгеруі басқарудың сын-тәжірибемсінен өткен жас мамандардың замануи талаптарға жауап беретін мектепке дейінгі ұйымдардың менджері болуға жағдай жасайды.[3]

Әлемдегі болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне өз әсерін, ықпалын тигізіп отыр.Сондықтан орта білім беретін оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеледі.Жастарға ғылым жетістікретін терең меңгеріп, өз мамандығын игере алатындай тәрбиелеу, оқыту біздің басты парызымыз болып қала бермек.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Жұмабекова Ф. «Мектепке дейінгі педагогика» [мәтін] 40-45 бет Астана-2008

  2. Трошихин В.В.Политическая развитие личности [мәтін] -Алматы Наука.1990-158бет.

  3. Абсаттаров Р.Б., Байлярова Б.К. Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе-[мәтін] Алма-Ата КазГУ. 1989-32-33бет

  1. Белоус О.Н., Ахметов К.Г. Формирование политической культуры у студенческой молодежи. [мәтін] -Алма-Ата-1987-37-38бет.

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-Астана: Елорда [мәтін] 2005-47бет.

Түйін

Бұл мақалада мектепке дейінгі мамандық студенттеріне педагогика пәнін оқыту үрдісінде өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру-болашақ тың пікір,шешім қабылдайтын, кәсіби білікті заманауи мамандар даярлайтын мектепке дейінгі ұйымдардың менджері болуға жағдай жасайтыны туралы айтылған.

РЕЗЮМЕ

В этой статье говорится о том какие условия необходимо создать в процессе обучения студентов специальности «Дошкольное воспитание и обучение» для развития навыков самоуправления, качеств будущего менеджера современной дошкольной организации.



RESUME

The author gives information about what conditions it is necessary to create in educational process of student of speciality "Preschool education" for modern preschool organization.



© 2010-2022