Ашық сабақ «Ж» дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ж» дыбысы және әрпі.

Білім саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі: Сауат ашу

Мақсаты: «Ж» дыбысының айтылу, дыбысталу, артикуляциясымен таныстыру.

Өтілген дыбыстарды қайталату. «Ж» дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сүрет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыр. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, сүреттер, гүлдер, алма ағашы.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, жұмбақ шешу, ойын, графикалық әдіс, музыка терапиясы.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы



Іздену - ұйымдастыру







































Жетекші жөндеуші

Шаттық шеңбері.

Апайлар, бүгін атты күн!

Шашып бірге шапағын,

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанышты күг бүгін,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

  • Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық. Балалар дыбыспен әріптің қандай айырмашылығы бар.

  • Біз дыбысты не істеймыз?



  • Ал әріпті ше?

  • «Гүл жинау» дидактикалық ойыны.

  • Мына алма ағашында гүлдер ашып тұр екен әр гүлдің артында дыбыс таңбасы әріп жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, шапағалақ ұру әдісі арқылы буынға бөлеміз. Мына үлкен себетке гүлдерді жинаймыз.

Жұмбақ шешу.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

Күндіз тіпті ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды.

Төбеден төнеді,

Тамшысын төгеді



  • Осы барлық сөздер қандай дыбыстар басталады?

Тіл ұстарту жаттығуы

Жа - жа - жа

Менің атым - Қожа

Балалар бүгінгі жаңа оқу іс - әрекетіміздің тақ: Ж дыбысы және әрпі. Дауыссыз дыбыс. Кедергіге ұшырайды, көктеншемен білгіленген.



  • Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы және әрпі.

Балалар бәріміз Ж дыбысын хормен айтайықшы Ж дыбысы дауыссыз дыбыс. Себебі кедергіге ұшырайды, көк текшемен білгіленген.

Ойын: «Сөз ойла көп ойла, тез ойла».

Ойын шарты: Ж дыбысынан басталатын сөздерді табу

Ж әрпінің жазылуын үйрету.

Ауада жазу.

Ж әрпінің үстінен саусақпен басып жазу.

Дәптерге жазу.

Сергіту сәті:

Жаза жаза жазуды,

Талып кетті қолымыз.

Жақсы жазып жазуды,

Бес аламыз бәріміз.

Сүрет арқылы баланың ой өрісін өрбіту.

Ойын: Кім жылдам.

Қорапшада әр - түрлі сүреттер салынған. Осы сүреттердің ішінен - Ж- дыбысы бар сүреттерді тауып, атын атау.

Ой қозғау.

Балалар бүгін біз қандай әріппен таныстық?

«Ж» дыбысы қандай дыбыс?

«Ж» дыбысы бар сөздерді қайталату.



  • Өте жақсы балалар олай болса, «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтып осы әнмен іс - әрекетті аяқтау.

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.





Біз дыбысты естимыз, тыңдаймыз, айтамыз.

Ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.



Балалар дыбыс таңбасына байланысты сөз айтып, гүлдерді себетке салады.



  • Жұлдыз



  • Жұмыртқа



  • Жапалақ



  • Жаңбыр



  • «Ж» дыбысынан









Ж дыбысын хормен айтады.



Ж дыбысынан басталатын сөздерді айтады.



Өлеңді қимыл қозғалыспен айтады.



Ойынды қызығушылықпен ойнайды.



  • Ж әрпімен



  • Дауыссыз дыбыс

  • Ж -дыбысы бар сөздерді қайталайды.

Балалар әнді хормен айтады.



Күтілген нәтиже:

«Ж» дыбысының кіші және бас әріпінің таңбасымен танысты.

«Ж» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін білді.

Балаларды көркем жазуға баулу.

© 2010-2022